Теміржолда жарты ғасырдан астам уақыт еңбек еткен ардагер 80 жаста

Әлеумет
27.12.2021, 09:13
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Батыс Қазақстан теміржолшыларының ұстазы Бисенбай Майсутов 80 жаста. Отандық темір жолдың, оның ішінде тоғыз жолдың торабында жатқан батыс аймақтық магистральда өшпес қолтаңбасы қалған ардагер жарты ғасырдан астам өмірін осы салаға арнаған. Бисенбай Қонқақұлы Кеңес үкіметі тұсында-ақ "Құрметті теміржолшы" атанды. 1941 жылдың 23 желтоқсанында Шалқар қаласында өмірге келіп, Қандыағаш қаласында өсіп-жетіліп, ұзақ жыл Батыс аймақтағы вагон шаруашылығын басқарған азаматты аймақта танымайтын теміржолшы кемде-кем.

«1959 жылы мектеп бітіріп, Ташкенттегі теміржол институтына түсуге бардым. Ол кезде заман басқа еді. Практикалық тәжірибе болмаса оқуға алмайды. 18 жасқа толмаған тәжірибесіз жастарды кешкі оқуға қабылдап, Ташкенттегі тепловоз жөндейтін зауытқа апарды. Күндіз жұмыс істейміз, кешке оқимыз. Екі жылда алты цехтан өттім. Зауыттың ішінде жұмыспен толық танысып, үйреніп, дайын маман болып шықтық. Теориялық білім өз алдына. Үшінші курсқа келгенде күндізгі бөлімге ауыстым. Осылайша 1965 жылы институтты бітіріп, жолдамамен Шұбарқұдық локомотив депосына келдім», – деп еске алады ардагер өткен күнді.

Шұбарқұдық депосынан кейін еңбек жолы Қандыағаш депосында шебер болып жалғасады. 1967 жылы шаңырақ көтеріп, бір жылдан соң Алматыдан Гурьев бөлімшесіне жіберілсін деген бұйрық келіп, аға инженер болып ауысады.

«Онда сегіз ай жұмыс істеген соң Гурьев бөлімшесінің бастығы Сексенбаев Тәжбен Өмірзақұлы шақырып, Гурьев локомотив депосының басшысы қызметін ұсынды. Ол кезде бар болғаны 27 жастамын», – дейді ол.

Алғашында кәсібі вагон шаруашылығы екенін айтып бас тартқанмен келісуге тура келеді, басшылық білікті маман тапқан соң қайта ауыстыруға уәде береді. Айтқанындай, 1969 жылдың мамыр айында вагон депосының бас инженері болып ауысып, әрі қарайғы өмірі тек осы саламен байланысты өрбиді. 2012 жылы зейнетке шыққанша вагон шаруашылығының «отымен кіріп, күлімен шығып» дегендей, аянбай еңбек етеді. Құдайға шүкір, абыройлы болды, теміржолдағы талай тар жол, тайғақ кешуді бастан кешті, қаншама шәкірт тәрбиелеп өсірді. Ол рас. Батыс Қазақстан теміржолшыларының ұстазына айналған Құрметті теміржолшының шәкірттері көп-ақ екен. 80 жасқа толып отырған ұстаздарына құттықтау тілегін жолдап жатқандар қатарында Түсіпбек Қойшығұл, Құлахмет Төкешев, Сәкен Төлебаев, Аманбай Айтжанов сынды өз ісінің майталманы атанған теміржолшылар бар.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды