Атырауда мұнай экспортының бәсеңдеуі тасымал қарқынына әсер етті

Аймақтар
24.06.2022, 11:29
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мұнай өнімдерін тасымалдау көлемінің азаюы өңірдегі жүк тиеу-түсіру көлеміне де әсер ететіні белгілі. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде осындай үрдіс байқалады.

Жүк жөнелтуші кәсіпорындардың кейде мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаудан бас тартуы көрсеткіш деңгейіне әсер етеді. Мәселен, Құлсары станциясынан пропан-бутан, Ақжайық станциясынан мазут тиелген цистерналардың экспортқа жөнелтілуіне мерзімді рұқсат берілмеуі жүк жіберу көлемінің азаюына себеп болды. Биылғы жылы бірінші наурыздан бері Украинаға қандай да бір жүкті жөнелтуге және Солтүстік Кавказ темір жолына пропан-бутан өнімін жіберуге тоқтам қою, 15 сәуір -15 мамыр аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытының кейбір қондырғыларының жөндеуге тұруы да тасымал көлеміне әсер еткен. Сондай-ақ, «Теңізшевройл», «Батыс Транс Групп», «Индер Тұз Компания», «Тенгизская Транспортная Компания» ЖШС мен Мақат, Құлсары, Теңдік, Қара- батан станциялары арқылы экспорттық бағыттағы пропан, бутан, мазут, кокс, күкірт тиелген 20383 вагон келісілмегендіктен және тапсырыс берушілердің бас тартуы себепті тиелмей қалды. 9-14 мамырда Грузи- яға жүк жіберуге де конвенциялық тоқтам қойылды. 

Әрине, жүк жөнелтуші компаниялардың вагондарды игермеуіне орай, олардан айыппұл өндіріліп отырады. Мысалы, биылғы жылғы 5 айда Құлсары станциясынан 1559 вагон пропан-бутан тиелген вагондарды игермеген үшін 6 567 072 теңге, 1192 вагон химикатты игермеген «Теңізшевройл» кәсіпорынынан 5 046 293 теңге, Теңдік станциясынан «БатысТранс Групп» ЖШС 9858 вагонды игермеуіне сәйкес 44258820 теңге, «Исткомтранс» ЖШС-нан 60 вагонды игермегені үшін 275 670 теңге, сол секілді «Индер Тұз Компания» ЖШС-нан да 540558 теңге айыппұл өндірілген. «Әрине, айыппұлмен мәселе түбегейлі шешілмейді, біз керісінше, жүк жөнелтушілермен қарым-қатынасымызды нығайтып, мұнай мен мұнай өнімдерінің темір жол арқылы тасымалдануына мүдделіміз» дейді Атырау бөлімшесінің техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықов.

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі