Кешенді техниканың құдіреті
Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясында вагон дөңгелегінің қызуын анықтайтын көпфунционалды техникалық құралдар кешенінің енгізілгеніне де он жылға жуықтады. Содан бері байланысшылар осы кешенді техниканың құдіретін көріп келеді.
Жалпы КТСМ деп аталатын құрылғы әр 25-35 км қашықтықта орналасқан. Байланыс саласындағы №717 нұсқаулық талабына сай ел ішінде қатынайтын және транзиттік пойыздардың температуралық көрсетікіші екі бөлек. Яғни, белгіленген шақырымына қарай бір күйге келтіреді. Түлкібаста барлық пойыз техникалық қызмет көрсету пунктіне тоқтаса, транзитті пойыздар Арысқа барғанда бір-ақ аялдайды.
– Көпфунционалды техникалық құралдар кешенінің екінші түрі 2011 жылы келді. 2017 жылы қойылған КТСМ 02 түрі бұрынғыға қарағанда өзгерек. Оны шығаратын зауыт бір кемшілігі дәлелденсе, келесі жолы соған сай өзгеріс енгізіп, жаңасын жасауда. Жүріп бара жатқан құрам КТСМ тұрған аумаққа 25 метр қалғанда рельс тізбегі құрылғыны іске қосады. Сосын вагон дөңгелегін таспаға алатын оптикалық құрылғылар жұмысын бастайды. Ал кеңседегі монитордан қай вагонның дөңгелегі қанша градусқа қызғаны көрсетіліп тұрады. Дөңгелектен бір зат сүйретіліп келе жатса, немесе тежегіштері қысқанда дабыл дыбысын береді. Дабылдың үш түрі бар.«0» түрі – диагностика, «1» – апаттың алдында, «2» – апаттық кез. Бұрынғы ПОНАБ құрылғысы вагон дөңгелегінің қызуын тек деңгеймен көрсететін. Ал КТСМ қызудың градусын анықтайды. Жаңа техника болғасын, жұмыс бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдеген, – дейді аға электр механик Дінмұхаммед Әсілов.
КТСМ өндіріске келгелі он жыл ғана өткендіктен әзірге жаңа болып саналады. Әр он жылдан кейін жағдайы комиссиялық тексеруден өткен соң, әрі қарай қанша уақыт жұмыс істейтіні белгілі болмақ.
– Бұл құрылғымен жұмыс істеудің бір тиімділігі – республика бойынша әр тараптан қанша пойыз өткенін Астанадағы басшылық орталықтандырылған бақылау жүйесі арқылы монитордан көріп отырады. Мәселен, Жамбылдан шыққан пойыздың Қызылордаға қалай жеткені сияқты. Егер бізге келгенде пойыздың дөңгелегінде ақау болса, оның қай бекеттен бастап қызғанын ортақ желіге қарап білеміз. Осылай қауіпсіздіктің алдын алуға көмектеседі, – дейді аға электр-механик.
Өткен жылы Шымкент дистанциясына қарасты аумақтан 198507 пойыз өтіп, соның ішінде 112 рет бірді-екілі вагон дөңгелегі қызғаны үшін тоқтатылған. Тежегіштің қысып жібермеуі 86 рет тіркелген. Әсіресе, мұндай жағдай Түлкібас пен Састөбеде жиі қайталанады екен. Себебі, Жамбыл облысынан биіктен сайға түсіп келе жатқанда вагон дөңгелектері қызып келеді. Ол жер бұдырына байланысты болғандықтан, бұл аралықта вагон дөңгелегінің қызуын тексермеу туралы шешім қабылданған. Сондықтан келесі құрылғы пойыздар жазыққа түсіп, бір қалыпқа келгенде тексереді.
Аталған техникамен жұмыс істеуді үйрену үшін мамандар Ақтөбе жол техникалық мектебінде оқытылған. Одан бөлек КТСМ құрылғысын шығаратын зауыттың өзінде жыл сайын екі электр механикті Алматы мен Астанаға шақырып, құрылғымен жұмыс істеуді үйретеді. Былтырдан бері «КТСМ 03» түрі шығуда. Ол әзірге тек Ресейде қолданылуда екен. Аға электр механиктің айтуынша, оның қызметі бүгінгі қолданыстағыдан да бір саты жоғары көрінеді.
– Мысалы, КТСМ қондырғысындағы жылуды анықтайтын оптикалардың қызмет көрсету уақыты 3 жылға берілген. Күн ыстықта оның қызмет көрсету уақыты аз. Салқын ауа райында 4-5 жылға ұзаруы мүмкін. Сосын жаңасымен ауысады. Ал соңғы «КТСМ 03» құрылғысына қызмет көрсетпесе де болады. Тек аптасына екі рет тексерсе жеткілікті. Сосын «КТСМ 02» құрылғысы секілді онда бөлмеге арнайы қойылған аппарат жоқ. Ал ескісінде ені мен көлемі бірдей екі метр болатын белгі беретін шкаф бар.Әр бекетте екі механик шкафты кестеге сай он күн мен бір айдың ішінде ашып көріп, тазалап кетеді. Егер аяқ астынан белгі болса, ол диспетчерге, вагон операторына түседі, – деп түсіндірген аға электр-механик осындай құдіреті күшті техниканың жаңа үлгісі өндіріске қосылатын күнді асыға күтіп жүргендерін жеткізді.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды