Кемшілік жазамен шектелмеуі тиіс

Қауіпсіздік
21.02.2023, 10:12
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қауіпсіздікті сақтамаудан күніне ондаған, тіпті жүздеген адам зардап шегеді. Сондықтан да бұл мәселеге аса қауіпті аймақ темір жолда айрықша мән беріледі.

Өткен жылы Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде өндірістік жарақат алу тіркелмеген. Бұл әрине жақсы көрсеткіш. Бірақ босаңсуға болмайды. Қауіпсіздік пен еңбек қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жұмысшылармен технологиялық процесті, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауын басшылар мен жауапты мамандар ұдайы қадағалап отырады. Бөлімше бойынша өткен жылы барлығы 89 кенеттен тексеру жүргізілсе, оның 39-ы түнгі уақытта болған. Бұл жерде тексеру арқылы кемшілік табу мақсаты тұрмағандығы түсінікті. Алдымен қауіпсіздіктің алдын алу, ескерту, жұмысшының жауапкершілігін арттыру міндеті тұр. Тексеру барысында 59 кемшілік анықталған. Олар негізінен қауіпсіздік техникасын, жұмыс технологиясын, лауазымдық міндеттерді сақтамау, арнаулы киім мен белгі беру құралдарын қолданбау, еңбек тәртібін бұзу, білім деңгейінің төмендігі, медициналық тексерістен уақытылы өтпеу сынды кемшіліктер. Оларға тиісті шаралар қолданылған.  

– Бірақ кемшілік жаза берумен шектелмеуі тиіс. Мәселен, аталған кемшіліктерді әр жұмысшы бұзбауына болады. Қауіпсіздікті сақтап, арнаулы киімін киіп жүрсе, білімін жетілдіріп, өз ісіне жауапкершілікпен қараса, еңбек барысында технологиялық процесті дұрыс сақтайды. Яғни осыны әр адамның санасына сіңіру қажет, ол енді әркімнің жеке тәртібіне байланысты мәселе, – дейді еңбек қорғау бөлімінің бастығы Салтанат Нұрсұлтанова.  

Сондай-ақ ол былтырғы жылы «Медикер-МП» медициналық мекемесі мамандарының қатысуымен «Инфаркт пен инсульттің алдын алу», адамды өрт шалғанда, тоқ соққанда, бір жері сынғанда бірінші медициналық көмек көрсету бойынша тренингтер өткізілгенін айтады. Жалпы қауіпсіздік бойынша өткен жылы 11 шара жоспарланып, оған бөлінген 353 887, 35 мың теңге толықтай игеріліпті. Ал жазғы-қысқы арнаулы киіммен және арнайы қорғаныс құралдарымен бөлімше жұмысшылары 100 пайыз қамтамасыз етілген. Сонымен қатар қауіпсіздікті сақтауда практикалық сабақтардың тиімділігі жоғары болатыны сөзсіз. Бұл бағытта қауіптілігі аса жоғары аймақта еңбек ететін жұмысшыларға қауіпсіз жұмыс жасау іс-тәжірибесін көрсету сабақтары жүйелі өтіп тұрады. Қауіпсіздік пен еңбек қорғау, сондай-ақ электр қауіпсіздігі бойынша 88 адам біліктілігін көтеріп, 20 адам оқытылған және 458 жұмыс орны аттестацияланған. 1707 адам зиянды және ауыр жұмыс жағдайында жұмыс жасайды, олардың ішінде шулы жұмыста 538, газдалған ауада 144, ауыр жұмыста 716, қауіпті жұмыс жағдайында 1609 адам еңбек етеді. Олардың бәріне тиісті еңбек жағдайы жасалып отыр. Теміржолшылардың үнемі ашық далада жұмыс істейтіні белгілі. Сол бағытта еңбек гигиенасы, суықта қалай жүру, ыстықта өзін қалай ұстау, қатты жел кезінде қалай әрекет ету мысалдары да қажетті дүниелер. Ол бойынша да бюллетендер таратылған, сабақтар өткен.  

Соған сәйкес Ганюшкино, Атырау, Ақжайык, Теңдік, Қарабатан, Сағыз, Құлсары, ВЧДЭ-1 Атырау бекеттерінде ас-ауқат ішіп, демалатын бөлмелері тамақтану құралдарымен жеткілікті жабдықталған. Биыл алғашқы еңбек қысын өткізушілердің жалпы саны 105 адам екен. Барлығы да оқытылып, тәжірибелі мамандарға бекітіліп берілген.  

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты