Жазатайым оқиғалар жиі тіркелетін өткелдердің мәселесі шешілмей тұр

Қауіпсіздік
16.02.2023, 09:44
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Соңғы кезде теміржол өткелдерінің дені күзетілмейді. Өйткені, тәулігіне 3000-нан төмен көлік өтетін теміржол өткелдері ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігінің Теміржол өткелдерін пайдалану ережесіне  түзетулер енгізуіне орай күзетілмейтін болды.  

Әрине күзетілмейтін өткелдердің бірқатарына бағдаршам мен шлагбаум қойылған. Алайда мұны ескеріп жатқан жүргізушілер жоқ. Соңғы алты жылда елімізде теміржолда адамдарды пойыз басып кетудің 728 фактісі тіркелгені жаға ұстатады. Оның 442 фактісі бойынша азаматтар оқиға орнында қаза тапса, 286 азамат түрлі жарақат алған. Соның ішінде бір ғана Тараз станциясы мен айналасы бойынша 41 факті тіркеліп, 24 азамат қайтыс болған, 17 азамат жарақаттанған. Жазатайым оқиғалар жиі орын алатын учаскелер – Құмшағал – Шөлдала, ОП 115-Түлкібас, Ақшолақ-Ақыртөбе телімдерінің арасы. Ал Шу станциясы бойынша алты жылда 17 оқиға тіркеліп, оның 15-і қайғылы оқиғамен аяқталған. Шу – Мойынты телімінде келеңсіз оқиға көп орын алатын учаскелер – Шу, Хантау және Сарышаған станциялары. Осы елді мекендер төңірегіндегі теміржол өткелдерінде жол-көлік апаты жиі орын алып, жергілікті әкімдіктер дабыл қағып, теміржол басшыларына хат жолдап отыр екен. Ал Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі мен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы бұл мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімдігі мен Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығына және облыс әкімдігінің автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасына хат жолдаған.    

Онда төмендегі жағдай баяндалған. Атап айтқанда, өткен жылдың 1 қарашасында Тараз-Шу телімінің бойында, Қорағаты – Тәтті станцияларының аралығында жол-көлік оқиғасы орын алып, 6 азамат қайтыс болды. Жеңіл көлік жүргізушісі №78 бағыттағы «Маңғыстау-Алматы» жолаушылар пойызын байқамаған. Бұл өткел кезекшісі, яғни күзетілмейтін өткел санатына кіргізілген. Сондай-ақ 3 қараша күні Тараз – Шу телімі бойындағы Түрксіб станциясында 9 оқиға орын алып, алты азамат қайтыс болған. Түрксіб станциясында төрт жеңіл көлік пен бір шағын автобустың шлагбаум мен бағдаршамның ескерту белгісіне қарамай өткені анықталған. Ақыртөбе – Малдыбай, Тәтті – Аспара телімінде де келеңсіз оқиғалар қайталанған.  

–  Біз облыс әкімшілігіне осы жайттарды баяндап, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өткелдерге жол белгілерін қою, «SERGEK» бейнебақылауын орнатуды сұрадық. Теміржол өткеліне жақындаған тұста жылдамдықты сағатына 40 км түсіру белгісін де орнату қажет. Сондай-ақ бізге хат жазған Т.Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылының әкімі станция бойындағы теміржол өткелінің күзетілетін санатқа енгізілуін сұрайды. Станциядағы теміржол өткелінен Құмарық-Ақыртөбе бағытындағы маңызды күрежол өтеді екен. Оларға бұл біздің құзыретімізде емес екенін айтып жауап бердік. Оның үстіне бізге жауап берген ОПД ішкі жолдар мен теміржол өткелдеріне жақын тұста сағатына 40 километр деген жол белгісін орналастыру аса қажет емес екендігін айтады. Ал басқарма өткелдерге «SERGEK» бейнебақылауын орнату тиімсіз екендігін алға тартуда, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Сұлтан Борамбаев.  

Сонда қалай, «сен салар да мен салармен» өткелдер мәселесін назардан тыс қалдырып, жыл сайын қайғылы оқиғалар қайталана бермек пе? Күзетілмейтін өткелдерге кім жауапты? Өткелдер қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілуде?  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады