Су басқан өңірлерде пойыз кідіріссіз жүріп жатыр

Аймақтар
05.04.2024, 11:22
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Су тасқынынан қатты зардап шеккен Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында қауіп әлі де сейілген жоқ. Бір жақсысы, бұл аймақтарда темір жол байланысына зақым келген жоқ. Жүк және жолаушылар пойыздары кідіріссіз жүріп, шалғай аудандарға азық-түлік, керек-жарақ жеткізуде.

Аймақта күшейтілген режим сақталып отыр. Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі (НЖС11) пойыздар қозғалысы үшін қауіпсіздікті барынша күшейтті. Сазды, Қарғалы, Елек, Темір, Кенжалы өзендеріндегі су деңгейі күрт көтерілгені байқалды. Бөлімше бойынша жер төсемі мен темір жолдың шайылып кетуіне жол бермеу үшін бүкіл учаске бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар нәтижесінде темір жол бойына су келу оқиғасы тіркелген жоқ.  

– Бүгінгі күні Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі бойынша жер төсемі мен темір жолдың шайылып кету қаупі жоқ. Судың қауіпсіз өтуі қамтамасыз етілген. Дегенмен, өзен арналарының толуы, ағыстың тоқтамауына байланысты әлі де күшейтілген режимде қауіпсіздік бақыланады, – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.

Ақтөбе – Шалқар, Қандыағаш – Жем, Қандыағаш – Никельтау учаскесіне тәулік бойы кезекшілік қойылған. Барлық бекеттерде жұмыс топтары тасқын суды өткізіп отыр. Станциялар мен бекеттерде қызметтік-техникалық ғимараттардан су жолын бұру жұмыстары ұйымдастырылған. Бөлімшедегі МПТ, АГД, АС, ДГКу дрезиналары және автотракторлық техникалар толық жұмылдырылған.  

Темір жол бойының тасқын судан аман қалуы алдын ала қам жасап үйренген теміржолшылардың жоспарлы да тиянақты жұмыстарының нәтижесі екені айтпаса да түсінікті. Ақтөбе НЖС-11 мекемесі тасқын суға дайындық жұмыстарын қаңтар айында бастады. Жыл басталғаннан мұзжарғыш пен тасқын суларды өткізуге арналған жасанды құрылыстар дайындалды. Дайындық шарасы кезінде 32 вагоннан тұратын 6 тасқынға қарсы пойыз құрылды. Оның ішінде 6 жабық вагонға тас, цемент, т.б материалдан бөлек арнайы киімдер қоры жасақталды. Ондаған вагонға бөгеттерге пайдаланылатын тастар тиеліп, 12 вагонға ескі темірбетон шпалдар және 4 вагон рельсті пакеттер дайындалды. 22 қаңтардан бастап басшылықтан құрылған жедел штаб жұмыс істеуге кірісті. Жол шаруашылығы мен жасанды құрылыстарды көктемге және тасқын суларды өткізуге дайындау жоспары жасалды. Нәтижесінде аймақтағы 546 көпір және мыңға жуық құбыр дер кезінде қардан тазартылды. Темір жол төсемінен жоғары орналасқан 16 бөгет пен су қоймасы тексеріліп, Орал, Ақтөбе облыстары аудандарының ТЖД қызметкерлерімен бақылау күшейтілді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды