Атыраудың барлық теміржол мекемелерінде 64 кемшілік анықталды - ревизор

Қауіпсіздік
09.12.2024, 10:13
Оқуға 3 мин

Темір жолда қозғалыс қауіпсіздігі ең маңызды мәселе. Соған сәйкес өңірлердегі қауіпсіздік ревизорлары жұмысының негізгі бағыты – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатердің алдын алу болып саналады.  

Алайда, жүк және жолаушы тасымалын жүзеге асыратын салада қауіпсіздік әркез сақтала бермейтіні де жасырын емес. Олардың себептері де әртүрлі. Атыраудың  бас ревизоры Жәнібек Көбеевтің айтуынша, аймақ теміржолындағы қауіпсіздіктің сақталуы мен қамтамасыз етілуі ревизорлық аппарат мамандардың тікелей назарында және басты міндеті болып табылады.  

– Біз қашан да келеңсіздіктердің алдын алып, оны болдырмауға жұмыс істейміз. Биылғы 9 айда аймақтағы барлық теміржол мекемелерінде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша 64 кемшілік: 7 оқиға және 57 инцидент анықталды. Соның ішінде Атырау ЖТ мен НЖС бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 7 жағдайы орын алды. Құлсары станциясында маневр кезінде, Атырау, Құлсары станцияларында вагон рельстен шығып кеткен оқиға тіркелді. Бұл жерде машинистер мен пойыз құрастырушылардың, жолшылардың да қателігі бар. Кемшіліктер тексеріліп, жауаптыларға тиісті шаралар қолданылды. Сондай-ақ  вагон тежегішінің реттелмеуі, қуаттандыру блогының істен шығуы, жол кедергісінен пойыздың кешігуі сынды жағдайлар орын алды. Сондықтан әрбір маман, әрбір теміржолшы қозғалыс қауіпсіздігіне баса мән беріп, өте сақ болуы керек, – дейді ол.  

Бас ревизордың мәліметіне сәйкес биылғы жылдың 9 айында аймақ теміржолында 446 тексеру жүргізілген, оның ішінде кездейсоқ 93, мақсатты 385, түнгі 18 тексеру болған. Нәтижесінде 4922 кемшілік анықталды. Олардың көбі жылжымалы құрам мен техникалық құралдарды күтіп-ұстау мен пайдалану (60,5%), еңбек өндірісінің технологиялық талаптарының сақталмауы (31,7%), құжаттамаларды, аттестацияны жүргізудегі кемшіліктер, т.б. Бірақ, кемшіліктің үлкен-кішісі болмайды, кейде елеусіз кемшіліктің кедергісі атан түйеге жүк болуы әбден мүмкін. Вагондардан ақау табылса, оларды қайта жөнделгенше құрамнан алып тастау, жол мен бағыттамалы бұрмалар сапасы талапқа сай болмаса, шектеу қою немесе жөндеп болғанша мүлдем тоқтату талабы қойылады. Құралдар мен қондырғыларға да осындай қатаң шаралар қолданылып жүр. Сонымен қатар мал басу оқиғасы да өзекті  болып тұр. Есепті мерзімде 35 оқиға тіркелген.  

– Бүгінде өңірде жолды күрделі жөндеу жұмыстары жақсы жүрді, бүгінде жолдың 80 пайызы темірбетон шпалдарға, жаңа рельстерге ауыстырылған. Нәтижесінде жылдамдық артып, Тальго пойыздары сағатына 120-140 шақырыммен жүретін болды. Бірақ жол бойында  бұрынғыдай мал көп жүреді. Әсіресе Атырау – Махамбет, Махамбет – Қызылжар, Бақсай – Аққыстау, Құлсары – Шоқпартоғай, Жантерек – Мұқыр – Сағыз, Ганюшкино – Атырау аралықтары қауіпті саналады.    Халыққа мал ұстама деп айтуға болмайды, бірақ малға бағым керек. Бұл мәселелерді жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қарым-қатынасынсыз атқару мүмкін емес. Соған орай аудан әкімдеріне малды теміржол бойына жаймау, бақташы қою, мал иелеріне ескерту жұмыстарын жүргізу жөнінде талай хаттар жазылып жатыр, кездесулер өтуде, бірақ нәтиже көңіл көншітерліктей емес. 9 айда жол бойындағы малдың кесірінен жүріп келе жатқан пойызды 46 шұғыл тоқтату орын алған, – деді бас ревизор.  

Айтуынша, өңірдегі ауа райының ерекшелігі, табиғи құбылыстар да теміржолға кері әсерін тигізетін жағдай болады. Мысалы теміржолды құм басып қалу – аймақтағы басты проблеманың бірі. Әсіресе Қиғаш – Атырау, 14,15, Исатай, Нарын бекеттерінде жолды тұзды топырақ, құм басады, сосын жаңбыр суымен араласып суықта тас болып қатып қалады. Ол пойыздардың жүруіне кедергі келтіріп, жолшылар өз күштерімен тазалайды, бірақ табиғатқа қарсы тұру мүмкін бе, бүгін аршыған жерді ертең қайта құм басады. Сондықтан жолға құм өткізбейтін ағаштар, сексеуіл, жыңғыл егу жұмыстарын жүргізу қарастырылып отыр екен.  

 

Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды