Толық дайындық сапында

Аймақтар
21.07.2020, 09:34
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Былтыр 24 маусым күні Арыстағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылысты ешкім ұмыта қойған жоқ. Таңертең басталған дүрбелең екі-үш күнге созылды. Жергілікті халық ары-бері зулап ұшқан снарядтардан қорқып, жансауғалап жан-жаққа қарай қаша бастады. Ал осы кезде, керісінше, жарылыстың салдарынан болған өртті сөндіру үшін Қазақстан теміржолына қарасты өрт сөндіру пойыздары Арысқа қарай жөңкіліп бара жатты...

Солардың ішінде апат орнына алдымен жеткен Шымкент, Арыс, Түркістан өрт сөндіру пойыздары болды. Осы үш пойыз былтырғы Арыс қаласындағы жарылыста өрт шыққан ғимараттарды сөндіруге атсалысып, орасан зор шығынның алдын алды.

Шымкент мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі басшысының орынбасары Асхат Даберовтың айтуынша, жалпы,теміржолдағы өрт сөндірушілер қызметіне 2017 жылы 100 жыл толған екен. Қазіргі таңда Шымкент өрт сөндіру пойызы қызметінде 43 адам еңбек етеді. Мекеме Арыс-Шымкент, ТүркістанШымкент және Түлкібас, АрысСарыағашқа дейінгі аралыққа қызмет көрсетеді. Өрт сөндіру пойызының сыйымдылығы – 100 тонна су, яғни 2 цистернасы бар, әрқайсысы 50 тоннадан.

Сонымен қатар 5 тонна көбік болады және 1 ЗИЛ көлігі бар. Көпіршікті мұнай нысандарынан шыққан ірі өртті сөндіруге қолданады. «Былтыр Арыс қаласында жарылыс болған кезде ҚТЖ-ның үш пойызы да өрт сөндіруге көмекке бардық. Біздің жасақтан 11 адам барды. Шымкент өрт сөндіру пойызы Бадам станциясында тұрдық, Түркістанның пойызы Темір станциясында тұрды.

Су жетпей қалған кезде көмекке келдік. Жалпы, ең ірі өрт 2017 жылы Манкенттегі мұнай газ өткелінде шыққан болатын. Соңғы ірі өрт былтыр Арыста болды. Ал былайынша біз ҚТЖ қызметінде болғаннан кейін жылжымалы құрамдарда кішігірім түрлі оқиғалар болып жатады.

Пойыздар, электровоздар, цистерналар жанады, соларды сөндіреміз, дала өрті деген тағы бар. Биылдыққа 2020 жылы бір ғана өрт болды, электровоздан шыққан өртті сөндіруге атсалыстық», – деді Асхат Даберов.

Қазір коронавируске байланысты барлық жерде жұмыстар қызу жүріп жатқан жоқ. Кейбірі уақытша тоқтап тұрса, кейбірі жарым-жартылай жұмысын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Өрт сөндіру қызметінің кейбір жасы 55-тен асқан жұмысшылары қашықтан жұмыс істеуге көшірілген. Жұмыста тазалық пен гигиена сақталуы назарға алынып, маскалық режим, санитайзерлер орнатылған. Өрт сөндірушілер негізі тоқсан сайын бір рет оқу-жаттығу өткізіп тұруы тиіс. Алайда, карантинге байланысты Арыс, Шымкент пойыздары екі оқу-жаттығу ғана өткізсе, Түркістан бір ғана оқужаттығу өткізді.

«Мұның бәрі де карантинге байланысты тоқтап тұр. Керек десеңіз, нысандарды тексеру тоқтап тұр. Негізі жылына әр пойызға 4 реттен 12 оқу-жаттығу өтетін және қосымша қалалық өрт сөндіру қызметімен бірлесіп тағы бір оқу-жаттығу өткізетінбіз. Ол үлкен ауқымда өтіп, оған қалалық полиция, дәрігерлер қызметі мен өрт сөндірушілер қатысатын», – дейді Асхат Даберов.

Өрт сөндіру қызметі – өте қауіпті мамандық. Мұндағы әрбір адам тәуекелге бел буатыны жасырын емес. «Біз жұмысқа теміржол мамандығын оқыған адамды аламыз. Себебі, сала жұмысынан хабары болуы керек. Бірақ қазір өзіңіз білесіз, жұмысқа алу туралы мораторий бар. Тек вакансия арқылы кіреді. Сондықтан біздің әрбір жұмысшымыз тәжірибелі, білікті маман», – дейді А.Даберов.

Өрт қауіпсіздік шараларын пысықтау үшін жылына екі мәрте көктемгі және күзгі комиссия өткізіліп тұрады. Ал қалған уақытта әр станцияның инспекторы бір айдың ішінде оннан аса объектінің өрт қауіпсіздік шараларын тексеріп тұрады. Асхат Даберовтың айтуынша, бүгінде оңтүстікте аптап ыстық. 40-45 гардуста кез келген жерден өрт қаупі бұрқ ете қалуы мүмкін. Сондықтан өрт қызметі толықтай дайындық сапында, бес қаруын сайлап, кез келген жерге аттанып кетуге дайын тұр. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады