Тәжірибе осылай қалыптасады: Қызылордада семинар өтті

Аймақтар
11.04.2019, 20:59

Қызылорда ЖТ бөлімшесі техникалық бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен аймақтағы барлық станциялар мен бекет басшыларының қатысуымен «Қозғалыс және еңбек қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнертапқыштық» деген тақырыпта семинар өтті.

Семинар қатысушыларын қабылдаған Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев семинар басталмас бұрын қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын арттыруға қатысты жиын өткізіп, Ұлттық компания басшылығы талаптарының орындалуын, жіберілген кемшіліктердің себеп салдарларын талдап, станция басшыларына жекелей тапсырмалар жүктеді.

Бөлімше басшысының орынбасары Ерлан Айдаровтың басшылығымен басталған семинар еркін форматта өтіп, қозғалысты ұйымдастырушылар кездескен кемшіліктер мен оларды шешудің оңтайлы жолын ортаға салды. Жалпы алғанда аймақ станция-бекеттерінен келген теміржолшылардың көкейде жүрген сауалдарының бәрі сөз болып, пікірлер сарапқа салынды. Ұлттық компания белгілеген құжаттар мен технологиялық талаптар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және еншілес кәсіпорындарда «Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін» (СУПБ) басшылыққа алып орындауды күшейту келісілді. Баяндама жасаған басшыларға ұсыныстар айтылып, талқыланып олар қаперге алынды. Қазалы, Шиелі, Сексеуіл, Жосалы, Қорқыт және Қызылорда станциясының басшылары өндірістік жұмыстарды орындау барысында кезде сетін келдергілермен бөлісіп, оларды оңтайлы шешу жолдарын ақылдасты. Қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Бекжан Өтеулиев станцияларда болсын, бекетте болсын жалпы аймақ теміржолшылары үшін кез-келген өндірістік жұмысты атқару кезінде маңызды саналатын құжат – Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін» (СУПБ) басшылыққа алу қажеттігіне тоқталды.

– Станциядағы бүкіл қозғалысты станция кезекшісі, пойыз құрастырушы және машинист секілді тасымалға қатысты жауапты тұлғалар терең меңгеруі керек. Барлық станциялық жұмыстың басты кейіпкерлері осылар, олардың бірінің екіншісіне дұрыс команда беруі, өзара түсінісіп жұмыс жасауы бекет жұмысының түп нәтижесі. Бір жағдай орын алса, маневрлік жұмыс жасайтын машинисті кінәлаймыз немесе пойыз құрастырушыны жазғырамыз, енді бірде станция кезекшісіне күйе жағуға тырысамыз. Неге? Өздеріңіз ойлап көріңіздер, 120 тонна шамасындағы алып техниканың маневрлік жұмыс жасауы оңай шаруа емес, сондықтан бұл жерде станцияға келген пойызды 29 минут ішінде жолға салып жіберуге асығатын станция кезекшісінің сауаттылығы, жағдайды жетік меңгеруі, пойыз құрастырушының жылдам да орамды іс-қимылы өзара үйлескенде ғана жұмыс оңға басады, ал егер осы қозғалысты ұйымдастыратын темір жолшылар өзара түсінісе алмаса, команданы тыңдамаса, міндетті түрде ол жерде бір ақау пайда болады да қозғалыс қауіпсіздігі бұзылары хақ, – деген Бекжан Өтеулиев, жылжымалы құрамның маршрутын дайындағанда «екі шоқып, бір қарау» қағидасын ұстану, «враждебный маршрут» бола қалған жағдайда қалай әрекет жасау керектігін де түсіндірді, сөйлеу регламентін сақтауға аса мән беру керектігін қатаң тапсырды. Осылайша кезкелген станцияда жұмыс кезінде болып қалуы ықтимал ахуалды жағдайларды айтып, олардан шығу жолдарын тыңдаушылардың көз алдына әкеліп түсіндіріп бергендей болды.

Техникалық бөлімнің бастығы Жарқынбек Рсымбетов кәсіби мамандықты игеру, тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отырған бүгінгі семинардың ЦГ Б.Котыревтың ағымдағы жылдың қаңтар айындағы №17-ЦЗ бұйрығы негізінде өтіп жатқанына тоқталып өтті. Осы бұйрықта жаңашылдықты, озық тәжірибені насихаттап үлгі ету, рационализаторлық ұсыныстарды арттыру керектігі айтылады. Сондықтан бөлімшенің Түркістан мен Сексеуіл Қоскөл станциялары арасындағы бүкіл станция-бекеттердің басшыларын жиып семинар ұйымдастыру өз жемісін беріп отырғанын және де осындай семинарлар тәжірибе алмасуға, теміржолшының білім-біліктілігін арттыруға көп көмегін тигізетінін білдірді.

Ал, Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаев теміржолшылардың ауысым алдында дәрігерлік тексеруден өткізілуін күшейтуді, сонымен қатар бөлімшенің 11-бекетінде де дәрігерлік тексеру жұмыстарының ұйымдастырылуын ұсынды. Және де әр станцияға келіп тоқтайтын жылжымалы құрамның өндірістік қызметті алуына мәжбүр болған жағдайында, мәселен УЗОТ қызметі көрсетілу үшін құрамды УЗОТ пунктіне жақын жолға тоқтатуды ретке келтіруге ұсыныс білдірді. Өз кезегінде Қызылорда локомотив пайдалану депосы басшысының орынбасары Ізбасқан Сүйінов те деподан шыққан тепловоздың қызметін оңтайлы пайдалану керектігін, ол үшін қозғалысты ұйымдастырушы теміржолшылардың өзара ымыраласып жұмыс жасауы маңызды екенін жоққа шығармады.

Вагон және локомотив пайдалану деполарының басшылығына жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға көңіл бөлу және өндірістік жарақат алудың алдын алу жағдайларын күшейтуге басты назар аудару, сондай-ақ рационализаторлық ұсыныс, техникалық жаңалық әзірлеу жұмыстарының жылдық жоспарын орындауға күш салу және бұл жағдайды өз ұжымдарында кеңінен насихаттау, жас мамандарды ұсыныс әзірлеуге баулу, жетекші инженерлердің рационализаторлық ұсыныстарды талап негізінде құжаттарын рәсімдеуін жетілдіру сынды бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Семинардың екінші бөлігі станциялық жолдарды кезекті тексеру шарасын ұйымдастыру, тексеру кезінде не нәрсеге басты назар аудару қажеттігін көзбен көріп, көңілге тоқу үшін Қызылорда станциясының жолдарын аралап, озық тәжірибе алмасу сабағын өткізуге ұласты. Мұнда Қызылорда жол және белгі беру-байланыс дистанциясының өкілдері қолдарына шаблон, құралсаймандарын ұстап, станцияның оңтүстік алқымындағы басты жолдың қиылысындағы бағыттамалық бұрмалардың жай-күйімен таныстырып, жолға өлшем жүргізу, бағыттамалық бұрманың жұмысы жайлы түсіндіру жұмыстарын жасады.

Аймақ теміржолшыларының биылғы жылдың алғашқы тоқсанындағы рационализаторлық ұсыныстар дайындау жоспарының ойдағыдай орындалғанын Ғылыми-техникалық және сараптама орталығы басшысы Сарқыт Шакманова жеткізді. Жалпы, Қызылорда ғылымитехникалық кітапхана семинар аясында кітап жәрмеңкесін өткізіп, келушілер назарына жаңа өнімдерін ұсынғаны оң шешім болды. Келісіп пішкен тонның келте болмайтынын қаперде ұстаған теміржолшылар семинар жұмысының тиімділігін жоғары бағалады. 

Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр