Бағыт – интеллектуалдық әлеуетті тиімді басқару

Аймақтар
20.09.2019, 12:07
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ұлттық компания рационализаторлардың жаңашыл идеяларына қашан да қолдау білдіреді. Инновациялық ұсыныстарға қомақты сыйақы да төлейді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, ғылыми-техникалық құжаттарды жүргізу талаптарын жетік меңгеруді үйрету және рационализаторлар қызметін жандандыру мақсатында Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінде ауқымды семинар өтті.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталық менеджері Жанар Ораз Ақтөбедегі станция басшылары, техникалық бөлім мамандары мен инженерлер қатысқан семинар жұмысына жетекшілік етіп, жиында Ұлттық компанияда рационализаторлық қызметті ұйымдастыру жүйесіндегі жетістіктер жайлы баяндама жасады. Ұлттық компания бойынша 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 13 мың рационализаторлық ұсыныс жүзеге асырылған екен. Іске асырылған жобалардың экономикалық тиімділігі 1 миллиард 300 миллионнан астам теңгені құраған.

«2019 жылдың екінші жартыжылдығында жоспар бойынша 450 жоба қаралу керек болса, 487 рационализатор жобасын жолдаған. Соның ішінде 30 бен 34 жас аралығындағы жас өнертапқыштар саны бес пайызды құрап отыр. Рационализаторлық ұсыныстарды енгізу жоспары бойынша 454 болу керек болса, 555 ұсыныс тіркелген. Оның ішінде 485 жоба қаралып, 455-і іске асырылды. Алғашқы жартыжылдықта рационализаторлық қызметтің нақты шығындары 17 653 271 мың теңгені құрады», – деді өз сөзінде Жанар Ораз.

Орталық менеджерінің мәліметінше, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өндірісті дамытуға қажетті жаңа ұсыныстар жоспары 135 пайызға орындалған. Яғни, 39 жаңа идея өндірісте іске асырылуы тиіс болса, білікті мамандар 59 ұсыныс енгізіп, тың бастамаларымен бөліскен. Ал оның экономикалық нәтижесі 2418 мың теңгені құраған. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есе артқанын көрсетеді.

Рационализаторлық қызметті дамыту барысында бүгінде компания бірқатар материалдық және моральдық ынталандыруларды қамтитын нормативтік база жасады. Белсенді рационализаторларға «Үздік рационализатор» белгісімен бірге 15 АЕК (37875 теңге) көлеміндегі ақшалай сыйақы беріледі. Сонымен қатар, жыл сайын жаңашыл ойларды қолдау мақсатында өнертапқыштар конференциясы өтіп, үздіктер марапатталатыны да жақсы ынталандырады. Жақын күндері осындай шаралардың бірі Алматыда өтеді деп күтілуде екен. Онда «Рационализатор қызметі бойынша ең үздік ұйым », «Инновациялық қызметті ұйымдастырудағы ең жақсы филиал», «Техникалық жобалардың үздік ұйымдастырушысы» номинациялары бойынша үміткерлер анықталмақ.

«Жылдың үздік техникалық жобасы» байқауына үміткерлер 8 номинация бойынша инновациялық ұсыныстар жасай алады. Экономикалық жағынан тиімді бес үздік рационализаторлық ұсыныс ынталандыру сыйлығымен марапатталатын болады.

«Ұсыныстарды өңдеудің ашықтығын арттыру үшін ғылымитехникалық ақпаратты басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Бұл жобада құжаттарды тіркеуден бастап, автор материалдарын қарау, қорытынды жасау процестері электронды түрде жүзеге асады. Қазір цифрлық кітапхана ақпараттық жүйесі әзірленуде. Ғылыми-техникалық ақпараттарды басқарудың автоматтандырылған жүйесі болады. Идеялар мен ұсыныстарды инновациялық басқару жүйесіне орналастырылады. Автор жұмыс орнынан немесе ұялы телофонмен басқарылатын жеке кабинет арқылы идеясын ұсына алады. Жобаға 35 жасқа дейінгі жас мамандарды тарту қарастырылған», – дейді Жанар Ораз.  

Техникалық орталық менеджері барлық тіркелген идеялардың ақпараттық жүйенің электронды деректер базасында сақталатынын және мұрағатта қалай іріктелетінін түсіндірді. Патент алған авторға орташа айлық жалақы мөлшерінде сыйақы беріледі. Егер ғылымитехникалық рационализаторлық жоба бірнеше автордың бірлескен жұмысы болса, олардың әрқайсысына орташа айлық мөлшерінде жалақы төленетін болады.

Жанар Ораздың баяндамасынан кейін сөз алған Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің бас инженері мамандарды өнертапқыштық идеяларды ұсынуда белсенді болуға шақырып, өңірдегі үздік рационализаторларды үлгі етті.

«Қандыағаш станциясының бас инженерінің жұмысын атап айтуға болады. Әрдайым көрсеткішті көтеругекөмектеседі. Облыстағы рационализаторлық қызметтің белсенділігі Қандыағаш қаласында көрінеді. Бұл жағынан әлі күнге дейін бірде-бір жоба ұсынбай отырған станциялар да бар. Неге? Материалдық қолдау жаман емес. Ұмтылу керек, ынталану керек. Сіздердің әрбір ұсыныстарыңызға қомақты сыйақы беріліп отыр. Жолаушылар және жүк тасымалы табыстылығын көтеру, логистикалық бизнес, теміржол инфрақұрылымдарының тиімділігі мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді болуымыз керек. Ұлттық компания теміржолшылардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту мен инновациялық ұсыныстарын қолдауға басымдық беріп отыр. Рационализаторлық қызметтің белсенділігі өндіріс көрсеткішін көтеруге, материалдық ресурстарды үнемдеуге жеткізеді», – деді Ақтөбе ЖТ филиалының бас инженері С.Елеуов.

Сонымен қатар, семинар кезінде өңірде тіркелген оқиғаларға талдама жасалып, олардың орын алу жолдары талқыланды. Жарақат алу оқиғаларының дені қауіпсіздіктің сақталмауы мен мамандардың өз міндетін жетік білмейтіндіктен орын алатыны айтылды.

«Үстіміздегі жылдың шілде айында Тоқмансай станциясында машинист көмекшісінің жарақат алу оқиғасы тіркелді. Ол оң қолын күйдіріп алған. Қандыағаш-Никельтау аумағында болған жағдайға анықтау жұмыстары жүргізілді. Тепловоз машинисі алғашқы медициналық көмек көрсеткен және Алға қаласынан жедел жәрдем қызметі шақыртылған. Жүргізілген тексеру кезінде анықталғандай, жұмысшы жіберген қателікке байланысты оқиға жұмыс барысында тіркелген жағдайға жатпайды. Себебі машинист көмекшісі өзіне жүктелмеген міндетті өз қалауымен орындаған. Қызметкер ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды», – деді Қандыағаш локомотив депосы басшысының орынбасары А.Мақашев.

Мамандар іс құжаттарын толтыруда жиі жіберілетін қателіктерді болдырмау жолдарын да атады. Басшылық құрам тарапынан жұмыс орнында арнайы киімді шешпеу ережелерін қатаң сақтауды бақылап отыру ескертілді. Қарапайым ғана қауіпсіздік ережелердің сақталмауы жазатайым жағдайға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Станция басшылары мен іс құжаттарын жүргізіп отырған техникалық бөлім мамандарына кіріс-шығыс журналдарына мұқият болу керектігі ескертіліп, техникалық құжаттар толтыру тәртібі түсіндірілді.

Семинар бөлімшедегі белсенді рационолизаторлар мен техникалық ұйымдастырушыларды Алғыс хатпен марапаттаумен өз жұмысын аяқтады.

Жаңалықтар
14.05.2026
ТМД темір жолдары интеграцияны нығайтуда
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Көлік вице-министрі «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің іске асырылу барысын тыңдады
Жаңалықтар / Инфрақұрылым
14.05.2026
Солтүстік Қазақстандағы вокзалдарды жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Аймақтар
14.05.2026
Маңғыстау теміржолының ардагерлері бас қосты
Әлемде
14.05.2026
Швеция жануарларды анықтайтын жасанды интеллект жүйесін сынақтан өткізіп жатыр
Инфрақұрылым / Инфографика
14.05.2026
Қазақстанда темір жолдарды жаңғыртудың жоспарланған көлемінің үштен бірі орындалды
Аймақтар
14.05.2026
Ардагерге тағзым – ұрпаққа өнеге
Жаңалықтар
14.05.2026
Шу станциясында полицейлер азаматты ажалдан аман алып қалды
Жолаушылар тасымалы
14.05.2026
1 маусымнан бастап Семей – Жалаңашкөл бағыты бойынша жол жүру тарифі өседі
Жаңалықтар
13.05.2026
Үш өңірде вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Жаңалықтар
13.05.2026
Олжас Бектенов көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Әлемде
13.05.2026
Ресей темір жолы жаңа капсулалы вагондарды таныстырды
Аймақтар
13.05.2026
Ардагерден бата алды
Жүк тасымалы / Инфографика / Апта саны
13.05.2026
2026 жылдың алғашқы төрт айында ҚТЖ желісінде 84 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жолаушылар тасымалы
13.05.2026
ҚТЖ жазда 4,2 млн жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр
Спорт
13.05.2026
Маңғыстауда теміржолшылар арасында аймақтық турнир өтті
Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты