Мұрағат – өткен өмір айнасы

Темір жол тарихы
21.05.2024, 12:12
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Тарихи кезеңдерді зерттеп-зерделеу үшін бізге мұрағат қажет екені сөзсіз. Сондықтан да тарихи деректік құжаттарды сақтайтын мұндай мекеме алтын қазына ретінде бағаланса керек.

Қазіргі кезде Шымкент бөлімшесінің мұрағатында Түркістан облысына қарасты теміржол мекемелері мен осыған қатысы бар кәсіпорындардың құжаттары сақталған. Атап айтқанда кадр бөлімі мен бухгалтерлік есеп-қисапқа қатысты құжаттар аталған мұрағатқа әр бес жыл сайын талапқа сай буып-түйіліп жеткізіледі екен. Әрбір теміржолшының қызметке кірген-шыққан мерзімі мен еңбек еткен кезеңінде алған жалақысын растайтын құжаттар... бәрі-бәрі осында қатталып тұр.  

Шымкент қаласының қақпасы саналатын вокзал ғимаратының дәл түбінде орналасқан бұл мекеменің 75 жылдық тарихы бар (тіпті одан ұзақ болуы да мүмкін) 30 582 дана құжатты «бауырына басқан». Түркістан өңіріндегі теміржолға қатысты жалғыз облыстық мұрағат та осы. Мұнда Шымкент станциясына қатысты 1932- 2018 жылғы 918 құжат сақталған. Сол сияқты 1933 пен 1998 жыл аралығында Арыс станциясында жұмыс істеген азаматтардың деректері жазылған 1 376 құжат тіркелген. Демек, бұл жерде жазылғанына 75 жылдан әрі асып ғасырға жуықтаса да сиясы кеппеген құнды қағаздар сақтаулы деген сөз.  

Жалпы, сарғайған қағазды сары майдай сақтау неге керек деген сұрақ кім-кімді де бей-жай қалдырмайтын шығар. Мұрағатшылардың айтуынша, мекеме қызметіне кітап жазып, деректер іздеген тарихшылар, қарт ата-анасы мен темір жолда тер төккен туыстарының еңбек өтілін немесе зейнетақысын нақтылауға мұқтаж жандар жүгінеді. Сол сияқты осы салада еңбек етіп, өмірден өтіп кеткен ата-ана, туыс-бауырларына қатысты деректерді растағысы келетіндер де аз емес. Тіпті бұрынғы Одақ кезінде осында еңбек етіп, тағдыр талайымен тарыдай шашыраған адамдар да бір замандардағы ізін қайта жаңғыртуды көздеп осында хат жазып, хабар алатын көрінеді...

Үш қабатты ғимарат 1967 жылы бой көтерген. Мұрағатта штат бойынша еңбек етіп жатқан қос қызметкердің айтуынша, мекеменің қор сақтау сапасы сын көтермейді. Меңгеруші Гүлнәр Темірханқызы адам тағдырын арқау еткен қағаздардың бүлінбей сақталуы үшін арнайы нұсқаулықтар барын алға тартады. Айталық, бөлмедегі ауа ағыны мен температурасы, оның ылғалдылығы мұқият сақталып, күн сәулесінен қорғалуы қажет. Сондай-ақ құжат жинайтын көпқабатты стеллаждар ағаштан емес, металлдан жасалып, электр сымы өртке қарсы қауіпсіздік құрылғыларымен қамтамасыз етілуі тиіс екен.  

Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Нұрғиса Орынбасарұлы биылғы наурыз айында аталған ғимараттың тұтас қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ қазіргі кезде бөлме ішіне стеллаж жасау жұмыстары жүргізілуде екен. Ол біткен соң сыймай жатқан немесе жаңадан қабылданып, жылдар бойы сақталуы тиіс құжаттар орналастырылады. Қазіргі таңда Түркістан мен Шымкентте бір-бір кітапхана мен қолданыста осы бір мұрағат бар. Өзара ұқсас, мәндес қызмет түрі болғандықтан, салаға жауапты жетекшілер біршама уақыт бұрын оларды біріктіру арқылы ірілендіру жолын қарастырған.  

– Негізінен бұл қызмет бір жерде қолжетімді болса, тұтынушыларға да тиімді болар еді, – дейді директордың орынбасары. Оның түсіндіруінше, қазіргі кезде ҚТЖ басшылығы тарапынан қызмет түрін оңтайландыру мен ғимараттарды тиімді басқарудың тетіктерін жетілдіруге басымдық берілген. Өйткені, қызметкерлермен аумағы ат шаптырым кеңсені күтіп ұстаудың шығыны да аз емес. – Алдағы уақытта біз кітапхана мен мұрағатты бір жерге орталықтандырып, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз еткіміз келеді. Алайда, күтімін жасамаса, кез келген мекеме тозып, құрып кететіні белгілі. Өкінішке орай, тап қазіргі кезде бұл санаттағы қызмет түріне арнап жаңа ғимарат салу жоспарда жоқ. Дегенмен, ірілендіруге қатысты немесе қазіргі мұрағатты күрделі жөндеу мәселесін қайта көтеріп, келесі жылдың бюджетіне енгізуге ұсыныс беретін боламыз, – дейді Нұрғиса Пошанов.  

 

Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді