Тальгода істейтін жігіттер Испанияға кетіп жатыр – теміржолшы

ҚТЖ келбеті
29.07.2023, 13:16
Оқуға 4 мин
Суреттер кейіпкердің жеке қорынан
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Соғыс кезінде алдымен темір жол көпірлерін қиратады, міне біз сондай кезде су бетіне жасанды көпір төсеп, пойыздардың үздіксіз жүруін қамтамасыз етуге дағдыландық. Бұл туралы Астана станциясындағы «Тұлпар-Тальго» вагондарына техникалық қызмет көрсету пунктінің механигі Аманқұл Жайханов тілдесу кезінде айтты.  

Ел экономикасының күре тамыры саналатын темір жол саласында қазір жүз мыңнан астам адам қызмет етіп жатыр. Олардың ішінде локомативті тізгіндейтін машинистер, жолаушыларға қызмет көрсететін жолсеріктер, жол бойындағы пойыздардың ақауын анықтайтын вагон қараушылар, жол төсеушілер, бұзылған пойыздарды жөндейтін механиктер, дистпечер мен басқа да сан қырлы маман иелері тер төгуде. Жұмысын адал атқарып жатқан сондай теміржолшылардың бірі Patentes Talgo мекемесінде техника бөлімінің механигі болып қызмет етіп жатқан Аманқұл Жайханов.

Понтонды теміржол көпірі  

Кейіпкеріміз темір жол саласындағы алғашқы қызметін әскерде жүргенде бастапты. Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Тұмалыкөл ауылында дүниеге келген ол 1989 жылы әскери борышын өтеу үшін Украинаның Львов қаласына аттанып, сол жерде теміржол әскеріне қабылданады. Әскерде жүріп соғыс кезінде қираған темір жолдарды қалпына келтіруді және су бетіне понтоннан көпір төсеуді меңгеріп шығады.

«Әскерде негізінен понтонды теміржол көпірін құрастырумен айналыстық. Бұл көпір судың бетінде қалқып тұрады, онымен пойыз алаңсыз жүріп өте береді. Сондай-ақ автокөліктер де жүре алады, алдында шағын бағдаршам орнатылады. Ол кезде соғыс болмаса да жаттығулар жиі болып тұратын, понтондарды су бетінде құрастырып дайындығымызды пысықтап отырдық. Понтонның бір бөлшегінің көлемі 9 метр, яғни әрқайсысын бір көлікке тиеп әкелетін. Мысалы, өзеннің ені 200 м болса, соған қайықпен алып келіп түгелдей құрастырып шығатынбыз», – деп еске алады теміржолшы.  

Бала кезден механикамен әуестенген Аманқұл Жайханов көп жыл мұнай кен орындарында механик-дизельші болып жұмыс істеген. Соңғы алты жылдан бері Patentes Talgo мекемесінде механик-дизельші болып жұмысын жалғастырып жатыр. Негізгі міндеті – еліміздегі Тальго пойыздарына сервистік қызмет көрсету. Пойыз келіп тоқтаған соң оның бұзылған жерін жөндеуге 6 сағат уақыт беріледі екен. Осы кезде әр маман өзінің саласы бойынша пойызды тексеріп, бұзылған жерін жөндейді.  

 

«Мен негізінен пойыздың дизельді жағын қараймын. Тоқ беру бөлігі мен есікке тоқ беретін компрессорларын тексеремін. Тальго пойызында барлығы автоматпен жұмыс істейді, тоқты да, ауаны да тепловоздан емес, әр вагон өзінен алады. Мәселен, әдетегі пойыздар әр станцияға тоқтаған сайын вагон қараушылар тексеріп отырады ғой, бізде олай емес. Екі механик пойызда болады, бұзылса солар жөндейді. Пойыз жүрісінде күмәнді ақаулар болса оның барлығын журналға жазып отырады, келген соң оны бізге тапсырады. Біз сол бойынша тексеріп шығамыз. Жалпы Испанияда жасалған бұл пойыздардың жүрісі жақсы, жылдам әрі солқылдамай жүреді. Испандықтардың айтуы бойынша, біздің жолдарда түйіспелер өте көп. Оны бітеп тастауға тағы келмейді, өйткені біздің климат өзгеше, жазда рельс созылып, қыста тартылып отырады. Әйтпесе бұл пойыздар қазіргіден де жоғары жылдамдықпен жүретін еді», – дейді  А. Жайханов.

Мықты мамандарды Испанияға алып кетіп жатыр

Тальго пойызына қызмет көрсететін мекемеде қазір испандық мамандар азайған, олардың орнын қолынан іс келетін қазақтың бесаспап жігіттері басқан. Тек басшылық қызметте бір ғана испандық қалыпты.

«Біздің қазақтың жігіттері техниканы жақсы меңгеріп алды, өзімізді қойып Испанияға дейін барып жұмыс істеп жатыр. Жұмысына тиянақты, адал қарайтын мамандарды испандықтар өздеріне жұмысқа шақыруда. Олар сол жақтағы Тальго пойыздарын жөндейді. Жақында тағы бір жас жігітті сол жаққа шақыртумен алып кетті. Айтуынша, ол жақта жалақы жоғары. Қазір біздегі инженер, механик, техниктердің барлығы өзіміздің қазақтар. Оған қоса біздегі дәнекерлеуші жігіттерді де Испанияға жұмысқа шақырады, оларға деген сұраныс жоғары екен», – дейді теміржолшы.

Аманқұл Рамазанұлы сөз арасында испандықтар біздің мамандардың еңбекқұмарлығы мен төзімділігіне сүйсініп, таңқалатынын жеткізді. Мәселен, бізде бұзылған пойызды жөндеуге 5-6 сағат уақыт береді екен, сол уақытта мамандар барын салып жөндеп шығады. Ал, Испанияда бұзылған пойыздың орнына резервте тұрғанын жіберіп, ақау шыққан пойызды асықпай бір күн бойы жөндейтін көрінеді. Сол себепті шетелдіктер біздің жігіттердің шапшаңдығы мен біліктілігіне тамасана қарайды.  

Теміржолшы бос уақытында әріптестерімен бірге футбол ойнап, спортпен шұғылданғанды жаны сүйеді. Ауылда жүргенде аңға шығып, қақпан құрумен айналысыпты.

Тоғыз жолдың торабында тұрған Шалқар станциясында өскендіктен жақындарының көбі осы теміржолда жұмыс істегенін айтады. Жездесі Шалқар станциясында өмір бойы машинист болыпты, биыл зейнетке шықпақ. Сондай-ақ туысқан ағаларының бірі Қандыағаш станциясында вагон қараушы болып істеп жатыр.  

Аманқұл жары Гүлімжан екеуі екі бала тәрбиелеп өсіріп, бүгінде бір немере сүйіп отырған жайы бар. Тұңғышы прокуратурада істесе, кенжесі жақында журналистика мамандығы бойынша оқуын тамамдапты. Балаларына қазақы тәрбие беріп, бойларына ізгілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіре білген әке олардың өмірде өз орнын тауып, мықты маман болып шығуын қалайды.

Кездесу соңында кейіпкеріміз еліміздегі барлық теміржолшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

«Теміржолда жұмыс істеп жатқан жандардың барлығына табыс тілеймін! Отбасылары аман болсын, жұмыста абройлы болып, еңбектірінің жемісін көре беруіне тілектеспін!», - деді ол.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды