Теміржолшы мамандығына сұраныс артпақ

Аймақтар
17.01.2025, 09:16
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асырылатын жобалар еңбек адамының қоғамдағы орнын айқындауды көздейді. Бұл ретте елімізде ауқымды бастамалар іске асырылуда.

Техникалық және кәсіби білімге басымдық беріліп, сала мамандықтарына бөлінетін мемлекеттік тапсырыстар саны 10 мың орынға артқан. Оның 65 пайызы техникалық білімі бар кадрларды даярлауға бөлінбек. Статистикаға сүйенсек, 2030 жылға қарай елімізде 403 мың жұмысшы маман қажет болады екен. Оның ішінде теміржол саласында да сұраныс артпақ.  

Жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби білім беретін Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі биыл дуальды оқытудың Жол картасы аясында бизнес-қауымдастықтармен өзара іс-қимылды күшейту бағытында нақты іс-шаралар атқаруды жоспарлауда. Колледж директорының оқу-өндірістік ісі бойынша орынбасары Ж.Тайбековтің айтуынша, еңбек нарығындағы қажеттілікті өтеу үшін колледждерді жан басына шаққандағы қаржыландыруды 437 мың теңгеден 912 мың теңгеге дейін арттыру көзделуде. Сондай-ақ 2025-2027 жылдары 270 арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жарақтандыру жоспарланған.

– Колледж түлектері Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп, ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді. Осы ретте жұмысшы мамандарын даярлаудағы сапаны көтеруші факторлардың бірі – әлеуметтік серіктестік екенін баса айтқым келеді. Біздің серіктестеріміз білім беру үдерісінің барлық процесіне белсенді атсалысып отырады. Мысалы, былтыр жыл соңында біздің әлеуметтік серіктестеріміз Жамбыл облыстық білім басқармасы ұйымдастырған жұмысшы кәсіптерін өзектендіру, жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастықты арттыруды көздеген «Кәсіптік білім. Еңбек. Табыс» атты форумға қатысты. Біздің колледждің 2004 жылғы түлегі «Қамқор Локомотив» ЖШС-нің Тараз локомотив жөндеу депосы филиалы директорының өндіріс ісі жөніндегі орынбасары Б.Қаниев «ТОП-10 Жас еңбек адамы» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ «Тау» тәжірибелі-механикалық зауыты» ЖШС-нің директоры А.Синяев «Токарлық іс» мамандығы бойынша колледжді бітіруші түлектерге жұмысқа орналастыру туралы сертификаттарын табыстады, – дейді колледж директорының орынбасары.  

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2025 жылдан бастап, техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне реформа жүргізілсе, жастардың жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік туары анық. Сонда еңбек адамын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауға жол ашылады.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды