Атыраудағы көктемгі тексерісте мыңнан астам кемшілік анықталды

Аймақтар
17.05.2022, 11:51
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау өңірі бойынша көктемгі байқауды қорытындылау жиыны өтті. Оған барлық құрылымдық бөлімшелер, станция басшылары мен жауапты мамандар қатысып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау жағдайы және қызметтік-техникалық ғимараттар бойынша кемшіліктер сараланды.

Бөлімше бойынша барлығы 1123 кемшілік анықталған. Соның ішінде ең көбі жол шауаршылығына қатысты. Бөлімшенің бас ревизоры Жәнібек Сауровтың айтуынша, жолдардың сапасына сын көп. Ескірген шпалдар, бағыттамалы бұрмалардың бекітпелері осал, параметрлері талапқа сай емес, араларында саз, шөп басып кеткен жерлер бар. Станциялық жолдарға көңіл бөлу төмен. «Жол шеберлері жұмысты жандандыруы тиіс. Анықталған кемшіліктер уақытында түзетілмейді. Оның салдары жақсылыққа әкелмесі анық. Мәселен, наурыз айында Мақат станциясында локомотив пен вагонның жолдан шығып кетуі орын алды. Сондықтан Атырау және Құлсары жол дистанциясының басшылары пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда жеке нормативтерді орындаулары қажет» деп ескертті ревизор. Сонымен қатар малға қарсы қоршауларды жөндеу дер кезінде жүргізілмей, бұзылған күйінде қалатын жағдайлар көп екені де сөз болды. Жолды құмнан тазарту жұмыстарын да үнемі жүргізіп отырған абзал, алайда ол арнайы құралдармен жасалуы тиіс, әйтпесе өмірге қауіпті жағдай орын алады. Атап айтқанда, Құлсары-Бейнеу, Атырау-Исатай учаскелерінде жолды құмнан тазарту жұмыстарын технологиялық талапқа сай ұйымдастыру қажеттігі айтылды. Жиында Атырау вагон пайдалану депосының командалық-нұсқаулық құрамы тарапынан лауазымдық міндеттерді орындау сапасыз атқарылады. 

Нәтижесінде вагон қараушылар техникалық қызмет көрсетуде ақауды анықтау мен түзетуде кемшіліктер жібереді. Вагон қараушылар тарапынан вагонды қарау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталмай жатады, қол шам жетіспейді, рациялардың қашықтықты ұстауы төмен, сондықтан кейбірі оны қолданбайды деген сындар айтылды. Жоспардан тыс техникалық сабақтар да уақытылы өткізілмейді, сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагон қараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажеттігі сөз болды. 

«Құлсары, Махамбет, Аққыстау станцияларында СОБ қондырғысын күтіп-ұстау, 441-ші разъезде «Диалог» МПДЦ жүйесіне сервистік қызмет көрсету өте нашар, ол қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Яғни, оларды қолдану технологиясы мен нормативтер белгі беру және байланыс дистанциялары басшылары мен участок жетекшілері, аға электромеханиктер тарапынан жеткілікті дәрежеде орындалмайды. Әсіресе ауа райы нашар, нөсер жауын не қатты жел күндері жауапты мамандар желі бойын үнемі назарда ұстағаны абзал», – дейді ревизор.  

Мұнда да техникалық сабақтардың өтуі өз дәрежесінде емес екен. Локомотив деполарының басшылары мен орта буын мамандар жұмысында да кемшілік көп, жұмыс технологиясын, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырушылық және техникалық шаралар алу, цехтар мен учаскелерді тексеру, локомотивті жөндеу сапасын қадағалау, жылдамдықты реттеу лентасы мен кассетасының дұрыс көрсетуін тексеру, ТО-2 техникалық қызметінен кейін локомотивтердің жағдайын тексеру, т.б. мәселелерге назар аудару қажеттігі ескертілді. Сервистік қызметтен кейін локомотивтер кепілді мерзімге жете алмай қалады екен. Соның нәтижесінде көктемгі тексеру барысында 6 локомотив қолданыстан шеттетілген. Бас ревизор ерекше тоқталған тағы бір мәселе ол – маневрлік локомотивтерді бір ғана адамның жүргізуі. Ол қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсер етеді және түнгі мезгілде аса қауіпті. Сондықтан осы тығырықтан шығу амалын да қарастырған жөн. Мақат, Құлсары, Ганюшкино станцияларында басшылары тарапынан қауіпсіздік бойынша жеке нормативті орындау өз дәрежесінде емес, кемшіліктер анықталмайды. Учаскелік ревизорлар техникалық оқытуға көңіл бөлуі тиіс. Тексеру барысында жалпы қай мекемеде болса да басшылар тарапынан қадағалау, нормативтік құжаттарға сай талаптарды орындау, құжаттарды жүргізу, жұмысшылардың мамандығына сай білім дәрежесі төмен, т.т. кем-кетік анықталған. Жиын соңында бөлімше басшылығы көктемгі байқауда белгілі болған олқылықтарды жойып, мамандардың білімі мен біліктілігін арттыру, өз міндеттеріне жауапты қарау, техникалық сабақтар сапасын жақсарту, еңбек және қауіпсіздік техникасын сақтау жөнінде шешімдер қабылдап, кем-кетікті түзетуге уақыт белгіледі.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды