Қаңтардың алғашқы он күнінде пойызды шұғыл тежеудің 20-дан астам фактісі тіркелді

Қауіпсіздік
11.01.2023, 17:11

Жыл басынан бері көліктегі ПД-да пойыздардың шұғыл тежелуінің 21 фактісін анықтады. Оның ішінде теміржол төсемінде жануарлардың болуына байланысты – 16, адамдардың болуына байланысты – 3, оның ішінде бір адам алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Rail-news.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады.

«Өкінішке қарай, барлық қабылданған іс-шараларға қарамастан, жыл сайын темір жолдарда және оған жақын орналасқан аумақтарда адамдар жарақат алып, тіпті оның соңы қайғылы жағдайға әкеп соғып жатады. Әдетте, бұл теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін елеп-ескермеуден, яғни азаматтардың арнайы өткелдерді, көпірлерді пайдаланғысы келмеуі, қауіпті аймақта құлаққап киіп жүруі, жол қысқартамыз деп пойыз вагондарының астынан өтуімен байланысты», – деді М.Айтуғанов.

5 қаңтарда Қызылорда облысының Шорнақ – Түркістан аралығында жүк пойызының машинисі теміржолда белгіленбеген жерден өтпекші болған адамды қағып кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді, алайда алған жарақаты салдарынан қайтыс болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады