Ғибратты ғұмыр

Аймақтар
13.05.2025, 08:58
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

ҰОС қатысқан, тылда еңбек еткен ардагерлер қатары жылдан жылға азайып барады. Жеңістің сексен жылдығына санаулы ардагерлер ғана жетті.

Жаңаөзендік Жұма ақсақал – бүгінде түбек теміржолшыларының Жеңіс күнімен құттықтап баратын, «соғыс көрген» жалғыз ардагер. Биыл да тыл еңбеккерінің үйіне барғандар қарасы көп болды.  

Теміржолшылар ғана емес, қала, ауылдардан, түрлі мекемелерден келіп қарияны қуантып жатқан өзгелер де көп екен. Дегенмен бәрібір өз әріптестері, ізбасарларын асыға күтіп отырған Жұма Сүйіндіков теміржолшылар келді дегеннен жүзі жадырап, балаша толқыды. Биыл тоқсан бес жасқа жеткен қарияның денсаулығы бірқалыпты, келгендермен әңгіме айтып, амандық сұрасты. Атамызды Жеңіс күнімен құттықтап, хал-жағдайын білуге Маңғыстау локомотив пайдалану депосының және Өзен айналым депосының басшылығы мен кәсіподақ комитеті төрағалары, деподағы басқа да мамандар барды. Басшылықтың алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарын, ардагерге алып барған жеміс-жидек, азық-түлік себеттерін табыстады.  

– Бұл кісілердің арамызда жүргені, жас буынға үлгі болып отырғаны бізді қуантады. Сұм соғыстың сұрапыл жылдарынан өткен, көпті көрген мұндай ата-апаларымыздың әр әңгімесі ғибратқа толы. Тәрбиелік мәні терең. Біз де Жұма ақсақалдың батасын алып, дидарластық. Жылдағыдай тың болмаса да бізбен бірге отырып, дастарханын дайындатып, сондай жылы қарсы алды. Жүз жасасын, мықты денсаулық тілейміз, – дейді Маңғыстау локомотив депосы кәсіподағының төрағасы Әбілсейт Набиханов.  

 

Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды
Аймақтар
13.08.2026
Абай облысында 8 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан жүк тасымалы көлемін арттыру шараларын пысықтауда
Жаңалықтар
13.08.2026
Қазақстан мен Өзбекстан көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Аймақтар
12.08.2026
Түлкібас теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлемде
12.08.2026
Бавария алғашқы сутекті пойызын желтоқсанда іске қосады
Жаңалықтар
12.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы локомотив және жолаушылар паркімен танысты