Қауіпсіздік талабы қатаңдатылады

Аймақтар
24.09.2019, 12:03
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – Семей ЖТ бөлімшесінде Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің ұйытқы болуымен «Пойыз қозғалысының қауіпсіздігі» тақырыбында екі күндік семинар-кеңес болып өтті. Барлық бөлімшелердің бас ревизорлары мен салалық ревизорлар, қозғалыс қауіпсіздігі саласына жауапты мамандар, ревизорлық қызмет ардагерлері қатысқан жиын барысында қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған бірқатар өзекті мәселелер сарапқа салынды.

Семей ЖТ бөлімшесі директоры Марлен Көкірекбаев пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов Абай елінде бас қосып отырған теміржолшыларға қонақжай пейіл танытып, Семей теміржолы, оның қалыптасу тарихы мен қазіргі қызметі, экономикалық әлеуеті жайында таныстырып өтті. Одан әрі жиынның күн тәртібіне байланысты сөз кезегін алған ҚТЖ орталық аппаратынан келген мәртебелі мейман, Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Ниязбек Жанабаев игі шараға ұйытқы болған Семей ЖТ бөлімшесі басшылығына алғыс білдіріп, күн тақырыбында тұрған өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, теміржолшылар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қозғалыс қауіпсіздігі саласының қазіргі жайкүйі, жүк вагондарына техникалық күтім жасау сапасы, ревизорлық қызмет құрылымының маңыздылығы, ревизорлық жұмыстарды ұйымдастыру мен дұрыс жүргізу және өзге де құзырлы орындармен әріптестікте жұмыс істеу жайында толғамды пікірлер ортаға салынып, ортақ талқыға түсуі қажет екендігін айтып өтті. Ниязбек Төлеутайұлы Қауіпсіздік департаментінің бүгінгі қызметіне, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтаудағы маңызды жұмыстарға тоқталып, кең көлемде мағлұмат беріп өтті.

– Біз бүгінде, тұрақты түрде, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізудеміз. РБ аппараты мен салалық ревизорлар қызметі негізінен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға бағытталады. Десек те, бүгінде магистральдық желілер бойында жыл басынан бері 21 жылжымалы құрамның жолдан шығып кету оқиғасы тіркелді. Оған негізінен мамандардың өз ісіне жауапсыздықпен қарауы себеп болуда. Осы себепті орын алған әрбір жайтқа байланысты шұғыл тексеру жұмыстары жасалып, болашақта оған жол бермеу шаралары жан-жақты қарастырылды. Бүгінде орталық аппараттан 23 мақсатты түрдегі тексеру жүргізіліп, телеграфтық нұсқаулар жіберілген. Сонымен қатар, жыл басынан бері департамент жоспарына сай 5 мәрте ревизиялық жұмыстар жүргіздік. Кеше ғана Семей бөлімшесі бойынша тексеру жұмыстарын аяқтадық, – деп атап өткен Ниязбек Төлеутайұлы нақты көрсеткіштер қатарына да тоқталды. 

Бас ревизордың айтуынша, өткен 8 ай ішінде барлық ревизорлардың қатысуымен 4363 тексеру өткізіліп, 4781 тыйым салу шарасы қабылданған. Бұдан өзге пойыз қозғалысына өрескел қауіп туғызған 427 қауіпсіздікті бұзу фактілері анықталып, қатердің алды алынған. Осынау жұмыстар арқылы ревизорлық қызметтің маңызын атап көрсеткен Ниязбек Төлеутайұлы қауіпсіздік шараларын нығайтуда желі бойында тосын оқиғаларға жол бермеудің тиімді тәсілдерін бірлесіп талқылауды, нақты ұсыныстарды қабылдап, жүзеге асыруды ұсынды.

Семинар-кеңес барысында қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас ревизор-менеджер Руслан Молдағалиев аталмыш сала бойынша келелі баяндама жасап, слайд түріндегі мағлұматтармен таныстырды. Руслан Ғабдыхамитұлы айтып өткендей, ағымдағы жылдың 8 айы ішінде қозғалыс саласында 26 қауіпсіздік тәртібін бұзу фактісі тіркелген. Бұл ұлттық компания шаруашылықтары арасында 40 пайыздық үлесті құрайды. Сараптама көрсеткендей, көп жағдайда процеске станция кезекшілерінің қателігі себеп. Яғни, маршрут желісін дұрыс даярламаудан бастап, вагондарға тежегіш башмақтарды қате орнатуға дейінгі аралықтағы кемшіліктер орын алған. Осы жайында сөз өрбіткен Руслан Ғабдыхамитұлы осы бағыттағы қадағалау, тексеру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Соның ішінде қозғалыс қауіпсіздігін тудырған жайттардың себебін толықтай зерттеу керек.

Сол тәрізді локомотив шаруашылығы бойынша баяндама жасаған бас ревизор-менеджер Игорь Нечитайло да тың мәліметтермен бөлісті. Сәйкесінше, аталмыш тақырып аясында бөлімшелерден келген бас ревизорлардың ұсыныстары да көп болды. Атап айтқанда, тепловоз машинистеріне қызмет барысында ғаламторға қосылған ұялы телефон ұстауға ты- йым салу мәселесі кеңінен талқыланды. Тәжірибе көрсеткендей, смартфонға тәуелділіктің залалы өте жоғары. Мәселен, бүгінде тынығу бөлмесіне кіргенмен, телефонға шұқшиып, ұйқысы қанбай шығатын машинистер де ревизорлар назарын аударып, алаңдатуда. Бұл сауалға пікір білдірген Ниязбек Төлеутайұлы аталмыш мәселе заңға қайшы келмейтіндей, тиімді мәміледе шешілуі тиіс екендігін атап өтті.

Сол тәрізді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік қауіпсіздік директоры міндетін атқарушы Айтым Құрақбаевқа да ревизорлар қойған сауалдар өте көп болды.

Семинар-кеңес барысында соны мен қатар, ревизорлық қызметке жұмысқа алудың тәртібін қатаңдату, қызметкерлердің білім-білік деңгейін арттыру жайы да кеңінен талқыланды. Бұл ретте ревизорлық қызмет ардагерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, тың ұсыныстар айтты.

Жиын барысында Жамбыл ЖТ бөлімшесінен Айрабыл Утеубаев, қызылордалық Алмат Молдашев, Атырау бөлімшесінен келген Бердібай Өтеулин, Қарағанды теміржолынан Болатбек Әлмұрзаев, Алматы ЖТ бөлімшесінен келген Мейрамбек Серік баев сынды бас ревизорлар тұжырымды ұсыныс, тұшымды пікір білдірді.

Сөз орайында келіп түскен ұсыныстарға алғысын білдірген Ниязбек Төлеутайұлы барлық пікірлер арнайы хаттамаға алынып, ескерілетінін, тиімді деп танылған орынды ұсыныстардың қызмет барысына енгізіліп, іске асырылатынын жеткізді.

Басқосуда ревизорлық қызмет саласының ардагерлеріне қошемет көрсетіліп, сый-сияпат табыс етіліп, қатысушылар естелік суреттерге түсті. 

Спорт
13.05.2026
Маңғыстауда теміржолшылар арасында аймақтық турнир өтті
Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді
Аймақтар
08.05.2026
Маңғыстауда тыл ардагері Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтар
08.05.2026
Талғат Алдыбергенов 100 жастағы ардагер-теміржолшыны Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2026
Теміржол вокзалындағы тәртіп сақшысы
Әлемде
08.05.2026
Ташкент вагон жасау зауыты биыл Ресейге 42 жолаушы вагонын жеткізуді жоспарлап отыр
Әлемде
08.05.2026
Қытайдан Ауғанстанға жаңа контейнерлік бағыт іске қосылды
Жаңалықтар
07.05.2026
Талғат Алдыбергенов Ерейментау вокзалы құрылысының барысын тексерді