Өндірісте - жаңашыл бағдарламалар

Аймақтар
28.08.2020, 13:28
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Арыс сигнализация және байланыс дистанциясы жыл басынан бері көптеген жұмыстарды бекітілген кешенді жоспар бойынша толығымен орындады.

Соның бастысы, құрылымдық анализ бойынша СОБ құрылғыларын жөндеу және ауыстыру бойынша ШойтөбеТүркістан өткелінде 5 дана релелік шкафтың электр сымдарын монтаждап шықты. Сарыағаш және Жылға станцияларында 15 дана бағдаршамның электр сымдарын, Қостүйін мен Қарақоңыр, Рзд-37 станцияларында 15 дана жол коробкасының электр сымдарын, Арыс-1, Арыс-2, Шеңгелді станцияларында 17 дана электрбұрмасының электр сымдарын, Отрабат, Ақшоқат, Күншағыр станцияларында 8 дана кабельдік қораптың электр сымдарын, Арыс-1 станциясында 1,5 км ескі кабельдерін ауыстырды.

Сондай-ақ, ШЧ мамандары техникалық қондырғыларды жақсарту бойынша инженерлік-техникалық ісшараларды да жүзеге асырды. Атап айтқанда, ЦШЛ-183/35 әдістемелік нұсқаулық бойынша Темір-Ақшоқат, Қостүйін-Қарақоныр, Темір-Рзд-37 өткелдерінде шектен тыс кернеуден және найзағайдан қорғау жұмыстары бойынша жаңа технологияларды енгізу жұмыстары толығымен аяқталды. Аталған өткелдерде ОГКП-001, 002, 004 типті жаңа жабдықтар енгізілді.


ШЧ-38 Арыс мамандары релелік шкафтардың, стативтердің және СОБ құрылғыларының монтажын бірыңғай стандартқа келтіру жұмыстарын да ұмыт қалдырмады. Мәселен, Арыс1, Сарыағаш, Түркістан станцияларында 20 дана стативі бірыңғай стандартқа келтірілді. ҚостүйінҚарақоңыр, Күншағыр-Шойтөбе, Жылға-Шеңгелді өткелдерінде 12 дана релелік шкафтың монтажы бірыңғай стандартқа келтірілді. Түркістан, Сарыағаш, Дарбаза станцияларында 17 дана электрбұрма монтажы, Арыс1, Ақдала, Сарыағаш, Шеңгелді станцияларында 23 дана кабельдің муфта және трансформаторлық жәшіктері монтаждалды.

Бұдан бөлек, Сарыағаш-Келес, Темір-Акшоқат, Талдықұдық-Шағыр өткелдерінде 16 дана бағдаршам мен Арыс-2, Шанақ, Шеңгелді, Арыс1, Шағыр, Монтайтас, Қарақоныр станцияларында 14 дана батарейлік шкаф, Сарыағаш, Арыс-2, Шеңгелді, Түркістан станцияларында 20 дана бұрма жәшіктерінің монтажы бірыңғай стандартқа келтірілді.

– Осы жылдың қаңтар айынан бастап дистанция бойынша МП АС-ДЦ, АРМ-ВТД, АСУ-Ш бағдарламаларын енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. МП АС-ДЦ бағдарламасы бойынша барлық станцияларда көлемді монтаждық жұмыстар жасалып, жаңа қондырғылар қойылды. АРМ-ВТД бойынша дистанцияның барлық схемалары электронды форматқа өткізіліп жатыр. АСУ-Ш бағдарламасы бойынша дистанцияда техникалық құжаттамаларды, дистанцияның барлық құрылғылары мен жұмыс кестелерін электронды форматқа өткізу жұмыстары жүргізілуде, – деді дистанцияның техникалық бөлімінің инженері Дәулет Тұрысбеков.

Дистанцияда жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен карантин талаптары да қатаң сақталған. Аға диспетчер М.Тынышбай, диспетчер Н.Тлеуханов жұмысты қадағалап отырса, дистанция бастығының байланыс жөніндегі орынбасары М.Назаров уақытылы жұмыс жоспарын таныстырып отырады. Ал КТСМ аға электромеханигі А.Добанов пен КТСМ элекромеханигі Т.Тұрманов КТСМ болометрін үнемі қадағалап, керек кезінде ауыстырып тұрады. Өндіріс шебері Б.Рахимбаев көп жағдайда онлайн өткізіліп жатқан практикалық және теориялық дәріс барысында жұмысшылардың техникалық білімін арттыруға күш салады. 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады