25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Әлеуметке бетбұрыс жасалуда

Әлеумет
25.07.2018, 17:38
Семей теміржолы бойынша ағымдағы жылдың жартыжылдығы ішінде баса мән берілген әлеуметтік мәселенің бірі  жергілікті теміржолшылардың жалақыларын жоғарылату болатын. Бұл ретте өткен 6 ай ішінде бірқатар ілкімді шаралар жүзеге асырылды.   Жуырда бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың жетекшілігімен өткен басқосуда теміржолшы халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу, демалыс маусымын оңтайлы ұйымдастыру, материалдық көмек,  медициналық  қызмет қолжетімділігі, ауызсу мәселесі т.б. кеңінен сөз болды. Теміржолшы халықтың материалдық жағдайын жақсарту ең алдымен жалақыға байлагнысты екені сөзсіз. Ал жалақы көлемін жоғарылатуға бірінші кезекте өндірістің, сыртқы кірістің артуы себеп болатыны белгілі. – Биылғы жылдың ішінде екі мәрте жұмысшылар жалақысын көтеру – «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы тарапынан берілген басымдықты тапсырмалардың бірі. Бұл жоспарлы шара бойынша бөлімше тарапынан межелі жұмыстар жүргізілді. Әуелгі кезекте облыстық және қалалық әкімдіктермен, кен өндіруші іргелі компаниялармен келелі келіссөздер жүргізілуде. Бұдан өзге аталмыш мақсатқа қол жеткізуге өңірдегі көмір тасымалының артуы да оң ықпал етуде. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын жеткізуге молынан тапсырыс беруші клиенттермен жүйелі жұмыс жасалды. Нәтиже айтарлықтай жоғары, – дейді бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев. Жалпы, қазіргі таңда ұлттық компания басшысының тапсырмасы аясында әлеуметтік мәселелерге жіті көңіл бөлінуде. Бөлімшенің кадр бөлімі басшылары мен кәсіподақ ұйымдары да осы бағытта жанды жұмыс жүргізуде. Ал, желі бойындағы теміржолшылардың әлеуметтік ахуалына қанығу, жалақы, төлемақы, т.б. туралы сауалдарын тыңдау һәм түсінік беру мақсатында бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы бірқатар қызмет басшыларын, кадр, заңгер сынды мамандармен бірге шалғай станцияларда болып кездесулер өткізген болатын.   Қуаныш Қожаев, Семей
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді