Вокзалда жолаушылардың жолын кес-кестеп такси, пәтер ұсынатындарға айыппұл салынады

Қауіпсіздік
07.02.2023, 10:03
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесі темір жол көлігінде қауіпсіздіктің сақталуына өз үлестерін қосып жүр. Аптаның бір күнін теміржол бойында жүретін жасөспірімдермен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арнайды.

Жолдан әрі-бері күнде өтетін олардың теміржол маңындағы жүріс-тұрысын бақылап, жолдан өту ережелерін ескертіп, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, бопсалау, күш көрсету және кешкі мезгілде көшеде жалғыз-жарым жүрмеулерін қадағалайтын тәртіп сақшыларына ата-аналар да алғыс айтады.  

Сонымен қатар пойыздан түскен жолаушыларға жөн-жосықсыз қызметін ұсынып, мазасын алатындармен де жұмыс жүргізеді. Такси қызметін ұсынатын немесе жалға пәтер беретін азаматтарға жолаушының жолын кес-кестеп мазасын алмай, заң аясында әрекет ету жолдарын түсіндіреді. Жолаушылар тарапынан шағымдану болса, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға тура келетіні ескертіледі. Осы баптың 1-тармағымен 5 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  

– Жылдық жоспарымызға сәйкес түрлі профилактикалық шаралар уақытымен жүзеге асырылуда. Жақында Бейнеу айналым депосының ұжымымен кездестік. Өйткені жолаушылар және жүк пойыздарындағы жедел тежеу фактілерінің жиілеп кетуі бәрімізді де алаңдатады. Жыл басынан бері мұндай екі дерек тіркелді. Сол секілді теміржолшылармен жол жиегіндегі қоршауларды қалпына келтіру жайын көтеріп, бұл іске теміржол бойына жақын орналасқан ауыл тұрғындарын да тарту сөз болды, – дейді Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Насыр Дербисалиев.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады