Шиелі станциясы: меже үдесінен табылды

Аймақтар
10.06.2019, 10:47
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Шиелі – Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің оңтүстігіндегі өндірістік станция. Мұнда жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қызмет көрсететін бірнеше теміржол мекемелерінің бөлімдері, учаскелері орналасқан.

Шиелілік теміржолшылар сәуір айында 25 пойыздың 1256 вагонын қабылдап, бекет басынан 1059 вагон тіркелген 28 пойызды құрастырып, жөнелткен екен. Бұл дегеніміз, шиелілік теміржолшылардың күніне екі пойыз құрамына қызмет көрсететінін аңғартады. Яғни, бекетке келген пойызды қабылдап, вагондарды таратып, одан кейін қажетті бағыттарға орайластырып, қайта пойыз құрамдарын жасақтайды. Бұл – шағын ұжым үшін орасан жұмыс.

Жыл басынан бергі бекітілген жоспарларды артығымен орындап келген станция теміржолшылары пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде қозғалыс қауіпсіздігін толық сақтап, кірме жолдарда тосын жағдайлардың орын алуына жол бермеген. Станцияның бүгінгі тынысы жайлы мәлімет ұсынған Шиелі станциясы бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров жоспарлы жұмыстар бірқалыпты өз ауанымен орындалуда екенін білдірді. 

– Жалпы шиелілік теміржолшылардың еңбегі ерен. Мұндағы жұмыс қосындарының, оның ішінде өндіріс ошақтарының бекетке жақын орналасуы, ол мекемелердің теміржол қызметін пайдалануы бекет жұмысына оң әсерін тигізуде. Жыл басынан бергі жұмыс көрсеткіштерінің толық орындалуы да бірқалыпты, ал сәуір айында негізгі жұмыс көрсеткіштері 99,3 пайыз бен 127 пайыз аралығында толығымен орындалды. Бұл – әріптестерімнің өздерінің кәсіби міндетін адал, абыроймен атқаруының нәтижесі. Алдағы уақытта да біздер жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау шараларын күшейтіп, жұмыс өнімділігін жетілдіруге күш саламыз, – дейді станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров.

Басшы орынбасарының ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, бекет еңбеккерлерінің сәуір айында 803 вагонды жүгінен босатып, 143 вагонды 9053 тонна жүкпен толтырғанын көреміз. Бекеттегі кірме жолдарға 952 жүк вагоны беріліп, 956 вагон кірме жолдардан шығарылыпты.

Үстіміздегі жылы вагондарды жүкпен толтыру, жүктен арылту, станция жолына келген жүк пойызындағы вагондарды бағытына қарай бөлшектеп, қайта құрастыру секілді жұмыстарға әбден төселіп, тәжірибе жинақтаған теміржолшылар абырой биігінен көрінуде. Мәселен, бір жүк түсіру операциясында вагонның бос тұру көрсеткіші 7.0 сағатқа белгіленсе, іс жүзіндегі көрсеткіш 6.19 сағатты көрсетіп, жоспар 113 пайызға көтерілген. Құжаты рәсімделмей, вагонның станцияда бос тұру көрсеткішінің жоспардағы 1.30 сағаттық жүктемесі 1.23 сағатқа қысқарып, меже 106 пайызға жетіп жығылған. Шиеліліктер жұмыс тәртібіне бағынғанның ұтылмайтынын бек жақсы біледі. Сондықтан техникалық сабақтарға толығымен қатысып, еңбек және қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына айрықша мән беріп келеді.

Жолаушылар тасымалы
01.06.2025
Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойыз Алматыға келді
Жаңалықтар
31.05.2025
ҚТЖ Пәкістанның ірі компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
31.05.2025
Ақтаудағы жаңа контейнерлік хабтың іске қосу кезеңі маусым айында басталады
Жаңалықтар
30.05.2025
Қазақстан мен Конго Республикасы логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылады
ҚТЖ келбеті
30.05.2025
Темірден түйін түйген Момын Өтегенов – 95 жаста
Әлеумет
30.05.2025
Болашақ станциясында жаңа ойын алаңы ашылды
Аймақтар
30.05.2025
Арыс теміржол торабы жаңартылған соң вагон айналымы 20 пайызға артты
Спорт
30.05.2025
Теміржолшылар арасында футболдан тартысты турнир өтті
Аймақтар
30.05.2025
Жұмысқа тұрудың жаңа тәртібі
Спорт
30.05.2025
Теміржолшылар зияткерлік пен дәлдікте бақ сынады
Жаңалықтар / Мұрағат
30.05.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №41 30 мамыр 2025 жыл
Жаңалықтар
29.05.2025
Теміржолшылар өткелдерде профилактикалық жұмысты күшейтті
Жүк тасымалы
29.05.2025
ҚТЖ: Астық экспорты артты
Жолаушылар тасымалы
29.05.2025
Елімізде жаңадан екі электр пойызы іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2025
Жазда теміржол көлігімен 7 млн жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр
Жаңалықтар
29.05.2025
Астанада ALSTOM компаниясының жаңа сервистік орталығының алғашқы тасы қаланды
Жолаушылар тасымалы
29.05.2025
«Сиань–Алматы» бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға аттанды
Әлемде
28.05.2025
Қазақстандық PTC holding компаниясы Грузияда терминал ашпақ
Жаңалықтар
28.05.2025
Астана форумында Транскаспий дәлізін дамыту барысы сөз болды
Жүк тасымалы / Апта саны
28.05.2025
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы 13% ұлғайды