«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – "Батыс" филиалының директоры Бөріхан Беркімбаев: Тағдырыма ризамын

ҚТЖ келбеті
12.02.2024, 12:48
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Саналы ғұмырын киелі кәсіпке сарп етіп,  тағдырын теміржолмен табыстырған ол бүкіл батыс жұртшылығына кеңінен танымал. Құрметті теміржолшы,  «Құрмет», «Еңбек даңқы» ордендерінің иегері, әр жылдары Атырау облысы Мақат және Жылой аудандарының, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының «Құрметті азаматы» атанған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – "Батыс" филиалының директоры Беркімбаев Бөріхан Сматуллаұлы 60 жасқа толып отыр. 

Батыс теміржолында бірнеше бөлімшеге басшылық етіп,  бірнеше тарихи жобаның ұйытқысы болған азаматтың «Ғасыр жобасы» атанған Хромтау – Алтынсарин темір жолының құрылысын ұйымдастырудағы, сонымен қатар тасымалдау процесін автоматтандырудағы алғашқы жоба «Пойыздар қозғалысын басқару орталығының» құрылуына тікелей атсалысқан ерен еңбегі теміржол тарихына алтын әріппен жазылмақ. 

«Өмірімнің темір жолда өткеніне бір күн де өкінбеймін. Тәртіпке бағынып, жауапкершілікті сезініп бой түзедік. Жұмыс оңай болған жұмыс жоқ. Еңбек жолымды институт бітірген соң пойыз құрастырушы болып бастап, қозғалыс саласындағы барлық сатыдан өткенше ондаған жылдар өтті. Ол кезде тәртіп солай болды, мейлі сен екі дипломды жоғары білімді маман бол, теміржолдағы жазылмаған заңдылық – жұмысты ең төменгі лаузымнан бастап, бәрінен өтуге тиіссің. Бұл жас маман үшін өте тиімді тәжірибе, үлкен бір мектеп болды. Мен мысалы, сол жылдар ішінде пойыз құрастырушы, дөңес кезекшісі, парк кезекшісі, станция кезекшісі, станса бастығының пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі көмекшісі, шұғыл жұмыс жөніндегі орынбасары, жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі орынбасары т.т. қызметтерді атқара жүріп, өндірісте үлкен тәжірибе жинадым.  Бұл менің кейінгі 20 жылдағы басшылық қызметімде көмек болды, бүкіл станциялар жұмысын, қозғалысын көрмесем де көз алдымнан өткізіп, біліп отырамын», – деп шешіліп әңгімеледі мерейтой иесі.   

Бөріхан Сматуллаұлы 1964 жылы 12 ақпанда Ақтөбе облысы Новоресей ауданында дүниеге келген.  1981 жылы орта мектепті бітіріп, Алматыдағы көлік инженерлері институтына түседі. Бес жыл оқып диплом алған соң  1986-1988 жылдар аралығында Отан алдындағы борышын өтеген. 

«Кез келген жұмыстың қызығы мен қиындығы қатар жүреді. Мен де дайын теміржолшы боп туған жоқпын, алдымдағы аға буыннан үйренгенім көп болды. Осы салада аянбай еңбек еткен, бүкіл батыс теміржолшыларының ұстазы болған Амангелді Селбайұлы, Кенжехан Үсембекұлы секілді ағалардан алған тәлім-тәрбием мол болды. Темірдей тәртіп, жауапкершілік, бірсөзділік – олардың ұстанымы еді, бізді де ең алдымен осы қасиеттерді сақтауға үйретті. Бүгінде мен де ізбасар буын тәрбиелейтін жасқа келдім. Шәкірттерімнен де талап етерім осы, сосын басыңды кесіп алам десе де өтірік айтпа деймін. Әсіресе, ер адамдар, қандай жағдайда да, азамат – азамат болып қалуы ең бірінші абырой»,- деп сыр ақтарды кейіпкеріміз.     

Он жылдай өндірісте еңбек етіп, басшылықтың сеніміне ие болған маманның карьерасы 90 жылдардың соңынан бастап көз ілеспес жылдамдықпен өсе берді...  Ақтөбе тасымалдау бөлімшесінің бас инженері, Жүк және коммерциялық жұмыс бас басқармасының Атырау аймақтық өкілдігінің бастығы, Атырау тасымалдау бөлімшесі директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған соң 2000-2005 жылдар аралығында Ақтөбе бөлімшесінің директоры болды.  Сосын бірнеше жыл  Атырау бөлімшесін басқарып,   қайтадан Ақтөбеге оралды.  Бүгінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» Батыс филиалының директоры.

“2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе теміржол бөлімшесі жүк тасымалының 16 көрсеткішін 100,5 пайызға орындады. Жүк тиеу жоспары 100,6 пайызға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда ілгерілеу бар. Жүк тиеу жұмыстарының 51,6 пайызы инертті жүк. Қиыршық тас, құм секілді құрылыс жүктері Мұғалжар Бершүгір, Кемпірсай стансаларынан тиеліп, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысы аумағына жеткізіледі. Күре жолдағы күрделі жөндеу жұмыстарына теміржол арқылы күні-түні жүктер жөнелтіліп жатыр. Ауқымды, әлеуметтік, экономикалық маңызы бар жұмыстардың бәрі темір жол саласымен тікелей байланысты”,- деді Бөріхан Беркімбаев. 

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласында ашылған пойыздар қозғалысын басқару орталығының іске қосылу жұмыстарына да кейіпкеріміздің үлесі мол. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары аумағынан өтетін пойыздардың қозғалысын реттеп отыратын орталық елімізде ең бірінші рет Ақтөбе қаласында жұмысын бастады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның цифрлы трансформация бағыты бойынша іске асырылған тұңғыш қанатқақты жобасы – Пойыздарды басқарудың өңірлік орталығы тұңғыш рет Ақтөбеде ашылды.  ПБӨО/РЦУП-1 болып тарихта қалған осы орталықтың жобасы мен алғаш құрылған, қалыптасқан кезеңі Бөріхан Сматуллаұлының көз алдында, тікелей ұйымдастыруымен өтті.   Бес облыстағы теміржол қозғалысын бір жерден басқару мүмкіндігіне қол жеткізу жобасы бір кездері қиял секілді көрінген. Бірақ, жоба толық жүзеге асырылып, бүгінде 3 өңірде орталықтар ашылып, тиімді жұмыс істеп жатыр. 

Ол құлазыған  иен даланы қақ жарып салынған Хромтау – Алтынсарин темір жол желісінің құрылысына бастан-аяқ қатысып, ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында болды.  Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігіндегі темір жол желісін толыққанды қалыптастыру миссиясына атсалысқан жүздеген теміржолшылар қатарында болғанын мақтаныш етеді.   

«Хромтау – Алтынсарин темір жолы құла дүзге жан бітіріп, жүздеген адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік берді. Ішкі тасымал жолының бірнеше есеге қысқарып, транзиттік мүмкіндіктің еселеп артуынан бөлек, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарынан ет, бидай, металл өнімдерінің мұнайлы өлкеге жеткізілуіне үлкен қолайлылық туды. Теміржолдың елге беріп жатқан берекеті мол, қазақ деген халықтың маңдайына біткен бағы бұл болат жолдар»,– дейді кейіпкеріміз.

Б.Беркімбаев  бірнеше шақырымда облыстық мәслихат депутаты болып сайланған теміржол тарланы. Ол аймақтағы қордаланған проблемалар мен  жергілікті халықтың әлеуметтік мәселелерінің оң шешілуіне қал-қадірінше атсалысып жүр. Тағы бір хоббиі – сонау студент кезден жақсы көретін сүйікті спортынан қол үзбей, 2009 жылдан бастап Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының Атырау филиалын басқарып, «Бейбарыс» хоккей командасын құрды.  Команда  бірнеше жыл ел чемпионатының алтын жүлдесіне ие болды.

Құрметті теміржолшы​ 2001 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне – 10 жыл», 2004 жылы «Қазақстан темір жолына - 100 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. 2005 және 2009 жылдары «Адал еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет грамотасын алды. 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне -  20 жыл», 2013 жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай «Құрмет» орденімен марапатталды. 2014 жылы «Қазақстан темір жолына 110 жыл», 2015 жылы «Қазақстан маслихатына - 20 жыл», 2020 жылы «Қазақстан маслихатына - 25 жыл» төсбелгілерін тағып, 2021 жылы «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды.  2019 және 2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын алды. 

Ел ағасы жасына жетіп отырған Бөріхан Сматуллаұлы жұбайымен екі ұлды тәрбиелеп өсіріп,  бала-келіні Талғат-Камила, Қанат-Алтынайдан Қайсар, Жәңгір, Мариям және София деген балдай тәтті немерлер сүйіп отыр. 

Тарлан теміржолшыны мерейтойымен құттықтауға асыққан бүкіл батыс жұртшылығының, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Орал және Қызылорда теміржолшыларының  ізгі тілегі мен құрметін жеткізе отырып, Бөріхан Сматуллаұлына деніңіз сау болып, жемісті еңбегіңіз жалғаса берсін дейміз. 

Жолаушылар тасымалы
06.01.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін электр пойыздарды тағайындады
Жаңалықтар
06.01.2026
ҚТЖ қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын жақсартуда
Әлемде
06.01.2026
Ресейдің Амур облысында жүк пойызының 35 вагоны рельстен шығып кетті
Қауіпсіздік
06.01.2026
Семейде сақтық шаралары күшейтілді
Жаңалықтар
06.01.2026
Теміржолшылар жайлы жаңа телехикая көрсетілімде
Әлемде
06.01.2026
Alstom Мексиканың жаңа теміржол дәліздері үшін 47 пойыз жеткізеді
Жаңалықтар
06.01.2026
ҚТЖ жол шаруашылығы паркі заманауи техникамен толықты
Жаңалықтар
05.01.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Еуразияның басты көлік хабына айналады
Жаңалықтар
05.01.2026
ҚТЖ мен ҚазМұнайГаз автоматтандырылған деректер алмасуға көшті
Жаңалықтар
05.01.2026
Биыл теміржол саласында қандай өзгерістер болады?
Инфрақұрылым
04.01.2026
Астана станциясында Кinetix вагондарды диагностикалаудың ақылды жүйесі сынақтан өтуде
Инфрақұрылым
03.01.2026
Солтүстік Қазақстан облысында үш вокзал қайта жаңартылуда
Жаңалықтар
31.12.2025
Елімізде теміржол вокзалдарын жаңарту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
31.12.2025
Жаңа жылдық мерекеде темір жол штаттық режимде жұмыс істейді
Жолаушылар тасымалы
30.12.2025
Қолайсыз ауа райы кезінде КТЖ электр пойыздарымен шамамен 320 жолаушы тасымалданды
Жаңалықтар
30.12.2025
Іс қағазды мемлекеттік тілде жүргізу жобасы жүзеге асырылуда
ҚТЖ келбеті
30.12.2025
Құрыш жолдың майталмандарына мемлекеттік наградалар табысталды
Жолаушылар тасымалы
30.12.2025
Ауа райының қолайсыздығынан жолда қалған жолаушылар үшін ҚТЖ 13 пойыз тағайындады
Жолаушылар тасымалы
30.12.2025
Олжас Бектенов пойыз жолаушылары үшін жағымды жаңалықты айтты
Жолаушылар тасымалы
30.12.2025
Аяз ата мен Ақшақар жас жолаушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады