«Болашақ» маңындағы болашақсыз ауылдар

Аймақтар
21.01.2020, 09:35
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау қаласынан алшақ жатқан станция маңындағы ауылдардың әлеуметтік жағдайы нашар күйде қалып отыр, соның ішінде «Болашақ» зауытына жақын орналасқан елді мекендердің проблемасы тіпті жеткілікті.

Ең алдымен, экологиялық ахуал өте нашар, зауыттан шыққан түтін мен күкірттің иісі Карабатан, 496 разъезд, Таскескен, Ескене станциялары тұрғындарының денсаулығына айтарлықтай әсер етуде, қажетті инфрақұрылым жоқ. Бұл ауылдарда негізінен теміржолшылар тұрады, халықтың дені темір жол саласында жұмыс істейді. 496 разъезд тұрғындары жуырда қалаға жайлы пәтерге көшірілді. Ал басқа ауылдар әлі сол қиын күндерін бастан өткізуде.

Тұрғындарының айтуынша, зауыттан орналасу қашықтығы әртүрлі болғанымен, бәрінің проблемалары бір. Ең алдымен ауаның бүлінуі денсаулыққа үлкен зиянын тигізуде: жағымсыз иістен адамдардың қан қысымы жоғарылап, басы айналып, жүрек нашарлауда. Содан да болар, ауылда өлім-жітім көп. Сонан соң ауылда су да, газ да, жол да жоқ, балабақша мен мектеп, емхана деген екі бастан жоқ. Жолдың сапасы өте нашар, газ жоқ, көмір жағады.

Мектеп жасындағы балалар Атырау қаласындағы Бесікті мен Доссор елдімекендеріндегі интернатта жатып оқиды. Оларды апта сайын тасымалдаудың өзі қиындық тудыруда. Үлкендерін айтпағанның өзінде, 5-6 жасар баланы автобусқа не пойызға қараусыз мінгізіп жіберу қауіпті, бірақ басқа амал жоқ. Дүкен деген атымен жоқ, азықтүлікті жұрт қаладан тасымалдайды. Көлігі барларға жеңілдеу болғанымен, көлігі жоқтарға тіптен қиын. Таксилер әкесінің құнын сұрайды. Ал ауылдан қалаға арнайы автобус қатынамайды.

Осыған орай сейсенбі күні Атырау облысының жаңа әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мақат ауданына қарасты теміржол торабында орналасқан Таскескен мен Ескене ауылына барып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. «Мен осы ауылдың байырғы тұрғынымын. Бүкіл өмірім темір жолда өтті, бүгінде зейнеткермін. Бірақ еңбектің зейнетін көреміз деген шағымызда мынадай қиындықтарға тап келіп отырған жайымыз бар. Зауыт салынғалы бері халықтан маза кетті, мал жұтады. Газ өзімізден шығып жатыр, ал біз әлі күнге көмір жағып отырмыз. Денсаулығымыз күннен-күнге нашарлап барады, сондықтан біздің тілегіміз – ауылды қалаға көшіру», – деген еді осыған дейін басшыларға халық атынан өтініш айтқан ауыл ақсақалы, «Құрметті теміржолшы» Мырзақара Хасанов.

Бірақ жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Енді жаңа әкім тұрғындар өтінішіне орай мәселені қайта қарауды көздеп отыр. Халық өтінішін құп көрген аймақ басшысы ауылды көшірудің барлық заңдылықтары қайта қаралсын деп тапсырды.

Айта кетейік, Қашаған мұнайы құйыла бастаған «Болашақ» зауыты жылына 22, 5 млн тонна мұнай және 6,2 млрд текше метр газ өңдейді. Мұнай өңдеу жүйесі тәулігіне 450 мың баррельге немесе жылына 22,5 млн тонна мұнай өңдеуге мүмкіндік береді. Жылына қуаты 6,2 млрд текше метрге дейін газ дайындайтын жүйе, отын мен күкірт ретінде сұйытылған газды да қоса алады. Ал қышқыл газдан қарапайым күкірт өндіріледі. Күкірт сутегінің ауаға таралуы экологияны нашарлатып жатқандықтан, инфрақұрылым мен ешқандай әлеуметтік нысандардың жоқтығынан аталған ауыл тұрғындарының болашағы жоқ, сондықтан ауылды көшіруден басқа жол жоқ деседі көпшілік.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды