Атырауда тұңғыш рет инженерлер форумы өтті

Аймақтар
06.04.2019, 19:34

«Біздің қауіпсіздігіміз – біздің өміріміз». Осындай тақырыпта өткен аптада Атырауда тұңғыш рет өткен бас инженерлер форумы қандай нәтиже берді деген сауалға жауап іздемес бұрын биылғы жылы ҚТЖ халықаралық «Нөлдік жарақат» концепциясының қатысушысы болғанын айтып өтейік. Өйткені, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма басшылығы мен ұжымы осы үрдісті, нөлдік жарақат алу мен еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша алтын ережелерді қолдайды.

Сонымен қатар «Менің өмірім» бағдарламасы құрылуда, онда өндірістегі қауіпсіздікті сақтау бойынша негізгі бағыттар белгіленіп, стратегиялық бағдар бекітілген. Демек, Ұлттық компанияның техникалық саясатын жүргізіп отырған бас инженерлер басқосуы – дер кезінде қолға алынып отырған шара деп пайымдауға болады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және оның жер-жердегі филиалдарының бас инженерлері түгел қатысқан форумның Атырауда өткізілуінің бір себебі, өткен жылды Атырау жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелері ешқандай өндірістік жарақатсыз қорытындылаған көрінеді. Жалпы, аймақта 20-30 жыл бойы бірде бір бақытсыз оқиға, өндірістік апатсыз жұмыс жасап келе жатқан мекемелер баршылық. Ондай мекемелерді үлгі қылып көрсетуге әбден болады және сол арқылы басқаларға да оң ықпал етуге болады деп санайды форумды ұйымдастырушылар.

Форум аясында отандық және ресейлік «Астана Ютария» және «АLLIESS industrial» кәсіпорындарының темір жолда қауіпсіздік технологияларын сақтауға арналған заманауи материалдардан жасалған арнайы киім, аяқ киімдер, жеке қорғаныс құралдары, дабыл беру, электр, санитарлық-тұрмыстық, басқа да құрал-жабдықтар көрмесі өтті. «АLLIESS industrial» компаниясының бизенсті дамыту департаментінің жетекшісі Әсел Ахметованың айтуынша, компания «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен 2014 жылдан бері әріптестік қарым-қатынас жасап келеді. Құрал-жабдықтарды өздері дайындаумен қатар, қазақстандық және ресейлік өнім өндірушілердің тауарларын жеткізіп берумен де айналысады. Форумдағы көрмеге аталған екі кәсіпорынның өнімдері молынан қойылды, олар – арнайы киімдер мен аяқ киімдердің бірнеше түрлері, яғни олар жазғы-қысқы, маусымдық, өртке қарсы, май мен суға, белгілі бір температураға шыдамды материалдардан жасалған. Сондай-ақ, күнделікті жұмыста қолданылатын, электрмен жұмысқа арналған, басқа да қолғап түрлері, қысқы-жазғы бас киімдер, көзәйнек түрлері, каскалар, құлыптар, жеке қрғаныс, белгі беру құралдары, т.б. өнімдер көрмеде көрініс тапты. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инженері Б.Котыревтің айтуынша, аталған өнімдер түрлерін компания пайдаланып, қолданып келеді. Биыл да тендер жарияланып, темір жолдағы жұмысқа, жұмысшыларға қажетті құрал-жабдықтар алуға қомақты қаражат қарастырылған. Соның ішінде олардың сапасына үлкен маңыз беріліп келеді.

Екі күнге созылған жиынның алғашқы күні теориялық түрде өтіп, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты, яғни қауіпсіздік тақырыбында жиырмаға жуық баяндама оқылып, талқыланды. Мекемелердегі қауіпсіздік пен еңбек қорғау жағдайлары, еңбек қорғау жүйесін жақсарту, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы әлеуметтік әріптестік, жұмыс орнында денсаулығын сақтау, жұмысшыларды аттестациялау, сақтандыру, т.б. тақырыптар ортаға салынып, баяндамалар арнайы слайдтармен көрсетілді. Әр баяндамадан соң сұрақтар қойылып, мәселелер таразыға тартылды, қауіпсіздік бойынша жағдайлар талқыланып, қауіпсіздікті жақсарту жөнінде ұсыныстар айтылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котыревтің атап өткеніндей, соңғы он жылда компания бойынша жарақат алу көлемі азайған. Яғни, жылдан жылға қауіпсіздік бойынша енгізіліп жатқан жаңалықтар өз нәтижесін беріп келеді деген сөз. Өткен жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша жарақат алудың 28 оқиғасы тіркелген,

одан зардап шеккендер 34 адам. Оның негізгі себептері – қауіпсіздік пен еңбек қорғау ережелерін сақтамау, жұмыс беруші тарапынан жұмыстың қанағаттанғысыз деңгейде ұйымдастырылуы және үшінші тараптың әсері т.т. Жұмысшының аяқ асты денсаулығы нашарлап, жұмыс орнында өзін жайсыз сезініп, құлап қалуы тіпті өліп кетуі сынды оқиғалар да соңғы кезде жиілеп, қауіпсіздікке нұқсан келтіруде екен. Өткен жылы ең қауіпті мамандықтар ретінде жол монтерлері, машинист көмекшілері және пойыз құрастырушылар танылған. Сондықтан бас инженердің айтуынша, өндірісте талапты күшейтіп, оқытуға, тәлімгерлер тағайындауға, өндірістік қауіпсіздік мәдениеті мен шараларын сақтауға көңіл бөлу керек.

Форумның екінші күні қонақтар Махамбет станциясында болып, Атырау жол дистанциясының жұмыс үдерісімен танысты, тәжірибе алмасты. Оларға рельс түйіспесін арнайы темір жол машинасымен дәнекерлеу, сонан соң оны егеу жұмыстары көрсетілді. Жолшы мамандар арнайы техникамен бір түйіспені бірнеше минутта-ақ дәнекерлеп, егеп бітіріп шығарды. Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Елубай Сапаровтың айтуынша, өңірде жол жөндеу бойынша әр алуан машиналар кешені пайдаланылып, технологиялық үрдіс жетілдірілуде. 2009 жылдан Атырау жол дистанциясына енгізілген Oliver Wyman канадалық әдісінің артықшылығы адам ресурстарына мейлінше аз салмақ түсіріп, басты басымдылықты техникамен сапалы жұмыс жасауға бөлу. Жұмысшылар үшін кешенді бірнеше модуль, тамақ ішу, жатын бөлмесі бар «Путник» сынды темір жол көліктері алынған. Аталған техникалар жол шаруашылығы жұмысшыларының жұмысын жеңілдетіп, айтарлықтай жақсартқан. Махамбет станциясы басында жолшылар үшін жылыну қосыны бар, жалпы дистанцияның мұндай 10 шақты қосыны бар екен. Жұмысшылар мұнда қыста жылынып, тамақ ішіп әлденіп, телімге қайта шығады.

Бұдан кейін қонақтар Атырау электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс дистанцияларында, «Теміржолжылу-Атырау» серіктестігі мен вагон және локомотив деполарында болып, еңбек қорғау кабинеттерінің жасақталуымен танысып, жұмысшылардың өз күшімен түсірілген қауіпсіздік бойынша бейнероликтерді тамашалады.

Сондай-ақ, ширек ғасыр, яғни 25 жыл бойы өндірістік жарақатсыз жұмыс жасап келе жатқан Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының жұмыс тәжірибесі көпке үлгі етілді. Дистанцияның 77 жылдық тарихы бар. Осы кезеңде өндірісте тек 6 жарақат алу оқиғасы тіркелген, соңғысы 1992 жылы болыпты. Содан бері, 25 жылдан астам уақыт, яғни 8940 күн өндірістік жарақатсыз жұмыс жасап жатқан дистанция жетістігі шынында, мақтан етерлік. Сонымен қатар, дистанция жыл сайын өндірісті жаңартып, жаңғыртуға, еңбек қорғауға көп көңіл бөлуі де оның жетістігінің бір қыры екені даусыз. Соңғы 20 жылда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалған, 4 станция жаңа микропрцессорлық қондырғылар жүйесіне қосылып, ПОНАБ, ДИСК қондырғысы КТСМ-02-ге, Сағыз-Атырау учаскесіндегі диспетчерлік орталықтан басқару жүйесі заманауи МП ДЦ «Диалог», МП АС ДЦ микропроцессорлық қондырғыларға ауыстырылған. Осылайша, тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыра отырып, еңбекке қолайлы жағдай жасалған. Бүгінде шуды, дірілді азайтатын генераторға көшкен. Форумда дистанцияға «Сенім сертификаты» табыс етілуі ұжым мерейін арттыра түсті.

Түстен кейін форум жұмысы қайта жалғасып, әрі қарай өрбіді. Форум барысында 2019 жылға нолдік жарақат бағытында жұмыс жасау ұстанымы талқылынып, негізгі міндеттер белгіленді. Қатысушылар қауіпсіздікке қатысты әр мәселені жете талқылап, тәжірибе алмасып, барынша мол мағлұмат алуға тырысты. Әрқайсысы теориялық және практикалық шаралар барысында қажетті ақпарат алуға мүдделі екендіктерін танытты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» бас инженері Қайырбай Орынбаев ашық диалог алаңына айналған форум жұмысы жемісті боларына сенім білдірді. «Магистральдық желі дирекциясы еліміздің 21 мың шақырым темір жолына қызмет көрсетеді, онда мыңдаған жұмысшылар еңбек етеді. Біз жыл сайын, тіпті күн сайын өндірістік жарақат алудың болмауына, жұмысшылардың қауіпсіз еңбек етуіне, санитарлық-гигиеналық жағдайын жасауға тырысамыз. Бұл жұмыстар әрмен қарай да жалғаса береді. Осындай және басқа да шараларға өткен жылы 5,5 млрд. теңге бөлінді. Жұмысшыларды арнайы киіммен қамту, медициналық сақтандыру, өндірістегі санитарлық-тұрмыстық жағдайын жақсарту да үнемі назарда. Кең ауқымда өткен бұл форум қауіпсіздік саласындағы күрмеулі мәселелерді шешуге, компанияның осы бағыттағы мақсатына жетуіне өз септігін тигізеді деп сенемін», – деді Қайырбай Ермекұлы өз сөзінде.

– «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да 50 мың адам еңбек етсе, олардың әрқайсысының денсаулығына көңіл бөлу оңай емес. Жұмысшылар үшін барлық медициналық қызметтер келісімшарт негізінде ұйымдастырылған. Дегенмен, адамдардың денсаулығы күрт нашарлап кетуіне талдау жасай отырып, медициналық тексеру бойынша өндірістік дәрігер мен фельдшер лауазымын енгізуге шешім қабылданды. Олар кадр және мекеме басшыларымен тікелей жұмыс жасауы керек. Қатаң медициналық бақылаудың мақсаты ауру адамды шығарып тастау емес, оның еңбекке қабілеттілігін сақтауға көмектесу, денсаулығын түзеп жіберу. Сөйтіп, жұмыс орнын да, жұмысшыны да сақтап қалу. Теміржолшылардың жұмысы жоғары психоэмоционалдық факторлармен байланысты, олар үнемі болатын шу мен дірілге тәуелді. Ол 30 градус аяз не ыстықта тіптен қиын. Міне, өндірістік дәрігерлер осыны бақылайды. Дер кезінде ауру белгісін анықтап, алдын алуға жұмыстанады. Оларға әр жұмысшы келіп өзінің денсаулығы туралы кеңес алуына болады,– деген ҚТЖ-ЖТ өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті менеджері Дария Төлеуованың мәлімдемесі де көптің көңілінен шықты.

Екі күнге созылған форум көпшіліктің көңілінен шыққаны анық. Қатысушылар форум жұмысының қызықты өткенін және пайдалы шара болғанын айтып алдағы уақытта тұрақты өткізіліп тұруына мүдделі екендерін жасырмады. Ал қорытындысында еңбек қорғау және қауіпсіз өндірісті қамтамасыз етуде өзгелерге үлгі бола білген мекемелер аты аталып, «Сенім сертификаты» табыс етілді.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Жаңалықтар
28.11.2024
ҚР, ҚХР және РФ e-commerce саласындағы байланыстарды нығайтуда
Жүк тасымалы
28.11.2024
Қарашада ҚТЖ желісі бойынша 1 млн тоннадан астам астық жөнелтілді
Аймақтар
28.11.2024
Кәсіподақ төрағасы түбекке келді
Аймақтар
28.11.2024
Пойыз құрастырушы құрметті демалысына шықты
Аймақтар
28.11.2024
Көлік полицейлері вокзалда ұсақ бұзақылық жасаған төрт адамды ұстады
Жаңалықтар
28.11.2024
Елден тысқары жерлерде «құрғақ порттар» желісін құруға басымдық береміз – Тоқаев
Жаңалықтар
28.11.2024
ҚТЖ мен ФинИнвест ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Жаңалықтар
28.11.2024
ҚР, РФ және ҚХР терминал салып, бірыңғай цифрлық платформаны пайдаланатын болады
Жаңалықтар
28.11.2024
ҚТЖ мен Ресей темір жолдары бірқатар келісімге қол қойды
Аймақтар
27.11.2024
Кырағы күзет қызметінің сарбаздары
Жүк тасымалы
27.11.2024
Транзиттік вагондар ағыны артты
Әлемде
27.11.2024
Румынияда алғашқы Coradia Stream пойызы іске қосылды
Жүк тасымалы
27.11.2024
Құрық портындағы жаңа астық терминалы экспортқа мүмкіндік ашады
Жаңалықтар
26.11.2024
Жаңа темір жолдардың құрылысы кезінде 157 көпір салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
ҚТЖ 2027 жылға дейін 9 терминал салады
Жаңалықтар
26.11.2024
2029 жылға дейін 5 мың км жол салынады
Жаңалықтар
26.11.2024
Оқушылар мен колледж студенттері теміржолшы мамандығымен етене танысты
Жаңалықтар
26.11.2024
Биыл отандық өндірушілермен 1 637 келісімшарт жасалды
Жүк тасымалы
26.11.2024
Достық станциясынан ҚХР-ға тасымалдау жоспары мерзімінен бұрын орындалды
Жолаушылар тасымалы
26.11.2024
Жолаушылар вагондарындағы стоп-кранды пайдалану ережелері