Ақтөбелік жолаушылар темір жол билеттерін онлайн рәсімдеудің мүмкіндіктерін пайдалана бастады

Әлеумет
19.10.2021, 10:41
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол билеттерін ресми сайттардан онлайн сатып алу кез келген жанға қол жетімді. Ол үшін www. bilet.railways.kz еgov mobile сайт қосымшасын пайдалану жеткілікті. Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның маркетингтік тобы Ақтөбе теміржол вокзалында жолаушыларға онлайн билет сатып алу жолын үйретті. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ және «Самұрық- Қазына» АҚ қолдауымен іске қосылған жобаның қолданыс аясы жоғары. Қазір жолаушылардың 60 пайызы сатылымның бұл түрін пайдаланып жүр. Теміржолшылар тарапынан интернет ресурсты пайдалану әрбір тұрғын үшін экономикалық жағынан тиімді екені халыққа түсіндірілуде.

«Негізгі мақсатымыз – теміржол билеттерінің интернет желісі арқылы сатылымын арттыру. Заманауи сандық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жолаушы кассада кезекке тұрып уақыт жоғалтпайды. Мұндай мүмкіндік беретін өзіміздің www.bilet.railways. kz еgov mobile қосымшамыз бар. Сонымен қатар, жолаушылар үшін онлайн билет алуға әртүрлі сайттар қолжетімді. Биыл теміржол билеттерінің 60%-дан астамы онлайн түрде сатылды, біз бұл көрсеткішті келер жылы бұдан да арттыруға тырысамыз және мүмкіндігінше жолаушылардың билеттерді онлайн сатып алуын қалаймыз. Бұл – уақыт пен ақшаны айтарлықтай үнемдейтін ең тиімді әдіс. Әсіресе, бүгінгідей елдегі эпидемиологиялық жағдай кезінде аса қолайлы болмақ», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның маркетингтік топ басшысы Айгүл Абуталипова.

Олар Ақтөбе вокзалында жолаушыларға онлайн билет алуды үйретіп қана қойған жоқ және билетті кері қайтару, күту парақшасын пайдалану жолдарын да көрсетті. Сонымен қатар, әлеуметтік статусы бар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де «цифр- лық құжаттар» бөлімінде онлайн билет алу мүмкіндігі жасалған. Сайтта өз деректерін толтырғаннан және дербес деректерді өңдеуге келісім бергеннен кейін билеттерді сату жүйесі мүгедектік мәртебесін алу үшін «цифрлық құжаттар» сервисіне сұрау салу жібереді. Деректерді тексеру кезінде жолаушының мәртебесі расталады. Бұдан әрі сату жүйесі төлем жүргізу және жол жүру құжатын ресімдеу үшін таңдалған орынға жеңілдікті қолдануға мүмкіндік береді.

«Облыс тұрғындарының басым бөлігі онлайн билет алуды таңдайды. Теміржол кассаларында тұрған жолаушылардың дені – үлкен кісілер. Тұрғындардың дені билет іздеу кезінде күту парақшасын пайдалануды меңгерген. Ондағы сұраныс арқылы қосымша вагон тіркеледі», – дейді Ақтөбе бөлімшесінің билеттерді сату бөлімінің басшысы Гүлшат Куканова.

Бүгінгі таңда өңірде 12 жұп жолаушылар пойызының қызметі ұйымдастырылған. №33-34, №23-24, №110-109, №692-691, № 613-614 пойыздары жүріп тұр. Бір күн бойы онлайн билет алудың жолын көрсеткен ақпараттық топтың жұмысына қала тұрғындары да риза.

«Билет алу үшін кассаға келген едім. Әп-сәтте телефонмен-ақ билет алып берді. Заманның дамығаны осы шығар. Қазір сервистік қызмет көрсетудің осылай қолжетімді болып дамығаны керемет», – дейді жолаушы Рахиля Рауан.
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды