Атырау теміржол торабы бойынша су шайып кетуге қарсы 2 пойыз жасақталды

Қауіпсіздік
10.03.2023, 09:47
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы жылы Атырау өңірінде қар көп жауды, содан да кейбір елді мекендердің суға кету қаупі бар дейді мамандар. Мәселен, Индер ауданында қарғын суға қарсы жүргізіліп, арнайы техникалармен 3 мың текше метр су сорылған. Ал Қызылқоға ауданының Миялы селосында 600 текше метр әлі еріп үлгермеген қар шығарылған.

Сағыз станциясында да осындай жағдай. «Биыл Сағыз ауылына өр суы көп келді. Бірақ су тез қайтты, темір жолға жеткен жоқ. Қозғалыс қалыпты жүріп жатыр, пойыздар тоқтаған жоқ. Бірақ Ноғайты өзені тасыса, бізге де жетуі мүмкін» дейді Сағыз станциясының бастығы Нұрбол Дүйсенбаев. Осыдан келіп өңірлерде су тасқынына қарсы қамданысты күшейтудің қажеттігі туындайды. Мамандардың айтуынша бүгінгі таңда Атырау облысының аумағында су деңгейі тұрақты. Дегенмен, облыс елді мекендерінде су тасқынының негізгі қаупі Орынбор облысындағы Ириклинск және Волгоград су қоймаларынан судың көп келуіне, сондай-ақ өр суларының артуы салдарына байланысты болады. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің қауіпсіздік инженері Фарида Қазжанованың айтуынша, қазіргі уақытта темір жолға төнген қауіп жоқ, бірақ сақтық шаралары жасалып жатыр.  

Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденовтің мәліметінше, 2023 жылғы көктемгі су тасқыны, сең, өр, қар мен жаңбыр суы ағысы кезінде жол төсемінің және жасанды құрылыс кешендерінің сақталуы мен тұрақты жұмыс істеуін алдын ала ұйымдастыру барысындағы техникалық іс-шаралар өз деңгейінде орындалуда. Облыс аймағындағы теміржол торабы бойынша негізгі жолдың ұзындығы – 555,8 шақырым. Бөлімшенің қызмет көрсету учаскесінде жол аралығында 56 көпір, 204 темірбетонды су құбырлары бар. Атырау облысы аумағынан негізінен Жайық өзені өтеді, сондай-ақ Қиғаш, Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің де тасуы мүмкін жағдай, ауа райының жылуына байланысты сең біртіндеп еріп жатыр. Бүгінде бөлімше бойынша сақтық жұмыстары ұйымдастырылып, су тасқыны бола қалса, вагондармен келген жабдықтар станцияларда тұр. Атырау теміржол торабы бойынша су шайып кетуге қарсы 2 пойыз, 15 вагон жасақталған. Оның ішінде Атырау жол дистанциясы бойынша 9 вагон, Құлсары дистанциясы бойынша 6 вагон. Соған сәйкес суға қарсы шебін, құм, құрал-жабдықтар тиелген 9 вагон Ганюшкино станциясына, 6 вагон Құлсары станциясына бекітілген.  

Наурыз айында Ганюшкино станциясына жақын Шортанбай және Дыңғызыл селолық округтерінің қауіпті деген учаскелеріне барып тексеріп, нәтижесінде су ағатын жүйелерді қосымша тазарту жұмыстары жүргізілген. Жалпы өңірде су тасқыны қаупін болдырмау үшін қажетті заттар дайындалды, тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша келісімшарттар жасақталды. Арнаулы техникаларды, тасқынға қарсы тұрғызылған бөгеттерді жөндеу, елді мекендердің қауіпті аймақтарына топырақ, қапшық, жанар-жағармай жеткізу, темір жол бойын су тасқынынан сақтау шаралары алынды.  

«Қазірде магистраль желісіне қарасты дистанциялардың жауапкершілігіндегі жасанды құрылыс кешендері, көпірлер, темірбетонды тұрбалар, кюветтік су жүрісі жыралары қардан, қоқыстан тазартылып, күнделікті күтіп-ұстау, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Су тасқыны кезінде шайып кету қаупі бар көпірлер мен тұрбалар күнделікті диспетчерлік бақылауға алынған. Дистанциялықтар жауапкершіліктерін күшейтіп, барлық объектілерді дамылсыз қарау үстінде», – дейді Амангелді Рахмеденов.

 

Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды