Бригаданың бір күні

Аймақтар
04.03.2025, 08:37
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент жол дистанциясының жол шебері Темірбек Шпеков қарамағында 22 жолшымен бірге станция аумағындағы бас-аяғы 12 шақырымдық жұп-тақ жолмен оның бойындағы 49 бағыттағыш бұрманы күтіп-баптап келеді.

Бүгін де станция аумағындағы паркте орналасқан табельдік кабинетке жиналған 4-ші учаске, 13-ші айналым құрамында еңбек ететін жолшылар ұжымы әдеттегідей мақсатты нұсқаулықтан өтті. Темірбек Құралбайұлы тапсырмадан бұрын қауіпсіздік мәселесіне ден қоюды мұқият түсіндірді. Содан соң әрбір бригада өздеріне тиесілі учаскелерге аттанды. Жол жөндеушілердің жүріп-тұруы пойыз бағытына қарама-қарсы жүру қағидасы қатаң сақталуы тиіс... Жалпы, Темірбектің теміржол саласында тер төгіп келе жатқанына 4 жылдан асқанымен, ол осы 13-айналымда жол шебері лауазымын соңғы 3 айдан бері атқарады.  

– Бүгін біздің учаскемізден Таразға қарай МДК (мобильді диагностикалық кешен) машинасы жүріп өтеді. Бұл жөнінде тапсырма апта бұрын түскендіктен, күннің жексенбісіне қарамай жұмысқа екі бригаданы шығардық. Олар станция паркінен бастап 3293 шақырымдағы перегонға дейінгі аралықтағы учаскенің тақ жолын тексеріп шығуы тиіс, – дейді ол.  

Негізінде қазіргі кезде заманауи технология кеңінен қолданысқа енгенімен, оның өзі адам еңбегін қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан да қос рельстің жай-күйін маман көзімен тексеру үшін жол шеберлері осылай жаяу аралайды.  

МДК пойызының жүріп өтуі алдын ала жоспарланып бекітілетіндіктен оған дайындық шаралары ерте бастан-ақ пысықталады. Тіпті арнайы ауысымдық кезекшілік те ұйымдастырылады. Сондықтан да Темірбектің жұмысқа жұмылдырылған қос бригадасының бірі – Жұмабай Ермек бастаған 3 жол шеберінің тобы. Олар 3290 мен 3292 шақырым аралығындағы пикеттің тақ жолын мұқият тексерістен өткізді. Бұл бригаданың осы жолғы міндеті мынадай: рельс астындағы темірбетонды шпалға салмақ түскенде оның кейбірі жоғары-төмен ойнайтыны бар. Мұндай қозғалыс әсерінен қиыршық тас топыраққа сіңіп, лайға айналып, бетіне шығады. Соның салдарынан рельстің бір деңгейлі биіктігі сақталмай, вагон толқындана қозғалады. Нәтижесінде вагон теңселіп, құлау қаупі күшейеді.  

– Біздің басты мақсатымыз – шалшық су шашырап, лайы шыққан маңдағы қос рельстің биіктік деңгейі мен арақашықтығын өлшеп, талапқа сәйкестендіру. Мұны біз көзбен көріп, механикалық құралдар көмегімен қалыпқа келтіреміз, – дейді Жұмабай Сапаралыұлы шаблон-өлшеуішін рельс үстіне қойып жатып.  

Осы қызметте 22 жылдық тәжірибелі маманның түсіндіруінше, бұл ауытқудың 1-ші деңгейіне жатады. Мұны мықты әрі озық технологиялы дейтін МДК-ның өзі анықтай алмайды. Сондықтан да жол шеберлері 2, 3, 4-деңгейлі ауытқуды анықтайтын МДК пойызының алдында осы бірінші деңгейдегі олқылықты қолмен түзеп шығатын көрінеді.  

Жалпы, МДК пойызы балдық санат бойынша 4 деңгейлі жол жағдайының 1-ші деңгейін анықтай алмайтынын жоғарыда айттық. Бұл олқылық тек адам көзімен бақыланып, тәжірибе-біліктілікпен нақтыланады. Ал 2-ші және одан жоғары деңгейлерді осы МДК пойызымен анықтау үшін бірінші деңгейлі жолды қалпына келтіру қажет. Ақаулы жолдың балдық көрсеткіші жоғарылаған сайын, сол маңды жедел жөндеу мүмкіндіктері қарастырылады. Яғни қатар жатқан қос рельстің алшақ немесе жақындығына яки биік-төмендігіне қатысты деректер негізінде жолдың балдық көрсеткіші айқындалады. Себебі арақашықтықтың сақталмауы доңғалақ жұптарының рельс үстінен түсіп кету қаупін арттырса, биіктік деңгейінің көрсетілген талаптан ауытқуы вагонның оңға-солға теңселуін күшейтеді. Ал жылдамдық жоғары болғанда вагон шайқалып, тиелген заттың орнынан жылжуына немесе вагонның бір бүйірге қарай ауып түсу қаупін тудырады.  

– Сондықтан да қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында біз өз тарапымыздан жоғарыдағыдай балдық санаттарды едел-жедел нақтылап, жол жағдайын жақсартуға тырысамыз. Ал енді жөндеп үлгермейтін болсақ, жоғарыдағы басшылық құрамға баяндау арқылы пойыз жылдамдығын мейлінше төмендету арқылы келеңсіз оқиғалардың алдын аламыз, – дейді кәнігі теміржолшы Ермек Сапаралыұлы.  

 

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды