Темір жол – қауіпті аймақ ошағына айналып отыр...

Аймақтар
19.08.2024, 13:16
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкентте «Темір жолдағы қауіпсіздік. Рұқсат етілмеген жерден өтудің алдын алуға қатысты профилактикалық жұмыстар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуға жергілікті аймақ теміржолшыларынан бөлек, желілік полиция бөлімдерінің жетекшілері мен көлік прокуратурасының өкілдері қатысты.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының бас инженері Ілияс Нұржанов жетекшілік еткен жиында теміржолда келеңсіз оқиғалардың алдын алу мен профилактикалық жұмыс жүргізудің жай-күйі талқыланды. Атап өтерлігі сол, Шымкент жол бөлімшесінде аталған бағытта жұмыс жүргізудің негізгі жоспары бекітілген. Соның аясында өңір теміржолшылары желілік ішкі істер бөлімінің өкілдерімен бірлесе отырып, ай сайын теміржол маңындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында арнайы профилактикалық шаралар ұйымдастырып тұрады. Жиынға қатысушылар, жыл басынан бері 188 рейдтік тексеріс ұйымдастырылып, 92 құқық бұзу фактісі тіркелгенін атап өтті. Осы орайда құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесе отырып, құқықбұзушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген және заңға сәйкес, айыппұлдар салынған.

Сонымен қатар осы кезге дейін теміржолға жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындарымен 232 кездесу өткізілген. Оған қоса түрлі оқу орындарында 134 түсіндіру шарасы ұйымдастырылып, азаматтарға теміржолдан қауіпсіз өту ережелері туралы айтылған. Сол сияқты теміржол бойында телефонмен сөйлесіп немесе құлаққаппен жүру, қызық үшін сельфилетіп суретке түсу мен балаларға сол маңда ойнаудың қауіптілігі кеңінен түсіндірілген.

– Өкінішке орай, осындай ауқымды жұмыстар іске асырылып жатқанымен көрсеткіш көңіл көншітерліктей емес. Тіркелген келеңсіздіктерді саралайтын болсақ, азаматтардың немқұрайлығы мен қауіпті аймақтан өтуге салғырт қарауының соңы қайғылы жағдайға соқтыруда. Әсіресе кей азаматтардың спирттік ішімдік ішіп, рұқсат етілмеген жерлерден өтуге ұмтылуы өзекті мәселеге айналуда, – дейді Ілияс Бахрамұлы.

Шымкенттік теміржолшылардың айтуынша, бүгінгі таңда Шымкент, Қызылсай, Сарыағаш, Манкент, Бадам, Арыс, Дарбаза станциясы маңындағы темір жолға бөгде адамдардың шығып кету қаупі жиілеген көрінеді. Ал Састөбе, Бадам, Игілік, Монтайтас, Жылға, Темір және Қарақоңыр сынды станция аумақтарында қараусыз малдан келер қауіп-қатер сейілмей тұр. Осының салдарынан темір жол қауіпті аймақ ошағына айналып отыр.

Санаулы күндерден соң кезекті оқу жылы басталатындықтан өңір теміржолшылары жол бойында қауіпсіздікті күшейту мақсатында белсенді жұмыс жүргізуге ден қойған. Станцияларда ұйымдастырылатын ай сайынғы комиссиялық байқау кезінде адамдар жиі өтетін тұстардағы дыбысзорайтқыш құрылғылардың қалыпты жұмыс істеуін тексеріп, мал өткізбейтін қоршаулар қауіпті аймақты ескертетін тақтайшалардың бар-жоғын қадағалауды қатаң түрде қолға алуда.    

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты