Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мыңнан астам теміржолшыға сый-сияпат жасалмақ

Әлеумет
05.11.2021, 11:14
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ұлттық компания ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын ауқымды көлемде атап өтуді жоспарлап отыр. Мереке құрметіне мыңнан астам теміржолшы түрлі марапатқа ие болады. Сонымен қатар, марапат иелеріне төленетін өтемақы екі есеге өседі. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма басшысының орынбасары, қауіпсіздік жөніндегі департамент директоры Шәкенов Марат Арапбекұлы бастаған жұмыс тобының сапарында белгілі болды. Өңірлерді аралап жүрген жұмыс тобы мүшелері теміржолшыларды ашық байланысқа шақырды. Нұр-Сұлтан қаласынан Ақтөбе өңіріне келген ұлттық компанияның жұмыс тобының жергілікті теміржолшылармен кездесуінде компанияның жұмысшылар алдындағы жауапкершілігі сөз болды. Жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары, заңды мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз етілгені айтылды.

«Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау мақсатында біз үшін әрбір теміржолшының еңбек жағдайларының тиісті деңгейін қамтамасыз ету ең маңызды мәселе. Біз сол үшін алдарыңызға келіп отырмыз. Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдауға, шешуге және басшылыққа жеткізуге дайынбыз», – деді басшының орынбасары, қауіпсіздік жөніндегі департамент директоры Марат Шәкенов жергілікті теміржолшылармен кездесуде.

Басқосуда сала қызметкерлерінің құқын қорғау, еңбекақы төлеу және ұжымдық келісімшартпен бекітілген әлеуметтік төлемдер туралы кеңінен сөз болды.

«Бүгінде теміржолда жұмыссыз қалған адам жоқ. Құрылымдық өзгерістер мен оңтайландыруға байланысты қысқаруға ұшыраған теміржолшы басқа жұмысқа ауыстырылады, басқа мамандыққа оқытылады, ал арнайы бағдарламамен ерте зейнетке шыққандарға қосымша төлемақы төленеді. Ерте зейнетке шығудың жұмыс өтіліне әсер ететіні алдын ала түсіндірілуі қажет», – деген кәсіподақ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов ақтөбеліктерге ұялы телефон нөмірін беріп, әрдайым кері байланысқа дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, биылғы жылы екі рет он пайызға жалақы өскені теміржолшылар тарапынан оң бағаланып отырғаны, 2022 жылдың қаңтарында тағы да жалақыны көтеру мәселесі қаралып жатқаны айтылды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды