Теміржол көлігі нысандарында жыл басынан бері 745 құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды

Қауіпсіздік
28.02.2023, 11:08
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы өткізілді. Іс-шара теміржол бойында жазатайым оқиғалардың алдын алу, пойыздардың шұғыл тежеу фактілерін болдырмау мақсатында ұйымдастырылды.

20-24 ақпан аралығында өткен акция аясында Желілік полиция басқармасы бірқатар шаралар өткізуге ұйытқы болған. Тәртіп сақшылары, мысалы, вокзал мен оның айналасында такси немесе қонақүй қызметін ұсынып, азаматтардың мазасын алатындарға қатысты мәселе көтерді. Теміржол көлігі нысандарында жыл басынан бері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 745 құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы, яғни қоғамдық орындарда біреуге тиісу бойынша – 67 құқықбұзушы, оның 50-і қоғамдық орындарда жеке тасымал қызметтерін ұсыну мақсатында мазалап тиіскені үшін, 7 – пәтер жалдау, 10 – қайыр сұрағаны үшін жауапкершілікке тартылған.  

– Аталған акция кезінде «Нұрлы жол» теміржол вокзалының төртінші қабатында орналасқан күту залында басқарма басшылығы, Ақмола көлік прокуратурасы қызметкері және Астана қаласының «Қорғау-Астана» үкіметтік емес ұйымының қызметкерлерімен бірлесе отырып жолаушылар үшін «Вокзалда қабылдау» акциясын ұйымдастырдық. Азаматтарды қабылдау кезінде олардың сұрақтарына тиісті тарап жауап беріп, «Темір жол – қауіпті аймақ» екенін ескерте отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, – дейді вокзал кешенінің технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ғалия Нүскеева.  

Ал вокзал кешенінің еріктілері жолаушылар мен күтіп алушыларға құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жасалған жаднамалар мен буклеттер таратқан.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады