Теміржолшылар жолаушыларды жолда қалдырмады

Аймақтар
14.01.2022, 17:03
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қаңтар айының басында елде орын алған төтенше жағдайдың елесі әлі басыла қойған жоқ. Алғашында бейбіт шерумен басталған әрекеттер белгісіз күштердің ықпалымен төңкеріске бағытталып, бұзақылық пен бүлікшілікке, одан сорақысы қанды қырғынға ұласты. Rail-news.kz тілшісі сол күндері еш уайымсыз теміржол көлігімен сапарлап шыққан жолаушылар ұшыраған кедергілерге тоқталды.

Сыр өңіріндегі станцияларға әдетте жолаушылар пойызы он бес-жиырма минутқа аялдайтын. Алайда, 5 қаңтар күні жолаушылар пойызының Қазалы станциясында кідіруі ұзаққа созылды.

Бұл сегіз жүзден астам жолаушысы бар Ақтөбе-Алматы, Маңғыстау-Алматы бағытындағы №33-34, №77-78 жолаушылар пойызы еді және де осындай кідіріске ұшыраған пойыздар Сексеуіл, Қызылорда бекеттерінде де болды, олардың әрқайсысында 350-ден аса жолаушы бар-тұғын. Алғашында пойыздардың тоқтап тұрғанына мән бермеген жолаушылар, уақыт өте келе беймәлім кідірі ұзаған сайын шыдамсыздық танытып, перронға шыға бастады.

Жәй ғана шықпай «неге тұрмыз?», «қашан жүреміз?» деп жолсеріктерді сұрақтардың астына алды. Ал шыдамдары сарқылған енді біреулері «вокзал бастығы қайда, бізді неге жібермей тұр», «әкімді шақырыңдар!» деген сарында шу шығара бастады.

Балаларын көтерген аналар төбе көрсетіп жаялықтың қажеттігін, енді бірі демікпесі ұстап дәрігердің қажеттігін білдіріп жатты. Жолаушылардың талабын орындау үшін станция басшылығы мен қазалылық теміржолшылар, аймақ басшылығына хабарласып тез арада кез-келген көмектің жасалу керектігін өздеріне міндет етіп алды. Алайда, жалақыдан жалақыға күн көріп отырған еңбек адамдарында қайдан қор болсын, барлығы аңтарылып ұжым басшысы мен кәсіподақ ұйымына қарады, шығар жол іздеді.

Бұл кезде тағаты таусылған жолаушылардың бірсыпырасы перронды басына көтеріп, ұрандатуға дайын тұрған еді. Алайда шапшаң әрі ұтымды әрекет ете білген қазалылық теміржолшылар дәрігерді де, жөргек пен жылы жамылғыларды да тауып, қазан-қазан ыстық тамақ пісіріп, су-шайды жолаушыларға үлестірумен болды.

Сонымен бекетте аялдаған пойыз жолаушыларына жағдай жасап, көмегін берген аймақ теміржолшылары ауызбіршіліктің арқасында алғыс арқалады. Мұны Қазалыдан және Сексеуілден аттанған пойыз терезесіне балалардың бедерлеп сурет салып, рахмет айтуынан аңғаруға болады. Бұл аймақ теміржолының басшылары Батырхан Базарбаев пен Ибрагим Басықараев басқаратын жергілікті теміржолшылардың ынтымағының көрінісі, бекем бірлігінің жемісі еді.

- Қазалылық теміржолшылардың жолаушыларға көмек беруін асқан шеберлікпен ұйымдастыра білген Қазалы станциясының бастығы Серік Боранқұлов пен орынбасары Руслан Мақашов, Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаев, байланыс дистанциясының бастығы Ғани Ысқақов, жол дистанциясының басшысы Аманкелді Құсанов, электрмен жабдықтау дистанциясының басшысы Асқар Алмағанбетов, Қазалыдағы салалық мекемелердің кәсіподақ ұйымы төрағалары мен кәсіподақ белсенділері Ерсайын Сұлтанов, Жеткербай Елжас, Бақытжан Ибрайым мен Дастан Әбішевтердің еңбегі ерен екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар Қызылорда станциясында аялдаған пойыздағы 350 жолаушының жанында болып, олардың станциядан аман есен аттанып кеткенінше жүрген қосалқы бөлім басшысының орынбасары Амантай Рыстығұлов, кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Көпірбаев, бекет басшысы мен вокзал шаруашылығының қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамыз, – дейді «Қазкөліккәсіп» филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов.

Қашанда пойыздардың қауіпсіз қозғалысын бабында ұстауға дағдыланған аймақ теміржолшылары бұл жолы жолда қалған жолаушылардың жанынан табылып, қолдан келген көмектерін аямай, қамқорлық көрсетті. Жолаушылар да осынау аласапыран уақытта көмек беріп, қолдарындағы барымен бөліскен қарапайым теміржол еңбеккерлеріне ризашылықтарын білдіріп, баталарын беріп жатты. Бұл да бір халықтың күші бірлікте екенін айқындай түссе керек.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ

Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер