Теміржолшылар балаларының жазғы демалысы жалғасуда

Әлеумет
11.08.2025, 11:49
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тамыз – жаздың соңғы айы, мектеп оқушылары үшін 3 ай каникулдың аяқталуына да санаулы күн уақыт қалды. Алда мектепке қызу дайындыққа кірісетін күндер тұр. Десек те, Жамбыл теміржолшыларының төртінші маусымда демалып жатқан балалары үшін жаз қызығы жалғасуда.  

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі кадр бөлімінің маманы Қымбат Ақжолова берген мәліметке сүйенсек, теміржолшылардың балалары екі сауықтыру лагерінде демалып жатыр. Бірі – Көкше жеріндегі Бурабай демалыс аймағындағы балалар лагері болса, екіншісі – Жуалы ауданындағы тау бөктерінде орналасқан «Тау самалы» сауықтыру орталығы.

– Филиалға қарасты барлық бөлімшелер түгел қамтылды. Ең бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға басымдық берілді. Сарышаған, Түркісіб, Шу, Тараздағы құрылымдық мекемелер жұмысшыларының балалары Бурабайға барып демалды. Қаратау, Жаңатас, Тараз, Шудағы теміржолшылардың балаларына «Тау самалы» лагеріне жолдама берілді. Жалпы лагерьдегі демалыстың төрт маусымында 120-дан астам оқушы тартылды, – дейді Қымбат Амангелдіқызы.

Қай сауықтыру орталығына барса да, балалардың қауіпсіздігін қадағалайтын жетекші бекітіліп беріледі. Олардың жол шығыны мен қауіпсіздігінен бөлек, жол үстіндегі тамағы мен сусыны, т.т. бәрі шешілген.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды