Қараусыз мал көбейіп тұр

Аймақтар
04.03.2019, 18:46

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен 2018 жылдың өрт қаупі бар маусымның қорытындылары мен 2019 жылдың маусымына дайындық жөніндегі міндеттері сараланған үлкен жиын өтті.  

Оған облыстағы барлық орман шаруашылығы мен өртке қарсы күрес, темір жол мекемелері басшылары қатысты. Жиында жыл өткен сайын Жамбыл облысында орман өрті оқиғаларының саны артып, аумағы да кеңейіп келе жатқаны сөз болды. Мәселен, 2017 жылы небәрі 7 орман өрті тіркелсе, тілсіз жау былтыр өрт сөндірушілеріне 39 рет дабыл қақтырған екен.  

Отырыста темір жол бойында қараусыз малдың да азаймай тұрғаны, соның салдарынан төрт түлікті пойыз басу, машинистердің жедел тежегіш басу оқиғалары жиілеп кеткені айтылды.

– Қараусыз жүрген малдың станциялық және магистральдық жолдарға шығып кетуі салдарынан пойыздар, оның ішінде жолаушылар және «Тальго» жүрдек пойыздарының машинистері тежегіштерді шұғыл іске қосуға мәжбүр болуда. Талдау қорытындысы көрсеткендей, соңғы 3 жылда тежегішті шұғыл пайдалану жағдайы 311 болса, оның ішінде 60 оқиғада малдарды басып кеткен. 2018 жылдың 10 айында мал басып кеткен 33 оқиға орын алса, 2017 жылдың осы есепті мерзімінде небәрі 5 оқиға болды. Яғни 28 оқиғаға немесе 85 пайызға өсіп кеткен, – деді бұл туралы Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Дәулетбек Жолдасбаев.

Баяндамашы малдан келетін мұндай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында бөлімшеге қарасты жол дистанцияларының жұмысшылары барлық профилактикалық шараларды қолға алғанымен, нәтиже көңіл көншітерлік еместігін жеткізді.

– Темір жолдағы полиция өкілдерімен бірлескен рейдтік шаралар, малды жаю және жолдан айдау ережесін сақтау бойынша тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпарат құралдарында мақалалар беріліп келеді. Тіпті жол монтерлары арасында атқа мініп, жол бойын бір шолып шығады. Олар темір жол маңынан талай мәрте малды аулаққа айдап жіберген. Мал иелерімен және мал жаюшылармен темір жол алқабына жақын жерлерге мал жаю және жолдан айдау ережесін қанша түсіндірсе де нәтиже аз, – дейді ол.

Жол дистанциясы жұмысшылары облыстың 55 фермерлік шаруашылық жетекшілерімен және жол дистанциялары шекарасына жақын орналасқан елді мекендердегі малдары бар 3117 азаматпен жұмыс жүргізіп, малдың санын анықтапты. Бұдан бөлек фермалық шаруашылыққа орналасу мен малдан қорғау қоршауларын құру жоспары жасалған екен.  

– Биыл жол дистанцияларының күшімен 90 шақырым қашықтыққа мал жолға жиі шығып кететін учаскелерге қоршаулар орнатылып, біразы қалпына келтірілді. Бірақ бұл жұмыстар станциялық және магистральдық жолдардың қауіпсіздігін толық қамти алмай отыр, – деген магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары осы мүмкіндікті пайдаланып, селекторлық режимде жиынға қатысып отырған аудан, қала әкімдерінің орынбасарларынан осы бағыттағы жұмыстарға көбірек көңіл бөлуді сұрады.

– Мұның артында екі үлкен мәселе тұр. Біріншіден, малдың қараусыз қалуы темір жолдағы жүк тасымалы мен жолаушылар өмірі үшін қауіпті, екінші жағынан, жұрттың әлеуметтік жағдайына да кері әсерін тигізіп келеді. Себебі болат жолдың бойында жүрген сиыр немесе жылқы бір үйдің жалғыз малы болуы да мүмкін. Сондықтан, аудан көлемінде өтетін үлкен жиындарда темір жол қауіпсіздігі, әсіресе, желіге жақын маңдағы елді мекендерде малға деген жауапкершілікті күшейту жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізе кеткендеріңіз жөн деп есептеймін, – деді Д.Жолдасбаев.

Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев тиісті басқарма басшылары мен орман қауіпсіздігіне жауапты мекеме басшыларына өрттің алдын алу, ауыл-аудан, қала әкімдіктеріне темір жол бойындағы қауіпсіздікке асталысу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, Тараз 



Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды