Күйзеліспен күресе білген жөн

Аймақтар
25.11.2019, 16:43
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жұмыстың өнімді болуы қызметкердің біліктілігіне, кәсібилігіне ғана емес, оның көңіл- күйіне де байланысты. Әсіресе, жауапкершілігі зор, заң мен мұқияттылықты талап ететін теміржол саласында бұл түсініктің маңызы аса жоғары. Бұл ретте семейлік теміржолшылар тұрмыстық немесе қызметтік өмірде стрестен қалай сақтануға болады, хош көңіл-күйді қалай қалыптастыру керек деген сауалдар төңірегінде мамандар пікіріне құлақ түріп, өзара тәжірибе алмасты.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша оқытушысы Гүлфия Берікболова мен ШҚО біріккен кәсіподақ ұйымдарының «Шаңырақ» татуласу орталығының жетекшісі Елизавета Абдрахманова сынды кәсіби мамандар өткізген жиынның беташарын бөлімше басшысы Марлен Көкрекбаев ашып, басқосудың негізгі мәніне тоқталып өтті.

Ал семинарға жиналған кадр бөлімі мамандары мен мекемелер, станциялар басшылары осыдан соң екі топқа бөлініп, пайдалы дәріс тыңдады.

Мәселен, Гүлфия Октябрқызы күйзеліске бой алдырмаудың маңыздылығы жайында сөз қозғап, жағымсыз энергиялардан сақтану, сонымен қатар, тұрмыс пен қызмет барысында конфликтілік жағдайлардың алдын алу жайында ғылыми тұжырымға негізделген дәйектемелермен бөлісті.

Сондай-ақ, ішкі ресурсты сарқып алмау мен жұмыс барысында орын алатын стреске қарсы «қытай қорғанын» тұрғызу, позитивті ұстанымда болу туралы тұшымды кеңес берді. Осы орайда үйдегі ерлізайыптылар қатынасы мен жұмыста әріптестер мен басшылар арасындағы келіспеушіліктерді болдырмау туралы да аса пайдалы ұсыныстармен бөлісті.

Қатысушылар арасында сөз алған Семей жол дистанциясының басшысы Рахат Ботаспаев, Аягөз станциясының басшысы Еркін Тойкенов тақырып аясында пікір білдіріп, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жиын барысында жастар тарапынан қойылған сауалдар да көп болды. Әр сұраққа тыңғылықты жауап қайырған психолог мамандар қазіргідей жағдайда әр адам үшін өз денсаулығымен қатар көңіл-күйіне де ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

– Ғылыми тұрғыдан дәлелденген бір жайт – жүрекқан тамыр ауруларынан бастап қатерлі ісікке дейінгі аурулардың туындауына тұрмыс пен қызмет барысындағы ауыр психологиялық ахуал әсер етеді. Сол себептен де әр жұмысбасты адам үшін жағымды көңіл-күй, позитивті ойлау, жағымсыз энергиялардан сақтану мен пейіл-сана тазалығы аса қажет қасиеттер саналады, – деп атап өткен маман Гүлфия Берікболова ішімдік ішу проблемаларды уақытша ғана ұмыту тәсілі болғандықтан жағдайды шеше алмайды деп те түйіндеп өтті.

Семинарда сонымен қатар, амбициялық ұстанымда болу мен мақсатқа жету жолындағы табандылық жайында да кеңінен сөз болды. Дегенмен, ерлер мен әйелдердің қызмет барысында тең еместігі жайындағы пікірлер қызу пікірталасқа да айналып, қатысушылар өз көзқарастарын ортаға салды. Бір сөзбен айтқанда, күйзеліс кезінде уақытша эмоционалдық жағдайды жеңе білген, онымен күресе білген жөн деген тұжырым жасалды. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады