Өрт сөндіру – ерлерге тән кәсіп

Қауіпсіздік
18.02.2025, 10:18
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еліміздегі ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіру қызметі. Тілсіз жаумен бетпе-бет келіп, қызыл жалынмен арпалыса жүріп әрекет ететін өрт сөндірушілердің қауіп-қатерге толы өмірі кейде қызмет барысында күрт үзіліп те кететіні жасырын емес...

Өрт оқиғалары әртүрлі болады: газ баллонының жарылуы, электр желісінен шыққан өрт, күкірт немесе мазут сияқты химиялық зиянды заттардың жануымен қатар ауаға улы заттардың бөлінуі, тағысын тағылар. Мұның бәрі сайып келгенде, адамның өмірі мен денсаулығына аса қауіпті. Біз бүгін Астана станциясының өрт сөндіру пойызы қызметіне барып, олардың тыныш күндегі тыныс-тірлігімен танысып қайттық.  

Жалпы еліміз бойынша 47 өрт сөндіру пойызы және Алтынкөл, Қоскөл, Шұбаркөл және Тассай станциялары бойынша 4 өрт сөндіру қосыны бар. Ақмола өңірі бойынша бес өрт сөндіру пойызы бар. Олар Жаңаесіл, Көкшетау, Бурабай курорты, Атбасар және Астана станцияларында орналасқан. Астана станциясындағы өрт сөндіру пойызы төрт бағытта қызмет көрсетеді. Көкшетау бағыты бойынша Ақкөл станциясына, Атбасар бағыты бойынша Жалтыр станциясына дейінгі, Павлодар станциясы бойынша Сарыоба және Қарағанды бағыты бойынша Анар станцияларына дейінгі телімдерді қамтиды.  

«Күн сайын техникалардың дайындығын тексеріп, қызмет көрсететін телімдердегі ахуалды бақылауға аламыз. 2025 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды бағытындағы Шоқай станциясында элеватордың 2400 шаршы метрді қамтитын қоймаларынан өрт шықты. Қоймадағы зығыр мен күнбағыс дәнегі жанып, біз арнайы шақырумен барып өртті сөндірдік. Жұмыс кестесі 24/7 режимінде, төрт адамнан тұратын қарауыл қызметі күн сайын жұмысқа түседі. Біздің өрт сөндіру пойызында барлығы 18 адам жұмыс істейді. Тілсіз жаумен күреске адам саны өрттің сипаттамасына байланысты жұмылдырылады, егер өрт көлемі үлкен болса, қосымша қарауылдар шақырылады. Өрт хабары жетіп, бұйрық түскен бойда пойыз 15 минут ішінде жиналып, оқиға жеріне шұғыл аттанады. Пойыз көбік, сумен, тағысын тағы қажетті керек-жарақтармен жарақтандырылған. 100 тонна су үнемі дайын тұрады. Қыста қатып қалмау үшін орталық жылу жүйесіне қосылған, 50-55 градус температурада қыстың кез келген ауа райында жылы болып тұрады», – дейді Астана станциясы өрт сөндіру пойызының бастығы Архат Айтмұхаметов.  

Архат теміржолдағы еңбек жолын қалпына келтіру пойызында бастап, кейін өрт сөндіру пойызына ауысыпты. Біраз уақыт қарауыл бастығы болыпты. Ал өрт сөндіру пойызының бастығы қызметінде биыл – бесінші жыл.  

Өткен жылы астаналық өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға 5 рет қатысыпты. Үш оқиғада жиһаз, көлік дөңгелектері қоймаларынан шыққан өртті сөндірген. Ал екі рет күкірт қышқылы сияқты қауіпті жүктердің ағып, кейін жана бастаған шағында олардың өршіп кетуін болдырмаған.  

«Бізде қалалық төтенше оқиғалар департаментімен өзараәрекет ету алгоритмі бар. Жыл сайын 4 оқу-жаттығуға қатысып, тәжірибемізді молайтып, машықтарымызды шыңдаймыз. Өрт сөндіруші жігіттер жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. Биыл 3 адамды зейнетке шығарып салғалы отырмыз, оның екеуі өрт сөндіруші, біреуі жүргізуші. Жалпы өрт сөндіруші дабыл келісімен 23 секундта киініп болу керек. Әр өрт сөндірушінің экипировкасы 34 келіні құрайды. Өрт сөндіруші қызметі аса жауапты әрі қауіпті болғандықтан, қызметкерлеріміз үш жыл сайын теориялық және практикалық оқулардан өтіп, өрт сөндіруге қатысуға рұқсат беретін сертификат алып тұрады. Біздің қызметте еңбек қорғау, техника қауіпсіздігін сақтау, сосын ең бастысы уақыт нормативін сақтау басты назарға алынады. Тіпті осы критерийлер бойынша байқау да бар. Ол байқауда барлық көрсеткіштер үдесінен табылған өрт сөндіру пойызы Ауыспалы туды жеңіп алады, – дейді Архат Қабдешұлы.  

Өрт сөндіруші қызметі азаматтардан батылдықпен қатар күйзеліске төзімділік, шыдамдылық, ұстамдылық, салқынқандылық және жылдам әрекет ету сынды қасиеттерді талап етеді. Сондықтан бұл ердің еріне тән кәсіп, мықты мамандық саналады.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады