Мұрағатқа мұқият көзқарас қажет

Аймақтар
05.10.2023, 14:37
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Мұрағат кабинетінің есігін айқара ашқан кейіпкеріміз әңгімесін «Архив – тарихтың тамыры ғой» деп бастады. Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің архив қызметкері Сәнімгүл Меңдібаеваның пікірінше, өскелең ұрпақ өткен тарихымызды танып өтсін десек, мұрағатқа мұқият көзқарас қажет.

Ол бөлімшедегі әр құжаттың мұқият сақталуына жауапты. Мұрағат бөліміне жеткізілген әр папканың араласып кетпеуін қадағалап, мұқият түптейді. Жылдар бойы жүз мыңдаған, тіпті миллиондаған ақпараттық қазынамен жұмыс істеп, оның сақталуын қадағалап отыр. Құнды құжаттардың жалғыз жанашыры болса да көпке біліне бермейтін, кей жағдайда елеусіз қалатын мамандардың бірі. Оның себебі, айтуынша, темір жол секілді өндірістік салада архив, кітапхана сынды салалар қосалқы һәм көмекші роль атқаруы заңдылық.

– Бөлімшедегі барлық құжаттарды архивке дайындаймын. Келген папкаларды тегістеп, ретімен орналастырудың өзі үлкен жұмыс. Әр құжат –  бір тарих. Толассыз келіп жатқан әр қағазда маңызды шешімдер, атқарылған жұмыс бар. Олардың құндылығы өз алдына, қауіпсіздігін де назарға аламыз, – дейді өз жұмысына берілген мұрағатшы маман.  

Сәнімгүл Меңдібаева алдында тұрған аппаратты жеке дара таныстырды. Бір қызығы, көненің көзімен әлі күнге өзі жұмыс істеп отыр екен. Ол бұл аппараттармен 1986 жылдан бері таныс. Ол кезде Батыс темір жолы болған Ақтөбеде  «Болат жол» және «Стальная  магистраль» газеттері қазақ және орыс тілдерінде шығып тұрған. 4 мыңға жуық данамен 20 жыл бойына теміржолшыларға тараған басылым магистральдың өмірін жан-жақты баяндап, елеулі жаңалықтары мен маңызды оқиғалардан хабардар етіп отырды. Сәндігүл сол редакцияның қызметкері болған.  

– Ол кезде «Болат жолы» мен «Стальная  магистраль» газеттерінің беделі сұмдық болатын. Теміржолшылар әр апта сайын газеттің шыққанын күтетін. Екі газеттің редакциясында отызға жуық адам еңбек еттік. Кейін газет жабылғаннан кейін редакция қызметкерлері жан-жаққа тарадық. Мен архивке кеттім. Қазіргі жұмысымда қолданатын мына аппаратпен кезінде газет киятынбыз. Қазір  құжаттарды тегістеп қиямын, тігемін, қанша жыл өтті, тоқтаусыз жұмыс істеп тұр, – деді түрлі аппараттар тұрған бұрыштың алдында.    

Құжаттарды нығыздап түптейтін аппарат та істен шықпапты. Екі аппаратты да қолданып отырған  кейіпкерміз сол кездегі редакция жұмысын сағынатынын да жасырмады.  

– Газет шығатын күндері жұмыс қайнап жататын. Ол кезде компьютер жоқ, үлкен машина болды. Әр әріпті қолмен тереміз. Линотипист, беттеуші болып әр әріпті қойып, сөздерді түсіреміз. Қорғасын темірлер ыстық боп тұратын. Талай қолымыз күйді, – деді ол тартпаларда әлі күнге сақталған газет әріптерін көрсетіп.  

Теміржолшылар отбасынан шыққан Сәнімгүл Болатқызы атакәсіпті жалғастыруға мүмкіндік берген жұмысына дән риза және электрондық құжатайналымға көшіп, мұрағат назардан тыс қалмаса екен дейді.    

 

Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт