Ақтөбедегі теміржол мұражайы: тарих пен тағылым ордасы

Әлеумет
29.11.2021, 09:41
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбедегі теміржол мұражайы – Батыс Қазақстан теміржолының тарихы ғана емес, корпоративті мәдениетінің көрсеткіші әрі имиджі іспеттес. Ондағы құнды жәдігерлер өткен ғасырдан сыр шертеді. Қазіргі таңда мұнда 380-нен аса құжаттар мен экспонаттар бар. Өткен ғасыр мен бүгінгі күннің арасын жалғап, жас ұрпақтың өз тамырынан ажырап қалмауына қыз- мет етіп тұрған мұражай тарих пен тағылым ордасы десек болғандай. Қазақ жеріне алғаш келген паровоз бөлшектері, теміржол құрылысына, жөндеу жұмыстарына пайдаланылған бұйымдар мұражайда қаз қалпында сақталған. Мұражай меңгерушісі Анар Жұбаева тарихи орталықтың ерекшеліктерімен таныстырып шықты. Біздің мұражайға қала тұрғындары да жиі келеді. Әсіресе, пойыздың шағын макеттері, станция қоңыраулары және ерте кездегі машинист киімдері көптің қызығушылығын туғызады. Қазақстанның бірінші Президентінің қолы тиген станция қоңырауы 2014 жылы Алтынсарин-Хромтау темір жол магистралінің ашылу салтанатында соғылған. Қоңырауда ескі дауыс сақталған», – дейді мұражай меңгерушісі. Мұражайда тек болат магистральдарға қатысты құжаттар ғана емес, ардагерлер мен озық жұмысшылар туралы материалдар да сақтаулы. Теміржолға қатысты ақпараттар мен фотоматериалдар, макеттер, сызбалар, диаграммалар мен карталар бар. Ұстап көруге болатын 160-тан аса жәдігер бар. Төрт залдан тұратын мұражайдың бірінші залынан тәуелсіздіктен кейінгі темір жолдың жаңа технологиялық даму жоолдарын көруге болады. Онда Қазақстанда баламасы жоқ Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, Шалқар-Тассай учаскесі және Алтынсарин-Хромтау теміржолының макеттері бар.

«Ақтөбе музейінің ерекшелігі, ескі теміржол бөлшектерінің түпнұсқасы сақталған. Кеңес дәуіріндегі қазақ теміржолының иісін сезуге болады. Және көлемі жағынан Қазақстандағы теміржол мұражайының алғашқы үштігінде тұр. Жалпы, 1984 жылы Қазақстанға теміржол батыстан кіргені белгілі. 130 шақырымдық Орал-Слобода жолы Қазақстан аумағына кірген алғашқы теміржол деп аталады», – дейді салалық мұражай тарихынан сыр шерткен маман.

Мұражайда тек батыста ғана емес, Қазақстандағы ең үлкен тораптық станция саналатын Қандыағаш станциясы туралы көп мәлімет алуға болады. Станция 1905 жылы іске қосылған. Ол кезде үш жолы бар шағын разъезд болған екен. Сонымен қатар, еңбек ерлеріне арналған стендтер де менмұндалап тұр. Теміржолшылардың революцияға және азамат соғысына қатысуы, темір жолды қалпына келтіру, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы теміржолшылар, соғыстан кейінгі бесжылдықтар, еңбек ерлері туралы жүздеген құжат бар. Ақтөбе вокзалының алғашқы нұсқасының макеті бір бұрыштан орын алған.

«Қазір кәсіподақ құрамына өткелі мұражай қызметкерлеріне көп көңіл бөлініп отыр. Өткен айда ғана республикалық семинарға қатысып, тәжірибе алмастық. Экскурсиялық іс-шараларды ұйымдастыру, тұрақты экспозициялар негізінде темір жол тарихын көрсету, еңбек даңқын насихаттау ерекшеліктері айтылды. Мұражай қызметкерлері кәсіптік бағыт берген семинардан ерекше әсермен қайттық», – дейді Анар Жұбаева.
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?