Электр шығыны үш есе қысқарды

Аймақтар
13.09.2024, 09:54
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістандағы электрмен жабдықтау дистанциясы орналасқан ғимараттың ең үлкен бөлмесіне электр желілерінің қобдишасы орналасқан. Айқұш-ұйқыш қиылысқан желілер қобдишасының қасбетінде білектей тұтқалар мен қызылды-жасылды түймелер, электр қуатын көрсететін тілшесі бар сан түрлі тахометрлер «Вокзал», «Станция паркі», «Орталық алаң», «Вагон паркі», «Вагон депосы», «Локомотив депосы», т.т. жазулармен белгіленген.

Бұл аталған нысандарға жеткізіліп тұрған электр қуатының қосып-ажырату тұтқасы екен. Олар өндірістік кәсіпорын немесе стратегиялық нысандар болғандықтан электр қуаты киловатпен емес, ампермен өлшенеді. Сондықтан да мұндағы автоматтық құралдардың әрбірі 800 амперге дейінгі қуатты көтеруге қауқарлы көрінеді.  

Басқару пультін аралап жүріп, бұл жерден электр қуаты елді мекендер мен Түркістандағы әлеуметтік маңызы зор азаматтық саладағы нысандарға да электр қуатын тарататынын білдік. Демек, теміржол шаруашылығы өз ішінде ғана қайнамай, жергілікті тұрғындардың қажетіне жарап тұр деген сөз. Оның үстіне теміржол саласы технологияның тиімді тетіктерін пайдалануда да кенжелеп қалған емес. Атап айтқанда, күндіз-түні жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу мақсатында диодты шамдарды қолдану арқылы электр қуатын үнемдеуде. Мәселен, Түркістан станциясының парк аумағын 111 жарықшам бағанасы түнді күндіздей ететін болса, мұның бәрі де 100 пайыздық көрсеткішпен диодты шамдарға алмастырылған. Соның нәтижесінде осы басқару пультінің автоматтарына түсетін жүктеме де күрт азайған. Айталық, спиральді қыздыру арқылы жарық беретін шамдарға есептеліп, сапалы мыстан жасалған кейбір тұтқаның өткізу қуаттылығы 500 амперлік болғанымен, қазіргі кезде осы тетіктен өтетін тоқ көлемі 80-100 ампер шамасында. Себеп – спиральді шамға қарағанда, энергияүнемдеу шамының аз қуатпен екі есе жарық беруіне байланысты. Яғни осындай құрылғылардың артықшылығын талдап есеп-қисап жасасақ, қаншама электр қуатының үнемделгенін байқауға болады.  

– Мәселен, парк аумағын толыққанды жарықтандыру үшін спиральді шамдар 20 кВт энергия қажет етсе, қазір оған жұмсалатын қуат көлемі 7 кВт қана, – дейді бізді басқару пультінің жұмысымен таныстырған дистанцияның тәжірибелі электригі Сапарғали Меңгелбеков.  

Маманның айтуынша, осы күндері жарықтандыруға жұмсалатын энергиядан бөлек қосып-ажырату тұтқаларының санынан да ұшантеңіз үнем жасалатын көрінеді. Яғни басқару пультіндегі бұрынғы 4 тұтқаның қызметін қазір тоқ өткізгіштік қабілеті жоғары әрі сапалы металдан жасалған бір ғана тұтқа атқара алады. Одан бөлек жарық шамдардың қызмет көрсету мерзімінің ұзақ болатындығына назар аударсаң, аталған мекеме ұжымы барынша үнемді әдіспен жұмыс жүргізуге ден қойғандығы сезіледі.  

Түркістандағы электрмен жабдықтау бөлімшесінің диспетчерлік орталығында перегон мен шалғай учаскелерге электр қуатын қосып-ажырататын басқару пульті де осында орналасқан. Фортепиано іспеттес етіп жасалған бұл пульттегі түймелер шалғай аймақтарды жарықтандырудың негізгі тетігі болып табылады. Айталық, басқару пультіндегі бармақтың басындай ғана қызыл түймені басып қалсаң, Түркістаннан 100 шақырым қашықта орналасқан Қостүйін тұйығындағы электр қуаты жалп етіп сөне қалады. Алайда, ол маңда жарық сөнгенімен, сол учаскедегі пойыз кідіріссіз қозғала береді. Себебі теміржол саласында қауіп-қатер мен тосын жағдайдың бәрі дерлік алдын ала ескеріліп, жұмыс процесінің іркіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ету тиянақты қарастырылған. Бұл жерде де сондай. Яғни негізгі желідегі электр қуаты сөндірілгенімен, қосымша желідегі қуат көзімен қозғалыс қалыпты жағдайда жалғаса береді.  

Басқару пультінің оң жақ шекесіндегі алақандай тахометрдің ортасында қара стрелка нені меңзейтінін де білдік. Ол Кентаудағы жылу электр станциясынан ЭЧ-24 мекемесінің Түркістан бөлімшесіне беріліп тұрған электр қуатының көлемін көрсетіп тұр екен. Яғни желі арқылы осы мекемеге 10 500 кВт электр қуаты жеткізіліп, өңірдегі барлық мекеме, кәсіпорындарға үлестіріліп отыр деген сөз. Осылайша, аталған мекеме ұжымы өзіне тиесілі міндетті мінсіз атқарып, өңірдегі өндіріс орындарын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етіп, өз үлесін қосып келеді.  

Осы мекемеде отыз жылдан астам еңбек етіп, жалпы өмірінің 45 жылын энергетика саласына арнаған Сапарғали Сатымбекұлы зейнет жасына жетіп, өткен айда құрметті демалысқа шығыпты. Сүйікті кәсібімен қоштасатын да уақыт жетіпті. Көңілге медеу етері, осы жылдар ішінде талай жасты кәсіпке баулып, шәкірт тәрбиеледі. Демек, дистанция жұмысы сенімді қолда.  

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?