Олар – теміржолшылар әулетінің жалғасы

Аймақтар
31.01.2020, 08:12
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Мақат станциясы – теміржолшылар кенті. Мұнда екінің бірі теміржолшы немесе солардың ұрпағы. Жалпы, Мақат станциясы өз жұмысын 3 бағытта жүргізеді: Мақат-Сағыз, Мақат-Бейнеу, Мақат-Атырау. Станциядағы жолдар 10 жолдан құралатын қабылдау-жөнелту паркіне және 7 жолдық қабылдау (дөңесалды) паркіне біріктірілген.

Станция бойынша 10 сұрыптау жолы бар аз қуатты сұрыптау дөңесі жұмыс істейді. Онда вагондарды тарату процесі 6-10 жолдар аралығында орындарын ауыстыру есебінен жүргізіледі, содан кейін дөңеске шығарылады. Барлық жолдар электр орталығына қосылған. Бүгінде станцияда тәулігіне орташа есеппен 28 жылжымалы құрама келіп-кетсе, 2 мыңға жуық вагон таратылады. Ол жұмыстарды атқаратын, әрине, білікті мамандар. Атап айтқанда, табло алдында отырған Жанәділова Әсемгүл – Арыс қаласындағы теміржолшылар колледжінің түлегі. Еңбек жолын белгі беруші болып бастаған ол ОПД операторы, кейін информатор болып жасады. Содан дөңесалды паркінің кезекшісі болды. Мұнда парктегі вагондарды уақытылы сұрыптап, бөліп отыру қажет. 2018 жылы станция кезекшісі қызметіне ауысып, күні бүгінге дейін ол жұмысын адал атқарып келеді.

Пойыздар қозғалысының бүкіл кестесі көрініс табатын табло оның көз алдында, соған қарап станциядағы вагондар қозғалысын реттеп отырады. Әсемгүлдің анасы Гүлбаршын апа да вагон пайдалану депосында еңбек еткен, бүгінде зейнеткер. Динара Жұмабайқызы да әке-шеше жолын қуып, теміржолшы болыпты. Әкесі машинист көмекшісі болса, анасы вагон жөндеуші болып қырық жыл еңбек еткен. Динара да белгі беруші болып еңбек жолын бастапты. Сонан соң парк кезекшісі, соңғы бес жылда жүк паркі бойынша станция кезекшісі. Отбасылы, жолдасы да Мақат қалпына келтіру пойызында ілмек ілуші болып жұмыс жасайды. «Станцияда күніне 23-25 жүк пойызын, 10-12 жолаушылар пойызын қабылдап-жөнелтеміз. Жұмысым өзіме ұнайды. Мен бұл мамандықты жүрегіммен таңдағанмын» дейді ол. Нұрлан Ермұратов – Ақтөбе көлік және жаңа технологиялар колледжінің түлегі. Отызды алқымдаған жас жігіт еңбек жолын вагон қозғалысын реттеуші бо

лып бастапты. Бұл ауыр да қауіпті жұмыс, асқан ептілікті қажет етеді. Дөңестен құлдилап келе жатқан вагондарды әр бағытқа таратыпбағыттап отыру оңай емес. Осыған бір жылдай машықтанған соң ол пойыз құрастырушы болып ауысады. Мұны да екі-үш жыл әбден меңгерген ол станция кезекшісі болып ауысып, бүгінде ата жолын жалғастырып келе жатқан жайы бар. Атасы Қапан Сағыз станциясында вагон пайдалану қызметінде болса, әкесі Әжіғали Шұбарқұдық станциясында машинист. Осылайша үш кейіпкеріміз де теміржолшылар династиясын жалғастырып келе жатқан жас мамандар. Ауысымға түскен сәттен бастап оларда тыным жоқ: телефон трубкасымен қай пойыз келді, қайсысы қай жерде тұр, қайдан келеді, қайда барады, қай жолға қабылданады, қысқасы, станция басындағы қарбалас тірлікке «кіріп» кеткен, жан-жаққа мойын бұруға уақыттары жоқ. 12 сағаттық кезекшілік аяқталғанға дейін солай. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды