Балалар қауіпсіздігі бәрінен маңызды

Қауіпсіздік
24.07.2025, 11:08
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жаз – балалардың демалыс маусымы болғандықтан пойыздардағы жолаушылардың да басым бөлігін осы кішкентай саяхаттаушылар құрайды. Сондықтан көліктегі полиция жазда рейдтік іс-шараларын күшейткен.

Маңғыстаудың Сайөтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері станциядан өткен жолаушылар пойыздарын аралап, түсінік жұмыстарын жүргізуде. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың беймезгіл уақытта жүрісін және олардың теміржол бойында жарақаттануын, жазатайым жағдайларға ұшырауын болдырмау мақсатында акциялар мен профилактикалық жұмыстар ұйымдастыруда. 

Жақында өткен   «Көліктегі қауіпсіздік» акциясы барысында желілік полиция инспекторлары 10 әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеп, құқық бұзушыларға тиісті хаттамалар толтырған. Түнгі мезгілде жалғыз жүрген жасөспірімдерді анықтап, қажетті шаралар қолданған. Темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен бірнеше азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.  

– Балалар қауіпсіздігі бәрінен маңызды. Темір жол қауіпті аймақ болғандықтан өскелең ұрпақтың осыны терең түсініп, өз өмірін қауіпке тікпеуін ескертеміз. Жауапкершілік баршаға бірдей. Ал заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Бір айтарлығы, осындай алдын алу, ақпараттандыру шараларының нәтижесінде соңғы уақыттарда бөлімше көлемінде балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын келеңсіз жайттар сиреген, – дейді Сайөтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Нұрлыбек Рахметов.  

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды