Нұрлы жол вокзалының кассирі күніне 100 шақты адамға қызмет көрсетеді

Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Барлық салада адами факторды онлайн қызметтер басқан дәуірде пойызға билетті де негізінен сайттар арқылы сатып алатын болдық. Ал бұл ретте билет кассиріне деген қажеттілік қандай деңгейде? Нұрлы жол вокзалындағы тәжірибелі билет кассирлерінің бірі – Гүлмира Салықова арқылы теміржолдағы осы саланың бір күндік жұмысымен таныстық.

Гүлмира «Нұрлы жол» вокзалындағы билет кассасында 10 жылдан бері еңбек етеді. Мұнда 17 кассир және 2 аға кассир бар. Олар күндізгі ауысымда 5, түнде 2 кассада жұмыс істейді. Бүгін ол күндізгі ауысымға түскендіктен таңертеңгі сағат 8-ден өте вокзалға жетті. Жұмыс киімін киіп, түнгі ауысымдағы әріптесінің есебін тексеріп, қабылдап алды. Тура 9.00-де вокзалдың 4-қабатындағы билет кассаларының біріне жайғасты.

– Кассаға күніне орташа есеппен 70-80 адам келсе, мереке күндері 100 адамнан асады. Олардың жартысы билет алуға, жартысы билетін қайтаруға келеді. Әрине, мұның бәрін онлайн жасауға да болады. Бірақ интернетті дұрыс қолдана білмейтін қарт адамдар немесе билет қайтаруда қиындықтар туындағандар кассаға келеді. Себебі әдетте пойыздың жүруіне бір тәуліктен аз уақыт қалғанда онлайн қызмет арқылы билет қайтарылмайды. Одан бөлек мүгедектер де жеңілдікпен билет алуға келеді, оларға 50 пайыз жеңілдік бар, сонымен қатар жақында шыққан «Жастар» жобасы арқылы 16-25 жас аралығындағы жастар да 25 пайыз жеңілдікпен билет алады. Жалпы көпшілік болғасын түрлі мінездегі адамдар бар, солардың бәрінің тілін тауып, қызмет көрсету үшін біздің жұмыста адамға ерекше шыдамдылық пен төзім және адамдардың жеке бас деректерін толтыруда сауаттылық пен мұқияттылық керек, – дейді билет кассирі.

Арасында жұмыс орнындағы арнайы бөлмеде түскі асын ішіп алған билет кассирі осылай кешкі 21.00-ге дейін 12 сағат тапжылмай халыққа қызмет көрсетеді. Екі жұмыс күнінен соң екі күн демалысы бар, әрі қарай түнгі ауысымды алмастырады. Жалпы жұмыс ауыр деуге келмес, себебі бұрынғы АСУ Экспресс жүйесінен бөлек қазір әлдеқайда жетілдірілген бағдарламамен жұмыс істейді. Түбіртек билеттерін жолаушы жоғалтып алғанның өзінде оның деректері базаға енгізілгендіктен, билетін қағазға шығармай-ақ вагонға емін-еркін жайғаса береді. Билет сату жүйесінде өзгерістер болғандықтан кассирлер үзілістен соң жұмысқа шыққанда 1 айдай жаңа бағдарламаға сай оқытылады. Екі баласы бар Гүлмира да декреттік демалыстан шыққанда арнайы оқыпты. Кейіпкеріміз – теміржолшылар әулетінен шыққан және тасымалды ұйымдастыру бойынша жоғары білім алған маман.

Сондықтан ол билет кассирінен басқа да жұмыстарда өзін сынап көруге дайын. Билет кассирінің жұмысына куә болып отырып, кассаның алды босай қоймағанын көріп, бұл бағыттағы жұмыс толық электрондық қызметке көшпей, әлі де біразға дейін нақты адамдармен жалғаса беретініне көз жеткіздік.

– Мереке кезінде билет тапшылығы жиі болады. Сол кезде «Күту парағы» көмекке келеді. Бұл қызметті де өз бетінше пайдалана алмайтындар көп. Осы жағынан халыққа көмегіміз қатты тиіп жатады, – дейді Гүлмира. Мұндағы билет кассирлерінің алды – зейнеткерлік жасқа жетіп жатса, кішілері кеше ғана отбасын құрып жатқан жас келіншектер екен. Гүлмираның арманы – жолаушыларға жайлы Тальго сынды жүрдек пойыздар көбейсе дейді. Ал оның билеті ертерек алса тіпті де қымбат емес, арзан, кәдімгі жай пойыздың бағасынан аспайды деп түсіндірді.

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл