«Блок-чейн» жобасы: билетсіз жолаушыны жоя ма?

Аймақтар
11.12.2018, 11:05

Қазақстан темір жолы қызметінде пойыз билетіне қатысты алыпсатарлардың жолын кесу үшін блок-чейн жүйесін құру қолға алынып, билетсіз жүру мүмкіндігін жою қолға алынуда. Теміржолшылар пойыз билеттерін сату процесіне адами фактордың әсері болмайтын блоктар жүйесін енгізу тәсілдерін ұсынды.   

Ақтөбеде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты филиалдар мен құрылым басшыларын өткен аптада мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері жинады. Онда «Адал жол» жобасы аясында темір жол тасымалы және халықтың темір жол көлігіндегі қызметтерге қол жеткізуіне кедергі келтіретін мәселелерді жою жұмыстарын талқылады. Оған арнайы мониторингтік топтың мүшелері, көлік прокуратурасының, көліктік бақылау инспекциясының, Ақтөбе бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, желілік полиция бөлімінің басшылары және кәсіподақ өкілдері да қатысты.

 «Бір адамға төрт билетке дейін сатып алуға рұқсат етіледі. Ал электрондық сату кезінде жеке куәлік базаға сәйкестендірілмеген. Бір адам базадан шектеусіз қалағанынша билет сатып ала алады. Осы жерде алыпсатарлардың пайда болмасына кім кепіл?», – деді агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша демартамент өкілі Рафхат Бисенов.

«Батыс» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиал директоры Дархан Ұбайдуллаев жолсеріктердің сәлемдеме тасымалдау жұмыстарының заңдастырылуы нәтижелі жүргізіліп жатқанын сөз етті.

 «Бізде қазір «бригадирлік конверт» деген бағдарлама жұмыс жасап жатыр. Ұшақ арқылы құжат беріп жіберу өте қиын. Сол себепті пойыз арқылы кез келген жанның заңды түрде жолсерік арқылы конверт жеткізу жағдайы заңдастырылған. Ол үшін пойыз басшысында арнайы аппарат бар. Соған ақшаңызды төлеп, түбіртегін аласыз. Ол 500 теңгенің қандай да бір бөлігі сыйақы ретінде жолсеріктің есеп шотына аударылады. Мүмкін оны халықтың көпшілігі біле бермейтін шығар. Жоба нәтижесіз емес», – дейді филиал басшысы.

Дархан Ұбайдуллаев сонымен қатар, билет тапшылығы, алыпсатарлық туралы да айтып өтті. «Бізде қазір кіріс шығыны жоқ. Жаз айларында билеттер сатылымы 95,4 пайызға дейін барды. Ақтөбеден мінген адам Шалқардан түседі, Шалқардан Сексеуілге дейін бос болады. Төрт пайызға жуық жетіспеушілік осындай кездерде болады.

"Бізде билетті броньдап қойып, кейін сатты деген жағдай тіркелген жоқ. Оған жол берілмейді де. Себебі, кассада отырған адам үшін де мұндай нәрселер үлкен шығынға әкеледі. Қайтарылған билет үшін 1000 теңге ұсталады. Оның үстіне қосылатын 300-500 теңге көлеміндегі комиссиясы бар. Алыпсатарлардың жолын кесу мақсатында жасалынған бұл жұмыстар қазір нәтижесін беріп жатыр. Биылғы жылдың 19 маусымынан бастап билетті қайтару 230 теңгеден 1000 теңгеге көтерілгелі тоқсан пайызға азайды. Билетті қайта тапсыру қолайсыз. Кейде қарапайым халыққа бұл кері әсер етіп жатады, әрине, бірақ алыпсатарлықты түбірімен құрту үшін қажет шара", – дейді «Батыс» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиал директоры Дархан Ұбайдуллаев. 

Ардақ ЕРУБАЕВА, Ақтөбе 


Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды