Түркістанда 25 темір жол көпірі шұғыл жөндеуді қажет етеді

Аймақтар
24.08.2021, 10:39
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты темір жол учаскелеріне Шымкент және Арыс жол дистанциялары қызмет көрсетеді. Мамандар жыл басынан бері жолдың балдық бағасы жоспар бойынша 96 балл, орындалуын 88 балл деп бағалап отыр. Айта кетсек, былтыр жолдың сапасы төмен болған, жоспар бойынша 81 балл, орындалуы 89 балды көрсеткен. Қанағаттанарлықсыз шақырым 102, яғни 24 шақырымға азайтылды. Бұдан бөлек, жол өлшегіш вагон 3 және 4 дәрежелі ауытқулардың да азайғанын анықтаған. Жол дистанциясының мамандары жарты жыл ішінде ақаутапқыш құралдар жұмысын да саралады. Ақаутапқыш арбалармен жолдың техникалық күйін тексеру тиімділігі өз нәтижесін берді. Яғни, ақаутапқыш арбаның көмегімен жыл басынан бері 258 ақау анықталған. ПЧ-53 бойынша – 115, ПЧ-54 бойынша – 143. Жасанды құрылыстар мен жер төсемінің жай-күйі туралы да талдау жұмыстары белгілі болды. Бірқатар жасанды құрылыстар жөндеуді қажет етеді. Бөлімшеге қарасты 761 жасанды құрылыс бар, оның ішінде 210 көпірдің 11-і металл, 454 құбыр, 3 жол өтпесі, 7 жаяу жүргінші көпірі, т.б. Олар 1903-1971 жылдар аралығында салынған. Тексеру нәтижесі 25 ақаулы көпірді анықтады, яғни ПЧ-53-ке тиесілі 13 көпір, ПЧ-54-ке тиесілі 12 көпір жөндеуді қажет етіп тұр. Сондай-ақ, жөндеуді талап ететін арық пен су бұру құрылыстары, бойлық науалар да жолшылар назарынан тыс қалған жоқ. Өткен жылы Шымкент қаласының әкімдігіне және Түркістан облысы әкімдігіне ұлттық компания атынан «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені бар бейнекамераларды «Көркем Телеком» ЖШС-мен бірлесіп төрт өткелде орнату туралы хаттар жіберілген болатын. Олар: 3294 шақырымдағы 9 пикет, 3301 шақырымдағы 8 пикет, Бадам станциясы 3255 шақырымындағы 10 пикет пен 3102 км 7-ші пикеттер. Облыс әкімдігінің қызметкерлері полиция департаментімен келіссөздер жүргізіп, облыстық цифрландыру басқармасына сауал жолдады, әзірге шешім қабылданған жоқ. Шымкент қаласы бойынша цифрландыру бөлімінің мамандары жаңа бизнес жоспар құрып, күзетілетін өткелдерде жол жүру ережесін орнату мәселесі қаралуда деген ақпарат бар. Жалпы, 3102, 3113, 3294, 3255, 3301, 3250 шақырымдардағы төсемдерді резеңке плиталармен ауыстыру, жол ережесін бұзушы- ларды бейнекамераға жазу үшін барлық күзетілетін өткелдерде бейнебақылау орнату мәселесі жолшылар тарапынан жыл сайын көтеріліп келеді. Алты өткелде автоматты шлагбаумдар орнату және жаңа стандартты үй-жайлар салу, Арыс-Шымкент учаскесі мен Арыс-Сарыағаш, Түркістан-Арыс учаскесі, Қазығұрт-Ленгір учаскесі өткелдерінде бағдаршам дыбысын орнату қажеттігі – кезек күттірмейтін мәселенің бірі. Бұдан басқа, кейбір өткелдерде автокөлік қарқындылығы 10 мың бірліктен астам автокөлікті, оның ішінде 500 бірліктен астам автобусты құрайтын автоөткізгіштер салу қажет деп жоспарлап отыр.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады