Пойыздардың қозғалысына нұқсан келтіретін жайттар 11%-ға кеміген

Қауіпсіздік
31.01.2023, 09:10
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жылы пойыздар қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірген келеңсіз көрсеткіштер айтарлықтай кеміген. Яғни, былтыр мұндай оқиғалар саны 2021 жылмен салыстырғанда 11% азайған. Оған қауіпсіздіктің бұзылуын болдырмау шаралары үздіксіз жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілген.

– Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Компания қызметіндегі басымдыққа ие мәселе. Сол себепті біз қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты орган ретінде әртүрлі іс-шаралар, кездесулер өткізіп, тексерулер ұйымдастырып тұрамыз. Мәселен, өткен жылы ревизорлық аппарат қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты 10 мыңнан астам тексеріс өткіздік, нәтижесінде 100 мыңға жуық кемшілік анықтадық. Яғни, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның нормативті-құқықтық және локальді актілерінің талаптарына сәйкес келмейтіндіктен, инфрақұрылым құрылғыларын пайдалануға және жылжымалы құрамдардың жүруіне тыйым салған 9 мыңнан астам тыйым салу шаралары қабылданды, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов.  

Айталық, Маңғыстау, Шымкент, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау және Жамбыл бөлімшелерінің аймақтық және желілік кәсіпорындарда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын болдырмау үшін ревизия жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша бұзушылық фактілерінің алдын алуға негізделген түзету шаралары әзірленген.  

Сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін жақсарту мақсатында Магистральдық желі дирекциясы жетекшілері, Жолдарды диагностикалау орталығы қызметкерлері, қауіпсіздік ревизорларының қатысуымен түрлі іс-шаралар өткен. Соның бірі Тараз қаласында түйіспесіз жолдардың жағдайын бақылау жүйесін жетілдіру және ұсыныстарды дайындау мақсатында өткен «Түйіспесіз жолдар күтімінің ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-кеңес болса, енді бірі теміржол көлігіндегі цифрландыру және қауіпсіздік жөніндегі ІІ Еуразиялық форумның өтуіне белсенді қатысуы болатын. Бұл форумда көлік жүйесін жаңғырту, көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теміржол саласын, оның ішінде вагон шаруашылығын цифрлық трансформациялау сияқты ауқымды да маңызды мәселелер қозғалған болатын.

– Өткен жылы 2022-2024 жылдарға арналған ведомствоаралық Жол картасы қабылданды. Осыған орай Компания тарапынан Жол картасы шараларын іске асыру, қозғалыс қауіпсіздігі саласында нормативті-құқықтық актілерді жетілдіру мәселелері бойынша құқыққорғау және құзыретті органдармен өзара белсенді байланыс орнаған. Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының жұмысын тексеру, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілерін тексеру нәтижелері бойынша Қоғамның жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы жергілікті актілерін жетілдіруге қатысты тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар жарияланған 2022-2023 жылдарға арналған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәдениетін дамыту жылы» аясында адам факторының әсерінен жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзуды азайту бойынша шаралар қабылданып жатыр, – деп түйіндеді сөзін департамент басшысы.

 

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?