Түлкібас – оңтүстіктің жер жәннаты
Жолаушылар тасымалы
19.06.2018, 14:17
Көктемгі комиссиялық тексерудің қорытындысында бөлімше директоры Ермекбай Ерманов Түлкібас бекетінің жұмысына көңілі толатынын айтқан-ды. Станция бастығы өзі шеше алмаған күрмеулі мәселені бөлімше бастығына хабарласып ақылдасып, шешімін табатынын көпке мысал еткен.
Жалпы Түлкібас – табиғаты өте көркем, қойнауы жеміс-жидекке толы, ауасы таза, курортты аймақ. Қазақстан ғана емес, берісі Ресей, арысы шет елдерге кетіп жатқан атақты «Түлкібастың алмасын» кім білмейді?! Станция бастығы Нематулла Ергешбекұлы 1989 жылдан бері станция бастығының орынбасары болғандықтан, бұл бекеттің жұмысын бес саусағындай біледі. 2017 жылдың ақпанынан басшылыққа келген. Ал, жалпы теміржолдағы еңбек өтілі 38 жылды құрайды. Үш жылдан кейін зейнетке шығады. Соған дейін қолы тиген жердің бәрін көгертіп, кейінгілерден сөз естімей кетсек дейді. Түлкібастай жер жәннатында туып-өскенін мақтан тұтады.
Түлкібас таулы-қырлы жер болғандықтан, станциядағы пойыз өтетін бірінші жолдың жиегінде 250 метрдей терең сай бар екен, адамдар ол жерден өткенде пойыз келсе қаша алмайтын көрінеді. Сайға құлап түсуі мүмкін. Станция басшылығы тұрғындардың амандығы үшін қиыршық тас төгуді қолға алыпты. Күрделі жөндеуден соң жолдан шыққан ескі қиыршық тастарды төгіп, басқа да материалдарды пайдаланып, 250 метрдің жартысын тегістепті. Қанша ескертсе де халық сол биік жардан өтуін қоймайды екен. «Енді жол дистанциясының мамандарымен келісіп, қоршамасқа амал жоқ. Кәдімгі қоршау жасасақ, суық қолдылар тағы бұзып кетуі мүмкін. Шетінде тікенектері бар бір тонна сымды дайындадық. Эстетикалық келбетке сай келмесе де, солай жасауға тура келеді. Есесіне, ешкімге қауіп төнбейді», – дейді Нематулла Ергешбекұлы.
– Кейде теміржолда болған өндірістік жарақатты жасыратындар бар. Қайта оны дер кезінде айтып, қауіптің алдын алған, өзгелерге сақтық еткен пайдалы. Өндірістік жарақат орын алса, 20 минут ішінде басшылыққа хабарлау қажет. Бір бақытсыз жағдай мыңдаған адамға сабақ болады, – дейді ол.
Станцияда еңбек қорғау мәселесіне жіті көңіл бөлінген. Төрт пойыз құрастырушыға арнайы киініп-шешінетін орын, онда 200 литрлік ыстық су құрылғысы орнатылған. «Жүк тасымалы» АҚ басшылығы өндірісте киетін жұмыс киімінің сапалылығына мән бере бастағаны да көңілдерінен шығады. «20-25 жыл жұмыс істеп жүріп бірінші рет таза мақтадан тігілген киімдер алып жатырмын» деп қуанғандар болыпты. Аяқ киімі де сапалы деседі. Компьютерлер де жаңаруда. Жақында жаңа орындық, кітап сөресі, киім ілетін шкафтар келмек. Зиянды жұмыстағыларға уақытылы сүт берілуде.
Жақында арнайы «Құрмет тақтасын» жасатып, қабырғаға еңбекте озат, ұжымға сыйлы теміржолшылардың суретін іліп қойған. Бұл да болса үй мен жұмыстың арасындағы күйбең тірліктен шаршаған теміржолшының еңсесін көтерсе керек. Көктем шыққалы аулаға жаңадан ағаш отырғызып, гүл егіп, ғимарат ауласын әдемілеп қойған.
Қауіпсіздік мәселесі бойынша ай сайын екі рет айлық комиссиялық тексеру жүргізіледі. «Станция бастығының күні» осы төңіректегі теміржол мекемесі басшылары жиналып, ортақ мәселелерді талқылайды.
– Соңғы айларда 2-3 тәуліктен толаскез болып жатыр. Жаңадан шпалдар, брусь-білеулер ауыстырылуда. Ресейде бір пойыз тәулігіне 1500 сағат жүреді деседі. Ал бізде жолдың ескіруінен 900-1300 сағаттың арасында. Сондықтан, жол табанын кешенді түрде ауыстырып, сауықтырып жатқаны құптарлық, – дейді станция бастығы.
Станцияға күн сайын 6 вагон келіп, 5 вагон кетеді екен. Ай сайын 180 вагон жүк тиеліп, 250 вагон түсіріледі. Қазір бұрынғыдай жоспарлы емес, нарықтық экономика. Сондықтан, клинеттермен келісімге келіп, жүк тарту
қолға алынған. Бес айда Түлкібасқа Солтүстіктен 1500 вагон бидай келген. Ол ұнға айналып, 350 вагонға тиеліп жөнелтілген. 200 вагон әктас Алматы мен Қарағандыға жөнелтілген. 563 вагон қиыршық тас тиеліп, сұраныс бергендерге 400 вагон тас түсірілген. Басқа да түрлі заттар 150 вагонды құраған. Осыны станцияда еңбек ететін 44 теміржолшы атқаратынын мақтанышпен жеткізді Нематулла Тойшыбеков.
Станция бастығы әріптестерімен ай сайын жақын маңдағы үш мектепке барып, қауіпсіздік жайын сөз етуді әдетке айналдырған. Оқушылардың ойында қалуы үшін өткен жылы екі жасар сәбидің, одан соң құлаққап таққан қыздың, оны құтқарамын деп ұмтылған жас жігіттің өлімін айтып, ескертеді. «Балаға «сақ бол» деген жалаң сөз әсер ете бермейді, ол абайсыздықтың кесірінен қаншама адам теміржолда құрбан болғанын сезінуі тиіс» деп санайды тәжірибелі теміржолшы.
Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Түлкібас
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды