Әкелер жүрген ізбенен...

Темір жол тарихы
05.05.2025, 12:12
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан тыл ардагерінің бірі – теміржолшы Сәми Қаратаевтың  ұлы  Мұхтар Қаратаев әкесі туралы естелігімен бөлісті. Айтуынша, әкесі соғыс жылдары Қызылорда вагон депосында вагон қараушы болып еңбек еткен.

Алайда 18 жастағы ұлы Зейнелғабиден соғысқа аттанып, майдан даласында ерлікпен қаза табады. Ұлының қазасы жанын жаралаған теміржолшы соғысқа сұранып әскери комиссариатқа сан рет барғанмен броньмен тылда қалған.  Ақсақалдың екінші ұлы, бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының Астана телімінде I-санатты инженер болып еңбек етіп жүрген Мұхтар Қаратаев теміржолшылар әулетінің көшін жалғап, жыл сайын жеңіс күні әкесі мен ағасының есімін құрметпен еске алады.

Тылда жүрсе де майдан даласына керекті азық-түлік, қару тиеген вагондардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен теміржолшының табанды еңбегі үкімет тарапынан бағаланбай қалмады. Ол үнемі марапаттарға ие болып, ел теміржолының дамуына отыз жылдай еңбек сіңіріп, 1965 жылы зейнетке шығады.  

Теміржолшылар әулетінің бүгінгі көшін жалғаушы Мұхтар Қаратаевтың өзі еңбек жолын Қызылорда локомотив депосында бастаған. 30 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан салада ол инженер, инспектор, ауысым бастығы қызметтерін атқарды.

– Бұл соғыс – қанша жыл өтсе де жазылмайтын жан жарасы. Талай отбасының шаңырағын ортасына түсіріп, қанша қайғы-қасірет әкелді. Әкем соғысқа мерт болған ұлын қанша жыл іздеп, ағамыздың Ресейде Бауырластар зиратында жерленгенін анықтадық. Біздің отбасымыз әкеміз бен ағамыздың есімін ешқашан ұмытпай, ұрпақтарға жеткізіп келеміз.  Қан майданда қаза тапқан ағамды да, теміржолда тыл ардагері атанған әкемді де мақтан тұтамын, – дейді М. Қаратаев.  

Слесарьдан бастап машинист көмекшісі, машинист болып еңбек еткен Мұхтар Қаратаевтың кезінде жолаушылар пойызын жайсыз жағдайдан аман алып қалған. 1997-2010 жылдары ішкі істер органында жұмыс істеп, Қызылорда облысындағы Желілік полиция бөліміндегі инспектордан бастап басшылық қызметтер атқарған.

Кейіпкеріміз ішкі істер саласынан зейнеткерлікке шыққаннан кейін теміржолдағы қызметін қайта жалғап, бүгінгі күнге дейін берекелі еңбек етуде. «Соғыс өрті елімізде енді қайталанбаса екен деп тілеймін! Аспанымыз ашық, халқымыз аман болсын!», – дейді тыл ардагерінің ұрпағы.  

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды