Әйтеке би станциясындағы 6 балалы теміржолшы баспаналы болды

Әлеумет
19.11.2021, 10:42
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Әйтеке би станциясында машинист көмекшісі болып еңбек етіп жүрген Талғат Өмірзақов баспаналы болды. Көпбалалы әке мемлекеттік бағдарламамен ұзақ жыл баспана кезегінде тұрған. Үш бөлмелі пәтер кілтіне ие болған алты балалы әкенің қуанышында шек жоқ. Теміржолшыға ауданда жаңадан бой көтерген үш бөлмелі төрт үйдің бірі тиді. «Балаларымның несібесі» деп қуанған әке мемлекет қамқор- лығына дән риза. Алты балалы әке баспаналы болуды ұзақ жыл армандағанын айтады.

«Көп жылдар бойы кезекте тұрдық. Бәрінен балаларымыз қуанып жатыр, соларға жағдай жасағаны үшін мемлекетке рахмет. Көпбалалы, мұқтаж отбасылар баспаналы болсыншы. Балалар қиындықты көрмей, қуанып өссін. Біздің тұңғышымыз 11 жаста, кенжеміз ертең 2-ге толады. Ұлымыздың туған күніне осындай сыйлық болайын деп тұр», – деді қуанышымен бөліскен Талғат Өмірзақов.

Теміржолшы 2006 жылы ауданға келген қандастары- мыздың бірі екен. Сол жылы теміржол саласына жұмысқа тұрып, табан аудармай еңбектеніп келеді. Слесарь болып бастап, түрлі курстарда оқып білімін жетілдірген. 2011 жылдан бері машинист көмекшісі болып істейді.

«Теміржол саласы маған таңсық емес. Әкем теміржолшы, кеңес үкіметі кезінде осы Әйтеке би станциясында еңбек еткен. Мен де осы саладан алыстамадым. Нанымды теміржолдан тауып жүрмін. Осы ауданға келіп үйленген едім. Шүкір, қазір алты баланың әкесімін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мұқтаж отбасыларға баспана беру бастамасы қатты қуантты. Әр шаңырақта той болсын!», – дейді теміржолшы жігіт.

Талғат Өмірзақов қазір машинистер курсында білім алып жүр. Мақсаты – осы кәсіптің «майын ішіп, жілігін шаққан» нағыз маманы болу.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды