Темір жол саласындағы жаңашылдықтың өңірлердегі нәтижесі

Аймақтар
04.08.2021, 10:17
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан экономикасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту саясатында теміржол саласының орны ерекше. Пандемия кезінде де еліміздегі көліктік-логистикалық сектор экономикалық өсімнің басты драйверлерінің бірі болды. Географиялық жағынан тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақтөбе бөлімшесі елдегі жағдайға қарамастан жүк тасымалы жоспарын әдеттегідей асыра орындай алды. Аймақтағы «Пойыздар қозғалысын басқару орталығының» жұмысы оң көрсеткішке ие. Ақтөбе ЖТ бөлімінің басшысы Бөріхан Сматуллаұлының айтуынша, өткен жылдың желтоқсан айында ашылған диспетчерлік орталық үнемділік көрсеткіштерін еселеп, қозғалыс қауіпсіздігін арттырды. Атырау, Батыс Қазақстан, Маң- ғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстары аумағында өтетін пойыздар қозғалысы реттелді. Пилоттық жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның сандық трансформация бағыты бойынша пойыздар қозғалысын басқаруды цифрландыру мен автоматтандыруға қол жеткізді. Аймақта пойыз қозғалысын телефонмен хабарлау әдісі толықтай жойылды. Бес облыстағы қозғалысты бір жерден басқарған диспетчерлер пойыздар кідірісін азайтты. Орталық уақыт өткен сайын мүмкіндігін арттыруда. «Пойыздар қозғалысын басқару орталығы» жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Амангелді, Вавилино бекеттерін біріктіру жұмысы жүзеге асырылды. Нәтижесінде орындалған жұмыс көлемі артып, жұмсалатын отын көлемі бірнеше есеге үнемделді. Аймақтағы жартыжылдық жұмысты қорытындылаған Ақтөбе ЖТ бөлімінің басшысы Бөріхан Беркімбаев өңірдегі жүк айналымы жүз пайыздан асыра орындалғанын баяндады. Локомотивтің орташа тәуліктік жүрісі де 100%. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда жүк айналымының көрсеткіші 105,9%-ға орындалған.

«Тасымалдау процесінің сапасын жақсартуға қатысты қолға алған шаралар оң нәтижесін берді. Биылғы жылы «Жем-Ақтөбе», «Шұбарқұдық-Мақат», «Әйтеке би-Тобыл» учаскелерін ұзарту арқылы локомотивтер мен локомотив бригадаларының экономикалық тиімділігі мен ұтымды пайдаланылуын арттыру жұмыстары сәтті аяқталды. Пилоттық жобада пойыздардың тоқтау уақыты қысқарды. Нәтижесінде тепловоздардың орташа тәуліктік жүрісі 8 км-ге артты. Жалпы дизельдік отынды үнемдеу 61 990 тоннаны құрап, жалпы экономикалық тиімділігі 165,518 млн.-ға жетті», – деді Бөріхан Беркімбаев.

Аймақтағы пойыздар кестесінің орындалуы да өткен жылмен салыстырғанда жақсарған. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің оң динамикасы байқалады. «Ішкі жергілікті нормативтік-техникалық актілерді, қозғалыс қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру жұмыстары толықтай аяқталды. Сәйкесінше, жол қозғалысы қауіпсіздігі оқиғаларының төмендеуіне қол жеткізілді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ- ның корпоративтік әлеуметтік саясатын іске асыру жұмыстары жалғасып келеді. Өндірістік үрдістердің тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс құралдарын жаңғырту және дамыту, үрдістерді басқаруды автоматтандыру, өндірістік активтердің құрылымын оңтай- ландыру, энергияны және ресурсты үнемдеу экономикалық тиімділікті қамтамасыз етті», – деді Бөріхан Сматуллаұлы.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады