Жолдағы шұғыл тежеу оқиғаларының артуы алаңдатып отыр

Қауіпсіздік
20.07.2023, 12:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Аягөз жол дистанциясында жолшылар мен  көліктегі тәртіп сақшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті. Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы  жол дистанциясының қызмет көрсету аумағында пойыздардың шұғыл тежелу фактілерінің көбеюі болды.    

Полиция капитаны Рүстем Әбеуов өз сөзінде теміржолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес бірлесе қызмет атқарып, тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды. Осы орайда 2022-2024 жылдарға арналған ҚР теміржолдағы мүліктің сақталуын және қауіпсіздік деңгейін арттыру жол картасының 4-ші тармағында көрсетілгендей өтуге тыйым салатын тану белгілерін жаңарту, теміржолға белгіленбеген жерлерден бөгде адамдардың өтуін болдырмау мақсатында қоршаулар орнату, желі бойына ірі қара малдың шығып кетуін болдырмау үшін қоршауларды жанарту керектігін баса атап өтті.

Ал, өз Аягөз жол дистанциясының бастығы Нұрлан Шәріпханов аталған тұжырымдамаға сәйкес полиция қызметкерлерімен бірге ұдайы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілетінін, өтуге тыйым салатын тану белгілерін жаңарту үзіліссіз жүріп жатқанын айтты. Сонымен қатар Аягөз жол дистанциясының қызмет көрсету аумағы 225 шақырым бас жолды құрайтынын, оның 76 шақырымына өз күштерімен қоршаулар орнатылғанын, биылғы жылдың соңына дейін тағы да 14,6 шақырымға жуық қоршаулар орнату жоспарланғанын айтты. Мұнымен қатар, жергілікті ауылдық окруктер әкімдіктері қажетті техникалармен және сымтемірлермен көмек көрсеткен жағдайда, жыл соңына дейін бұл қоршауларды 30 шақырымға дейін ұзартуға болатынын жеткізді.  Қазіргі таңда жергілікті әкімдіктерге көмек көрсету үшін сұранысхаттары әзірленіп жатқан көрінеді.  

Басқосуға НЖС-6 бөлімшесінің пойыз қозғалысының қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Қанат Әділханов, ПЧ-42 бастығы Нұрлан Шәріпханов, Семей станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің  бастығы, полиция капитаны Рүстем Әбеуов және Аягөз ст.ЖПб-нің бастығы полиция майоры  А. Силямгазинов арнайы келіп қатысты.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті