Сапарлау - жоспарлаудан басталады

Әлеумет
13.02.2019, 14:57

Қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы» АҚ алыс-жақын шет мемлекеттерді қоспағанда, тек ел ішінде шамамен 50-ге тарта бағытта жолаушы пойыздарын жасақтап жүргізіп келеді. Соның ішінде 20 пайызды коммерциялық бағыттар құрайды.   

Қазақстанның о шеті мен бұ шетіне жолаушылап қыдырып, жаз айларында бала-шағаларымен еңбек демалысына аттанатындар, топ-топ болып той тойлап, ағайын аралап, одан қалды садақа мен асқа қысы-жазы шұбырып жататын қазақтай халық кемде-кем. Оған қыс пен жаз сессияларын аяқтап, ауылдарына сабылатын студенттерді қосыңыз. Қысқасы, жолаушы жеткілікті. Олардың дені бұқаралық көлік – теміржолға иек артады.

Тасжолдағы тәуекелдерді назарға алғанда, бүгінгідей күнде қар, күнде боран соғып жатқан қыстың көзі қырауда теміржол көлігіне деген сұраныс арта түсері анық. Осындайда пойызға билет іздеп, касса жағалағандар қатары екі есе артып кететіні рас. Арзан пойыздарға билет күнібұрын тез өтіп кетеді, ал қымбат бағалы жүрдек пойыздарға билет алуды екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Сондайда тамыр-таныстың көмегіне жүгініп, буынсыз жерге пышақ ұрып, жолсеріктерді де, өздерін де ыңғайсыз жағдайда қалдырып жататындар аз емес. "Жолаушылар тасымалы" АҚ инспекторлары өткен жылдың 9 айында 7125 пойызды тексеріп, 448 билетсіз жолаушы, 38,1 тонна рәсімделмеген жүк және жүкбагажын анықтады. Билетсіз жолаушыларды тасымалдаған жолаушыларды жауапкершілікке тарту үшін 209 акті жасалып, 131 адам әкімшіліктік жауапкершілікке тартылды.

Әрине кез келген жолаушы арзан да жайлы орындарға ие болуды қалайды. Бірақ компания билет бағасын өзі белгілемейтінін де каперге алған жөн. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті темір жол тасымалы тарифін орынсыз көтеруге ешқашан жол бермейді. Оның үстіне жолаушылар тасымалы шығынды саналатындықтан, бұл мәселе барлық тараппен келісіле отырып, бюджет есебінен субсидиялау негізінде өз шешімін табады. 2018 жылдың 11 қыркүйегінен «Жолаушылар тасымалы» АҚ еліміз ішіндегі барлық бағыттарға динамикалық тарифтік басқару бағдарламасы бойынша бағаларды реттеудің икемді жүйесін енгізді. Аталған жүйе билеттерді алдын ала жеңілдетілген бағамен сатып алудың ең тиімді тетігі және әлемдік тәжірибеден алынған ұтымды шешім болып табылады.

Ал енді билет бағасы қалай белгіленеді деген сұраққа жауап бере кетсек. Автоматтандырылған жүйе белгілі бағыттарға, нақты бір даталарға жолаушы ағыны мен сұранысты саралай келіп, өткен жылдардың деректерін пайдалана отырып, билет бағасын белгілеуге ұсыныс береді. Басты ескере кететін жәйт, әлі сатыла қоймаған билеттер бағасы олардың санына байланысты on-line режимде өзгереді. Сұраныс көп, ал билеттер саны аз болған жағдайда билеттерге баға да өсе түседі. Бағаны реттеудің икемді жүйесі клиенттер ниеттестігі бағдарламасын енгізу шеңберінде атаулы жеңілдікті беру арқылы жастар мен егде жастағы адамдар үшін жеңілдіктер жүйесін енгізуге мүмкіндік берді. Қазір әлемдегі барлық елдің жерүсті және әуе тасымалдаушылары осындай бағаларды реттеудің икемді жүйесін қолданып келеді. Жеңілдік көлемі бос орындар саны мен пойыздың жүруіне қанша күн қалғанына байланысты белгіленеді. Пойыздың жүрер күні жақындаған сайын және бос орындардың азая түсуімен билет бағасы да өсе береді. Дей тұрғанмен, билет құнының қымбаттауы оның 25% көлемінен аспайды. Ел ішіне сапарлауды жоспарлаған кезде билеттерді (билеттер сатылымға 45 тәулік қалғанда шығарылады) 25% жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік бар. Ал 2019 жылдың 11 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында «Тұлпар-Тальго» пойыздарына билеттер тіпті 55% дейінгі жеңілдікпен сатылатынын қаперге сала кетейік. Заңнамаға сәйкес коммерциялық бағыттарға баға тасымалдаушылар тарапынан белгіленеді. Баға сұранысқа орай 35% дейін баруы мүмкін. Бұл жерде жолаушы ағыны мен бағыттың сұранысы да есепке алынады. Коммерциялық пойыздарға билеттер сатудан түскен қаржы ішкі қажеттіліктерге: компанияны дамытуға, процестерді автоматтандыруға, вагондар паркін жаңартуға және жолаушылар үшін сервисті жақсартуға жұмсалады.

Бүгінгі таңда билеттердің 66% интернет арқылы сатылса, 2020 жылға қарай оның деңгейін 90% жеткізу көзделіп отыр. Бұл ретте жедел қызмет көрсету және өте ыңғайлы ету бағытында bilet.railways.kz сайты билеттер сатып алу үшін айтарлықтай жетілдірілді. Демек, сапарыңызды күнібұрын жоспарлап, билетке де ертерек тапсырыс берсеңіз ұтарыңыз көп.

Асқар Исақов, Астана 


Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады